биология ғылымдарының докторы, профессор С. А. Абиев
медицина ғылымдарының докторы, профессор Қ. А. Алмағамбетов
0-65 Оразбаева Р.С.
Биоэкология.Тапсырмаларменесептержинағы: оқу құралы /-Астана, 2014 - 228б.
ISBN 978-601-301-168-4
Оқу құралында биоэкология пәнінің маңызды тарауларына, тақырыптарына сай топтастырылған тапсырмалар, жаттығулар, есептер мен экологиялық ситуациялардың шешімдері келтірілген.
Кредиттік технология бойынша өткізілетін сабақтарда оқу құралында келтірілген тапсырмалар мен есептер студенттердің пәннің дәрістерінің теориялық негізін терең түсінуіне мүмкіндік жасайды жеңілдетеді және табиғатты тиімді пайдаланудың кәзіргі таңдағы өзіндік көзқарастарын және практикалық экологиялық іс дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар адамзаттың шаруашылық іс әрекеттері нәтижесінде туындайтын табиғи ортаға алуан түрлі жүктемелерді анықтау мен бағалауды орындау дағдыларын дамытады. Сол сияқты биоэкология пәні бойынша өзіндік жұмыстарын орындау және білімдерін тексеру мен бекіту үшін де осы оқу құралын кеңінен қолдануға болады.
Оқу құралының мазмұны студенттердің экологиялық білімдері мен адамның табиғатпен қарым-қатынасының мәдениетін тәрбиелеуді қалыптастыруға бағытталған.
Оқу құралы жаратылыстану және жалпы экология саласы бойынша маманданатын студенттер мен магистранттарға арналған.