Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет11/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76
ДАЛА, СЕНІҢ ҰЛЫҢМЫН
1
Бірінші бөлім
(Өлең. Басы. Ықшамдалған)
Жастықтың оты жалындап, 
Жас жүректе жанған шақ...
Абай
Туған дала, 
Талайлардың от қанын
Лапылдатты тентек күйің,
Текті әнің.
Сөз сөйлесем –
Сенсің биік тұғырым!..
Сенсің менің абыройым, мақтаным!..
Тоймен емес,
Ауыр оймен ақты күн.
Дабыл қақсам, 
Ауыр ойсыз арман жолын тапты кім?
Сенсің – асқақ ұраным!..
Сенсің – менің қасіретім,
Шаттығым!..
Даналық бар,
Даралық бар затында
Болатын тек батырларда,
Ақында!
Өлең жазсам –
Сенсің өмірбаяным!..
Сенсің менің фамилиям,
Атым да!..
* * *
Тебірендім,
Теңізімді сапырдым;
Теңеу іздеп,
1
Әбдіраш Ж. Құлпытас. – Алматы: Мер-Press, 2017, 219–234-беттер. 


42
Талай таңды атырдым.
Сезімімді сыйғызарлық сөз таппай,
Тек ішімнен тынып келе жатырмын.
Бейнетім бе,
Басымдағы бағым ба,
Сен дегенде –
Жанымды орап жалынға,
Бұлқынатын бостандыққа шыға алмай,
Бір асау күш бар, әйтеуір, қанымда... 
* * *
Туған дала,
Тыным алмас жастамын,
Тер төгуден,
Өртенуден қашпадым!..
Шаршағанда шалғыныңды жастанып,
Шалқаласам,
Шаңырағым – аспаның!
Анау алыс,
Мынау жақын демеген,
Ақынмын ғой,
Көкірегімді өр өлең
Кернегенде кең дүниеге дүбірлі
Көз жіберсем, 
Көкжиегің – керегем! 
Мезгілім аз меймандардан босаған!
Батысың – бір,
Шығысың – бір босағам!
Сені маған жаным анам – табиғат
О бастан-ақ отау қылып жасаған!
* * *
Табынатын Тәңірім деп,
Ием деп,


43
Бірге тоңам,
Отқа бірге күйем деп
Ойлаушы едім...
Туған дала,
Мен сені,
Мен сені шын,
Мен сені шын сүйем деп.
Ойлау менен сезінуді
Жұрт бірден
Айырмады-ау...
Айырмаппын түк мүлдем!
Сені,
Сені...
Шын сүюдің не екенін
Бір гүліңе ғашық болып,
Ұқтым мен!..
* * *
Туған дала, 
Менсіз талай қамалдар
Алыныпты!..
Сенің арың –
Маған да ар.
Кешір мені, 
Кеш келіппін өмірге!
Кеш туыппын!
Кеш қалыппын!
Не амал бар?
Бұл күндерде мәлім бүкіл елге аты
Менен батыр шығар ма еді,
Өр заты?!...
Портретім қақ төрінде әр үйдің
Тұрар ма еді?!
Бас иетін бар игің:


44
Болған жоқпын ең алғашқы комсомол,
Болған жоқпын замандасы Ғанидың!..
Білер де едің:
Езбін де бір,
Ермін бе!..
Тігер ме едім байрағыңды Берлинге –
Болған жоқпын қан майданда кешегі,
Болған жоқпын Қошқарбаевпен бірге! 
Саған уақыт сәл қиындық жолдаса –
Қағаберіс қалмаспын мен
Енді аса!..
Бірақ мені кешірме сен,
Өмірде 
Өлең қылар өз ерлігім болмаса!..
* * *
Туған дала,
Жаным сенен от алды,
Сен деп білем:
Анам,
Әкем, атамды.
Екеу болып аттанбақпын ертеңге,
Батаңды бер,
Батаңды бер,
Батаңды!..
Келдім бүгін,
Келдім саған қол жайып,
Әбес санап,
Мұңымды, әсте, көрме айып.
Жалын атқан жүрегімнің дүрсілін,
Жалғыз ұл ғып асыраған жандай ұқ! 
Келем әлі,
Әлі саған көп келем,


45
Әнім қанша,
Күйім қанша шертпеген?!
Өзің жаққа өлең болып ұшамын,
Шын қуанған,
Шын қайғырған сәтте мен...
Қаным сенен,
Жаным сенен от алды.
Сен деп білем,
Анам,
Әкем,
Атамды!..
Мен бақытты боларыма сенбеймін –
Ең алдымен, сен бермесең батаңды!
* * *
...Дертің бар ма –
Дос-дұшпаның ұқпаған?
Өртің бар ма –
Өлең болып шықпаған?..
Көкжиектен оянғанда әр күнім,
Ұғу үшін,
Сезу үшін барлығын,
Туған дала,
Тұғырлы тау,
Ақ айдын,
Мен өзіңнің қабағыңа қараймын! 
* * *
Туған дала,
Саған деген сезімім
Сан кеудеге сіңіреді өз үнін.
Архивтерден атып тұрып
Сөз алған


46
Арманыңмын –
Кешегіңнің көзімін...
Жанарымда 
Желбіретіп туларды,
Артта қанша асу қалды,
Ну қалды...
Салтанатты мейрамдарда,
Саптағы
Сеніміңмін –
Бүгініңмін думанды!..
Әнге қосып,
Әспеттейтін бар әлем
Әке болдым,
Бақыт күткен балаң ем.
Аулаларда асыр салған
Алаңсыз
Үмітіңмін –
Ертеңіңмін және мен!..
* * *
Туған дала,
Тынысымды кең алып,
Көңілімнен көп іздедім даналық...
Мүмкін емес –
Менің тексіз болуым,
Ұлы Абайды туған болсаң сен анық!
Қиынға сал,
Қалтқысыз сене гөр,
Намыс үшін найзаласып өледі ер.
Мүмкін емес –
Менің отсыз болуым,
Махамбетті туған болсаң сен егер! 
Араласпай даңғазаға,
Шуларға,


47
Кірем барып күңіренген нуларға!..
Мүмкін емес –
Менің тайыз болуым,
Терең Мұхтар мына сенен туғанда!
Алға апарар жолдар барда,
Жүк барда,
Борышымнан бір сәтке де құтқарма!
Мүмкін емес –
Менің төмен болуым
Биік Шоқан мына сенен шыққанда!..
Мен ұлыңмын!
Буырқанып бойда ағын,
Талай мәрте бақытымды тойладым.
Мықты ағаның немересі – балам да
Осал бола қоймас деген ойдамын!..
* * *
Құйын кезде –
Желің болып жүгірдім.
Қиын кезде –
Белің болып бүгілдім.
Туған дала,
Ұлың емес тек қана –
Қабақ шытпас 
Құлақкесті құлыңмын!..
Маған қонар –
Саған бақыт қонса кеп,
Менен алар –
Сенен біреу алса көп...
Ұлым менің,
Құлың емес тек қана –
Қиялдаймын
Қожайының болса деп!..


48
* * *
Туған дала,
Тілеулес дос та көп-тін!
Қас та көп-тін!..
Танытпай асқақ екпін,
Жуас тірлік жабысын жайдақ мініп,
Жиырма жеті дейтұғын жасқа кеппін!..
Дейтін едім:
«Таң болып талай атам!
Сонда маған сүйсінбес қалай Отан?»
Анамсың ғой,
Сен мені кешірерсің-ау,
Кешер ме екен бірақ та Абай атам!..
* * *
Туған дала,
Ойы бар,
Оты бар жан 
Ерендікті,
Елдікті етіп арман
Өтеді-ау тек...
Ертеде ер ұлдарың
Өзі шыққан өлкенің атын алған!..
Білгің келсе,
Тарихқа қарап игер:
Болғанмен бөлек ән,
Дара күйлер,
Сырдың бойын әлемге әйгілепті.
Сығанақи, 
Жауһари,
Фарабилер!..
Айыптамас айтты деп кіл дана сын:
Заман басқа,


49
Басқаша жырланасың!..
Сен мен үшін
Сыр да емес,
Қыр да емессің...
Сен мен үшін –
Бір өлке,
Бір Даласың!..
* * *
Туған дала,
Көп елдің көрдім көгін,
Мен басқамын,
Алыппын,
Зормын дедім!..
Сенбегенге,
Кебіме көнбегенге
Бұлтартпайтын дәлелім болдың менің!
Сезінемін:
Жанғаның,
Сөнгенің кім?..
Атын атап солардың –
Ерлеріңнің,
Ақталасың,
Мен құсап мақтанасың
Ата тарих алдында сен де бір күн. 
Сынайды әркім,
Өзінше сынайды әлін, ортаға сап іргелі іс,
Ұлы ойларын...
Мол бақытқа иемін,
Сол уақытта
Бола алсам мен бұлтартпас бір айғағың.
* * *
Туған дала,
Тауысып тағатымды


50
Өтіп жатқан күнімді,
Сағатымды
Санаймын да,
Сабылып іздеймін бір
Көңілде бар,
Өмірде жоқ ақынды...
Жүрген болар сезімге шайқатылмай,
Жүрген болар әзірге байқатылмай...
Бір ақыны қазақтың айта алмаған
Бір шындықты сол ғана айтатындай!..
* * *
Туған дала,
Атыңның,
Атағыңның
Аспандатар тұғырын қатарым мың!..
Сәніңмін мен!
Серіңмін!
Сеніміңмін!
Арыңмын мен!
Ақынмын!
Ақыныңмын!..
Еңселі тау,
Ен жазық, 
Құба белің
Тілегімді тілеуде мына менің!..
Жырым – пірім!
Қанатым!
Шалқұйрығым!
Тайбурылым!
Жо-жо-жоқ...
Құлагерім!
Жылдар зулап,
Ұшқанда аттандап-ай,


51
Алға шықпай,
Арындап,
Қапталдамай,
Қалып қойса –
Аман не?
Тек, әйтеуір,
Батыраштар қолынан мерт болмағай!
* * *
Туған дала,
Алшақ бел,
Алыс мекен
Шақырғанда – билейді намыс бөтен...
Міңгірлеген дауыссыз дыбыстарды
Күмбірлеген (амалсыз) дауысты етем!
Болмысыңды ұқтырар бар әлемге
Жүрегімнен іздеймін жаңа көмбе!..
Ақ өлеңнің телимін асқақтығын
Қайғыруға жаралған қара өлеңге!
Дегізеді: «О бастан текті ел, міне!»
Баяндаймын бірауық өткенді де!..
Күтінемін састырар сұрақтарға,
Бітіремін (қалай да) леп белгіге!
Қалдырмастан қатемді қағар шотқа,
Қақысы жоқ арымның салар сотқа.
Осы шақтан келемін мен өйткені
Мен өйткені сенемін келер шаққа!
(Жалғасы бар)
СӨЗДІК


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет