Лекция№3 Саптық жаттығулардың негізгі терминдері



бет1/2
Дата21.12.2023
өлшемі23,43 Kb.
#142301
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
183933003.lekciya.gimnastika (1)


ЛЕКЦИЯ№ 3 Саптық жаттығулардың негізгі терминдері
Лекция жоспары
1. Саптарды басқару
2.Саптық калып.
3. Орнында бұрылу

Саптық жаттығулар топты, сыныпты жаттығулар орындауға белсенді түрде жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мына төмендегідей саптық жаттығулар орындалуға тиіс.



  1. Алаңның шекараларын (сыртқы жиегін) айналып жүру.

  2. Команда және белгі бойынша бағытты өзгертіп (шеңбер бойымен, қиғаш ирелеңдеп) жүру:

  1. шеңбер жасау үшін «шеңбер бойымен жүру!» деген команданы сапты бастаушы алаң ортасына жақындап келгенде береді. Бұдан кейін сапты бастаушы шеңбер бойымен жүреді;

ә) қиғаш жүру бір бұрыштан оған қарама - қарсы қиғаш жатқан бұрышқа қарай жүру арқылы орындалады, мысалы, оң жақтағы бұрыштан сол жақтағы бұрышқа қарай жүру. «Қиғаштап жүр!» командасы сапты бастаушы алаңның бұрышының біріне таяп келген кезде беріледі. Сапты бастап жүруші қарама -қарсы бұрышқа жеткен кезде «Оң иықты (сол иықты) алға ұстап, залды айнала жұр!» командасы беріледі;

  1. ирелеңдеп жүру (змейка) сапта арақашықтықты бір-бірінен бір адым алшақ ұстап, ирелеңдеген бағыт ұстап жүру. Ирелеңдеп жүру үлкен, орта және кіші көлемде қиғаш, кесе- көлденең бағытпен жүріп жасалуы мүмкін. Онда мынадай команда беріледі: «Оң иықты алға ұстап, айнала адымдап жүр!». Осы команда бойынша сынып алаңның шекарасы бойымен жүреді. Ирелеңдеп жүру басталатын жерге келгенде «Солға (оңға), қарсы бағытқа жүр!» командасы беріледі де, сапты бастаушы бағытын 180°- қа өзгертіп, алғашқы қарсы жүруді бастаған кезде «Ирелеңдеп жүр!» командасын беру керек.

3. Гимнастикалық алаңның көлденең сызығын бойлай жүріп, бірте-бірте бұрылу арқылы екі және үш қатарлы лекке (колонна) тұрғызу. Сапты өзгертіп тұрғызатын жерде мұғалім «Бір орында!» деген команда, ал одан кейін «Солға!» не «Оңға!», «Екіден жүр!» деген команда береді. Осы командадан кейін алдағы екі бала 90°- қа бұрылады да, жаңа бағытпен жүреді, ал басқалар олардың бұрылған жерлеріне дейін жүріп барады және екінші «Жүр!» деген команда бойынша екіден келе жатып бірте-бірте бұрылып, лекке екі-екіден түра бастайды. осындай лектік сапқа тұрғызылғаннан кейін әр түрлі әдістер арқылы қажетті түрде қатардың аралығын жазу жүргізіледі. бұрынғы сапқа қайта тұрғызу, сапты оң жақ қапталға (флангке) қарай бұру арқылы немесе қатарды жазу арқылы, «Айналып, бір лекке бір-бірлеп адымдап жүр!» командасы бойынша орындалуы мүмкін. Осы команда бойынша барлығы да алдағы шекараға дейін жүріп барады, ал ол жерден (бір орында тұрып жүріп) әрбір екінші оң иықты бұрып айнала жүру арқылы сол екіншілердің арт жағына барып тұрады.
4. Жүріп келе жатқан лектің топтамасын екі қатар болып қайта тұру үшін , екіншілер оңға немесе солға бұрылуы тиіс. бір қатар лекте екінші болып келе жатқан оқушы аяғын басарда «Жүр!» деп команда береді. Сол команда бойынша алаңдағы жақта келе жатқандар оң аяғымен қадам жасап, оң аяғының басымен солға бұрылады. Бұрылғанан кейін, сол аяқпен жасалатын алғашқы қадам ерекше нық басылуы керек.
Жүруде аяқтың ұшымен, өкшемен тізені жоғары көтере, алдағы аяққа көбірек салмақ түсіре жүру дейтін жүру түрлері кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет