Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет25/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
(Сәбит Досанов).


Ұлт бойындағы ұлы өнер – құсбегілік

Қазақтың кең даласы жайында айтылған теңеулердің ең кереметі бабаларымыздың «о шетінен бұ шетіне дейін құс қанаты талатын мекен» деген сөзі болар. Иә, осы кең далада кербестіні ерттеп мініп, қолыңызға қаршығаны қондырып жүруден асқан рахат бар ма? Бұл – бекзадалықтың, кербездіктің белгісі. Бұл – кез келгенге беріле бермейтін ұлы өнер. Өзіңіз ойлап қараңызшы, сол қаршығаны қайырып, қолға қондырудың өзі қаншалықты күш-жігер, еңбекті талап етеді.


Көшпелі халықтардың табиғатпен етене байланыста болуы шарт. Ал, біздің халық – табиғаттың төл баласы. Жасында оның әрбір ой-шұңқырын кезіп, есейгенде шыңына ұмтылатыны да содан. Сол биік құз-шыңдарда құс біткеннің төрелері жайғасады. Ал көшпелі елдің ержүрек ұландары сол құстарды балапан шағынан ұстап, асырап, қолға үйретеді. Оларды құсбегі деп атайды.
Қазақ халқы бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай деген құс түрлерін ұстаған. Құсты ұстаудан бөлек оны баптап қолға үйретудің өзі үлкен өнер есептеледі. Оны баптаудың әртүрлері тәсілдері бар:
1. Томаға кигізу. Түз құсы өзінің тағылығына салып бірден үйренісіп кетпейді. Сондықтан оны ырғаққа, яғни арнайы жасалған әткеншекке отырғызып, екі немесе үш күн ұйықтатпайды. Одан кейін өздігінен көндіге бастайды.
2. Сылап-сипау. Құс иесіне бауыр басуы үшін оған зейін салып қарау керек. Түн ортасында болсын тұрып, сылап-сипап тұру керек.
3. Жемге үйрету. Алдымен бір кесек етке қант бүркіп, аузына салып жіберу керек. Осылай үйренгеннен кейін ат үстінде тұрып етке шақыру қажет. Бұл оның адамға және атқа үйренуіне септігін тигізеді.
4. Шырғаға тарту. Шырға құстың қанат, құйрығының берік болуына септігін тигізеді. Оны құстың аяғына байлап қояды.
5. Далабайға түсіру. Аң терісінің бас жағына қант бүркілген ет тығындап, екі көзінен қызартып көрсетіп қою қажет. Құс оған бірден ұмтылса, бір-екі шоқуына мүмкіндік беріп, қолға қайта қондырып, далабайды сүйретіп жүріп осыны қайтадан жасай беру қажет.
6. Қайыру.
Құсбегілік – қазақ салт-дәстүрінің ажырамас бір бөлігі. Ол – тек біздің ұлтқа тән барлық асыл қасиеттердің көрінісі. Жер бетінде қазақ деген ұлт бар кезде бұл өнердің жойылып кетуі мүмкін емес, керісінше қарыштап дамып келе жатқандығына күн сайын куә болып отырмыз. Ұрпақтарымыздың да бұл дәстүрден ажырамасына сенеміз. Себебі қыран құстың асқақтығы мен тектілігі – біздің халықтың бойына сіңген қасиет. Қыран – қазақ елі үшін еркіндіктің, тәуелсіздік пен бостандықтың символы. Осы тұғырынан түспегей.
(massaget.kz)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет