Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Бақи (араб) – өмірлік, мәңгі. Фәни



Pdf көрінісі
бет12/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76
Бақи
(араб)
– өмірлік, мәңгі.
Фәни
(араб)
тұрағы жоқ, жалған, баянсыз, алдамшы.


52
Әдебиет теориясы 
Лирикалық кейіпкер 
– лирикалық шығармада, негізінен алғанда, 
жеке адамның көңіл күйі, сезімі суреттеледі. Ақын көбінесе өз жа-
йын, өзінің айналасындағы өмірге, әртүрлі құбылыстар мен жағдай-
ларға көзқарасын білдіре сипаттайды. Ал нағыз лирикалық туынды-
ларда жеке адамның жан дүниесін, толғанысын,тағдырын бейнелеп, 
сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді.
Пафос 

 
зор шабыт, кеудені кернеген мақтаныш.
Поэма
– белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын 
эпикалық немесе лирикалық үлгіде поэзия арқылы сипаттайтын 
жанр. Поэма көбіне сюжетке құрылады, оқиға кейіпкерлердің тар-
тысқа толы өмірін жеткізеді, өмірді суреттейді. Ақындар кейде ше-
берлікпен сюжетсіз де поэмалар жаза алады. Мұндай жағдайда айтар 
ой адамзаттық құндылық ауқымында суреттеледі. Солайша ақын ай-
тар ойының күрделілігі танылады. 
Символ 
(грек. symbolon – шартты белгі)
– әдебиетте ойды астар-
лап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар 
балама бейне.
Ұйқас 
–өлең-жырлардың жолындағы соңында бірнеше буынның 
келесі тармақтағы сәйкес буындармен үйлесуі. Сөздің ырғағын кү-
шейтуге, өлеңнің әуезділігін арттыруға әсер етеді. 
Қазақ поэзиясында көп кездесетін ұйқас түрлері: егіз ұйқас (аа), 
шалыс ұйқас, кейде оны кезекті ұйқас деп те атайды (абаб), т.б. 
Эпиграмма
(грек. epiqramma – қолтаңба)
белгілі бір адамды
затты болмыс, құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық 
поэзияның жанрлық бір түрі. 
Эпиграмма – қысқа жазуды, белгілі бір ойды емеурінмен, тұспал-
мен жеткізудің құралы. 
Эпитафия 
(грек. epitaphios – қабір үстіндегі)
құлпытасқа жа-
зылған жазу және дүниеден өткен адамға шығарылған жоқтау. 
1. Жарасқан Әбдірашевтің балаларға арналған қандай өлеңдерін білесіңдер? 
2. Туған дала, туған ел туралы пафоспен жырланған шығармаларды 
оқыдыңдар ма? Олардың қайсысы естеріңде қалды? 
3. Жарасқан Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңінде сюжет бар 
ма? 


53
1. Лирикалық кейіпкер деген кім? 
2. 
Құйын кезде –
Желің болып жүгірдім.
Қиын кезде – 
Белің болып бүгілдім. 
Туған дала –
Ұлың емес тек қана
Қабақ шытпас – 
Құлақкесті құлыңмын,
– 
деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер? Талқылаңдар.
1. Хрестоматиядан Жарасқан Әбдірашевтің «Құлпытас» жинағындағы
алаш қайраткерлеріне арнаған эпитафиялары мен «Соғыстан соң ту-
ғандар» атты өлеңін оқыңдар.
2. Ақынның көркем тіліне мән беріп, бейнелі сөздерді теріп жазыңдар. 
3. Тәуелсіз Қазақстанның жастары ретінде елімізді қалай танытар едің-
дер? Тақырыптық презентациялар ұйымдастырыңдар. 
4. Кестені толтырыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет