228
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Дұрыс!.. Қошқарбай дұрыс айтады!.. Құдайақы
деп айтайын, осылардың түк билеті жоқ!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Әрине, жоқ. Мына проводнигі бар – бұлардың бәрі
шәйкі!.. Мафия!.. Үкіметтің
ақшасын жеп, әбден құтыруға айналған!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Қане, көрсетіңіздер билеттеріңізді. Жолдас про-
водник, көрсетіңіз мыналардың билетін!..
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Кешіріп қойыңыз – мен билетті сіздерге неге
көрсетуім керек? Сіз не, ревизорсыз ба, комиссиясыз ба?..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ
(ышқынып).
Әй-әй, қалқам!.. Қалқам!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Жолдас проводник!
Мен сізге тағы да қайталап
айтамын – көрсетіңіз мыналардың билетін... Көрсетіңіз деймін, қане!..
(Жолсерік келіншекке төне түседі).
ЖОЛСЕРІК
КЕЛІНШЕК
(қайтпай).
Ха-ха... Не? Билет керек пе?..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Мэлис Әлібаевич, ойбай, мынау қайтеді-ей?
ҚОШҚАРБАЙ. Иә-иә. Мынау долы ғой!..
Нағыз көкайылдың өзі ғой
мынау!
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Әй-әй, өйтіп адамға тіл тигізбеңдер! Проводниктікі
дұрыс!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Сендерді ит қосып қуу керек.
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Бәсе десейші!.. Біреуді билет алған заңды орнынан
қумақшы!..
Пойыздың бастығы келеді.
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Бұл не? Неғылған шу бұл?
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Үйбай, інім-ау, жақсы келдің ғой... Мына біреулер
ішіп алып, бәрімізді қырайын деп жатыр...
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Иә-иә, сондай... пышақтарын жалаңдатып...
(Зорлық көрген адамдай зарлап жылай бастады).
...Хулиганы!...
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. О, тоба!.. О, Жаратқан!.. Қарашы, қандай залым, ә!
Қандай залым?!
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Сіздер кімсіздер?!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Біз осы пойыздың жолаушыларымыз!
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Жолаушы болсаңдар – билет, қане? Билетті
көрсетіңдер!..
ҚОШҚАРБАЙ. Жоқ! Алдымен сендер көрсетіңдер!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ
(түсінбей).
Не?
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Сендер... алдымен сендер көрсетіңдер билетті!..
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Әне-әне,
көрдіңдер ғой, естері дұрыс емес!..
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК
(одан сайын ышқынып).
...Хулиганы!..
229
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Қане, алға түсіңдер!.. Жүріңдер
былай қа-
рай!.. Мен сендерге көрсетейін билет тексерудің қалай болатынын! Шагом
марш!
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Дұрыс!.. Дұрыс, інім... бұларды сөйтіп құрту керек!
МЭЛИС
ӘЛІБАЕВИЧ
(даусын барынша ызғарлы шығаруға тырысып).
Тиш-ш! Тынышталыңдар! Бәрің де тынышталыңдар!..
(Саудагер әйелге қа-
рап).
Сіздер кімге жақтасып тұрсыздар? Кімнің сөзін сөйлеп тұрсыздар?
Сіздер қарапайым жолаушысыздар!..
(Пойыздың бастығын көрсетіп).
Ал
мыналар кімдер? Бұлар кімнің үстінен күн көріп жүр? Кімнің қанын со-
рып, ақысын жеп жүр?! Қайран, халқым-ай!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ
(кенет айқайлап жіберіп).
А-а, таныдым!..
Енді есіме түсті!.. Бұл кісі былтыр біздің ауылға депутат болам деп келген.
Осы сөздерін тура сонда айтқан!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ
(бұрынғыдан бетер айбаттанып).
Иә-иә, айт-
қам!.. Мен мұны талай жерде айтқам... Және болашақта да талай айта
беретін болам!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Ха-ха! Ол сөзің саған, бәрібір, жәрдемдесе ал-
ған жоқ!.. Біздің ауыл сені тырапай асырған болатын!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Өйткені сенің ауылың рушыл ауыл! ...Өз руынан
басқадан депутат сайламайды!..
Бірақ мен, бәрібір... бәрібір!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ
Достарыңызбен бөлісу: