Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет67/102
Дата27.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#128796
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102
Байланысты:
treatise177628

АТА-АНАҒА КЕҢЕС



  • Балаңызға ешқашан ол басқалардай емес деген кемсітушілік аяушылық танытпаңыз.

  • Балаңызға өзіңіздің махаббатыңыз бен көңіліңізді бөліңіз, бірақ басқа да отбасы мүшелері бар екенін ұмыспаңыз, оларға да Сіздің жылылығыңыз қажет.

  • Балаңыздың жағымды жақтарын сақтауда ештеңеге қарамаңыз.

  • Үй тұрмысында әр отбасы мүшесі өзінің жеке өмірін «құрбан» санамайтындай ұйымдастырыңыз.

  • Балаға міндет пен келелі мәселені шешуге тосқауыл қоймай, барлық шаруаны баламен бірігіп шешіңіз.

  • Балаға өз бетімен іс-әрекетке шешім қабылдай беруге мүмкіндік беріңіз.

  • Өзіңіздің сыртқы келбетіңіз бен тәртібіңізді қадағалаңыз.

  • Балаңыз Сізді мақтан тұтатындай болсын.

  • Балаңыздың кейбір талабы шектен тыс деп есептесеңіз, одан бас тартудан қорықпаңыз.

  • Теледидар мен радио Сіздің орныңызды баса алмайды, сондықтан баламен өзіңіздің әңгімелескеніңіз жөн.

  • Баланың өз қатар-құрбысымен араласуына шек қоймаңыз.

  • Педагог, психолог кеңестеріне жиі көңіл бөліңіз.

  • Педагогикалық әдебиеттермен қоса көркем әдебиеттерді де жиі оқыңыз.

  • Балалы жанұялармен көбірек араласып, тәжірибе алмасыңыз.

  • Балаңыздың есейіп, жанұялы болатынын да есте сақтап, оларды болашақ жанұялық өмірге дайындап, әңгімелесіңіз.


9-тарау.ӘЛЕУМЕТТІК ФОБИЯСЫ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС


«Өткен ғасырларда үрей физикалық қауіп төнген жағдайда ғана пайда болатын... қазір қауіп әлеуметтік және тұлғааралық деп сипатталады».
Т.Е. Дауд


Фобия дегеніміз не?«Фобия» сөзі көне грек мифологиясындағы қорқыныш құдайы Фобостың (Phobos) атымен байланысты. Ежелгі гректер жаудың бойында үрей тудыру үшін Фобостың бейнесін бетперделері мен қалқандарына бейнелеген. Фобия – бейрационалды, белгілі бір дене, құбылысқа байланысты тұрақты және негізсіз үрей, қауіп, қорқыныш.Фобия нысаны туралы ойлар мен оның алып келетін салдарлары тұлға бойындағы қолайсыз сезімдер, үрейдің пайда болуына алып келеді, жеке тұлғалар бұл сезімдердің, қорқыныш нысандарының зияны жоқтығын түсінсе де, қауіптің алдын-алу үшін ықтималды, әрі дұрыс шешімнен қашу деп санайды.
Әлеуметтік фобия.Жауапты күн, маңызды емтихан, көптен күткен кездесу, мәртебесі жоғары тұлғамен сұхбаттасу, көпшілік алдында сөз сөйлеу және т.б. жаңа және маңызды жағдай кезіндегі қобалжу мен үрей кез-келген адамға таныс сезім.
Өз алдына, үрей барлық ресурстарды іске қосып, жағымды функцияларды атқарады – жауапкершілігін арттырады, кездесулерге алдын-ала дайындалуға ықпал етеді.Дегенменен, шамадан тыс үрей қажет ресурстарды іске қосудың орнына оларды тежейді, әлеуметтік белсенділікті баяулатады және жағымсыз сезімдер пайда болады.
Қатты үрей кезінде қорғаныш механизмдері іске қосылып субъект әлеуметтік жағдаяттардан қашады.
Әлеуметтік жағдаяттардан қашуға алып келетін үрей, қорқу – әлеуметтік фобия деп аталады.Әлеуметтік фобия (социофобия) қоғам алдындағы қорқыныш деп аударылады.
Әлеуметтік қорқыныш формалары алуан: бағалаудан қорқу, сұрақ қоюдан қорқу, авторитетті адамдардан қорқу, «жоқ» деп айтудан қорқу, танысудан қорқу, қателік жасаудан қорқу және т.б. әлеуметтік фобиясы бар тұлғалардың қорқыныш нысаны бірдей емес, тіпті қарама-қарсы болуы мүмкін. Мысалы алсақ, кейбір тұлға көпшілік назарында болудан қорқады, ал біреулері көпшіліктің назарына ілінбей қалудан қорқады.
Әлеуметтік қорқыныштың (әлеуметтік фобия) пайда болу себептері тұлғаның әлеуметтік нысандар мен жағдаяттарға қарым-қатынасына тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет