Р. К. Букейханова Н. С. Саньярова профеССиоНальНый Русский языК



Pdf көрінісі
бет120/180
Дата20.11.2022
өлшемі1,38 Mb.
#51293
түріУчебник
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   180
упражнение 148. Переведите текст и укажите, к каким 
типам перевода вы прибегли. Какой перевод – с русского на ка-
захский или с казахского на русский – вам легче осуществить и 
почему? 
Басқару жұмыстарын автоматтандыру – халық шаруа-
шылығының әртүрлі өндірістік салаларын басқаруда математи-
калық әдістерді, автоматтық құрылғылар мен есептеу техникасы 
құралдарын пайдалану.


Өндірісті комплексті түрде автоматтандыру, өнеркәсіп көле-
мі мен өндіріс қарқынының артуы және халық шаруашылығы-
ның әр түрлі салалары арасындағы өндірістік байланыстар-
дың күрделенуі экономикалық мәліметтер мен статистикалық 
мәліметтер жинау және оларды өңдеу процестерін, құжаттама 
түрлерін есепке алып, таратып отыру, жоспарлау және басқару 
міндеттерін шешу ісінде автоматтандыру қажеттігін туғызды. 
Басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылыми негізі ха-
лық шаруа шылығын басқарудың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, 
басқарудың оңтайлы жүйесін синтездеу әдісін зерттейтін және 
экономикалық мақсаттарға математикалық әдістерді пайдала-
ну мәселелерімен шұғылданатын экономикалық кибернетика. 
Оның басты проблемасы – халық шаруашылығымен оның жеке 
салаларын басқаруды автоматтандырудың біртұтас жүйесін-
де адам мен кибернетикалық машиналардың өзара әрекетінің 
әдіснамалық және принциптік мәселелерін шешу. 
Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізгі үш жүйе-
сі бар: 
– басқарудың жалпы мемлекет территориялық органдарын 
(Мемлекеттік жоспарлау комитеті, Орталық статистика басқар-
масы, сауда, ауыл шаруашылық, әкімшілік органдары) қамти-
тын автоматтандырылған мемлекеттік жүйе;
– өнеркәсіптің жеке салаларын қамтитын автоматтандырыл-
ған салалық жүйе;
– жақын орналасқан бірнеше кәсіпорындарда экономика-
лық мәліметтерді өңдейтін және олардың жұмысын жоспарлау, 
басқару міндеттерін шешетін автоматтандырылған жүйе.
(Басқару жұмыстарын автоматтандыру // Сайт 
«Уикипедия». kk.wikipedia.org/wiki/Басқару_...). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет