Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


Гиперактивті мінез – құлқынынбелгілері мен портреті



бет54/102
Дата27.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#128796
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102
Байланысты:
treatise177628

Гиперактивті мінез – құлқынынбелгілері мен портреті
Шувалов А., Постникова Ю. осы авторлар оқушының гиперактивті мінез-құлқынның келесі белгілерін анықтайды:

  1. Қозғалыс белсенділігі осы жағдайда ойлағаннан де жоғары болып табыладыжәне сол жастағы және интеллектті жетілуі бір деңгейдегі басқа балалармен салыстырғандаөте жоғары болып табылады;

2) бірнеше жағдайда кездеседі (тек мектепте ғана емес, үйде, көшеде, ауруханада және т.б.)
3) қызығушылылықтарға үстірт қараумен, іс-әрекеттің аяқасты орын алуымен ерекшеленеді. Олар көбінесе өзімшіл, демонстративті және талапшыл, бұл үнемі қақтығыстарға және агрессивтіліктің дамуына әкеледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) АХЖ-10 классификациясы бойынша «гиперкинетикалық бұзылыстың» диагностикалық өлшемдері келесі түрде көрініс табады:
• мектеп бағдарламасында, жұмыста немесе басқа да қызметте елеусіз қателіктер жіберу немесе бөлшектерді мұқият қадағалауға қабілетсіздіктін жиі көрініс табуы ;
• көбінесе тапсырмаларға немесе ойын әрекеттеріне көңіл аударылынбайды;
• баланың өзіне айтылғанды тыңдамайтындығы жиі байқалады;
• бала көбінесе нұсқаулықтармен жүре алмайды немесе мектептегі жұмысты, күнделікті іс-әрекеттерді және жұмыс орнындағы міндеттерді орындай алмайды; (оппозициялы мінез-құлқынан немесе нұсқаулықты түсінбеуінен емес);
• тапсырмалар мен іс-әрекеттерді ұйымдастыру жиі бұзылады;
• үнемі ақыл-ой еңбегін қажет ететін үй жұмысы сияқты тапсырмалардан қашады немесе ұнатпайды;
• белгілі бір тапсырмаларды немесе іс-әрекеттерді орындау үшін қажет заттарды, мысалы: мектеп заттарын, қарындаштарды, кітаптарды, ойыншықтарды немесе құралдарды жиі жоғалтады;
• жиі сыртқы стимулдарға оңай алаңдайды;
• күнделікті қайталанатын іс-әрекеттер барысын жиі ұмытады;
Зерттеуші А.Цветков келесі белгілерді сипаттайды және диагнозды анықтауда кемінде алты белгі қажет деп санайды:
• жиі қолдарын немесе аяқтарын қозғалтып немесе бір орнында тұра алмайды;
• сыныптағы орнын немесе ол отыруға қажетті басқа жерден кетіп қалады;
• жиі орынсыз мезетте жүгіре бастайды немесе өрмелей бастайды (жасөспірімде немесе ересек жаста, мазасыздық сезімі ғана орын алуы мүмкін);
• ойындарда орынсыз шулы немесе демалысты тыныштықта өткізу кезінде қиындықтар сезінеді;
• әлеуметтік жағдайлар мен талаптар айтарлықтай әсер етпейтін қозғалыс белсенділігінің берік мінезі анықталады ;
• сұрақтар аяқталғанға дейін жиі жауабын айтып қояды;
• жиі кезекте тұра алмайды, ойындардағы немесе топтық жағдайдағы өзінің кезегі келгенше күте алмайды;
• көбінесе басқаларға кедергі келтіреді немесе орынсыз килігеді (мысалы, басқалардың әңгімесіне немесе ойындарына);
• әлеуметтік шектеулерге көп сөйлеп орынсыз жауап қайырады (9-бет).
Зерттеуші О.И. Политика, гиперактивті баланың интеллектуалды әрекетінің ерекшелігі циклділіктен тұрады деп жазады: ерікті өнімді жұмыс 5-15 минуттан аспайды, содан кейін балалар ақыл-ой белсенділігін бақылауды жоғалтады, содан кейін 3-7 минуттан кейін ми келесі жұмыс циклі үшін қуат пен күш жинайды. Бала неғұрлым ұзақ жұмыс істесе, толық энергияның сарқылу басталғанға дейін ,өнімділік кезеңдері қысқарады және демалыс уақыты соғұрлым ұзарады . Сол кезде ақыл-ой қабілеттілігін қалпына келтіру үшін ұйқы қажет. Мидың «демалу» кезеңінде бала келіп жатқан ақпаратты түсінуді, зерделеу және өңдеуді тоқтатады. Ол ақпарат еш жерде сақталмайды және қалып қоймайды, сондықтан бала сол кезде не істегенін ұмытып қалады, іс-әрекетінде қандай-да бір үзілістер болғанын байқамайды.
Теоретиктер, Кошелков Д.А., Семенова О.А. гиперактивті балалардың мінез-құлқының еркін реттелуі балалардың мінез-құлық ұстанымын жасауда қиындықтарға тап болуымен, іс-әрекеттердің нұсқаулары мен алгоритмдерін нашар меңгерумен, алдыңғы әрекеттердің импульсивті жауабының (жалықтырғыш қайталанулармен) көбеюімен, олардың іс -әрекеті қосымша кері әсерлерге тұрақсыздығымен сипатталады деп тұжырымдайды.
Импульсивтілік тапсырманы қате орындағаннан (бәрін дұрыс жасауға тырысуға қарамастан), сөйлеудегі, қылық және іс-қимылдағы (мысалы, кезек күте алмау) кідіруде, жеңіле алмауда, шамадан тыс табандылықпен өз мүдделерін қорғау (ересек адамның талабына қарамастан) түрінде көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет