Презентация Тақырыбы: Қолтық және шынтақ шұңқырын модельдеу Қабылдаған; Джубаншибаева Г. Н тобы; жмқА-01-21



бет1/2
Дата10.09.2022
өлшемі12,11 Mb.
#38807
түріПрезентация
  1   2
Байланысты:
анатомия 13 (2)


«Қалыпты анатомия» кафедрасы
Презентация
Тақырыбы: Қолтық және шынтақ шұңқырын модельдеу
Қабылдаған; Джубаншибаева Г. Н
Тобы; ЖМҚА-01-21
Орындаған; Бексугурова А.
Қолтықтық шұңқыр, fossa axillaris, кеуде клеткасының латералді беткейі мен иықтың медиалді беткейінде орналасқан шұңқыр болып табылады. Қолды сыртқа және жоғары көтергенде бұл шұңқыр айқын байқалады. Қолтықтық шұңқырының қабырғасы:
Аддыңғы қабырғасы- қатпарланған тері мен кеуденің үлкен бұлшықетімен шектеледі Артқы қабырғасы-m. latissimus dorsi-дің төменгі шеті мен жұмыр бұлшықет арқылы шектелген. Жоғарғы қабырғасы- қолтық шұңқырының фациялық қабықшасымен шектелген. Егер шұңқырды жауып тұратын теріні, оның астында орналасқан шандыр қабықты және қоймалжың майлы клечатканы алып тастасақ, ол қолтықтық қуысқа, cavum axillare-re айналады.

Қолтық қуысы Cavum axillaris ол қолтық қуысының тікелей жалғасы болып саналады. Бұл шұңқырдың сыртқы пішіні төртбұрышты пирамида тәрізденіп келген негізі, төбесі ажыратылады. Қолтық қуысының 4 қабырғасы ажыратылады:


Алдыңғы қабырғасы- кеуденің үлкен, кіші бұлшықетінен.
Медиалдық қабырғасы- кеуденің алдыңғы тісшеленген бұлшықетінен
Артқы қабырғасы- жауырын астылық бұлшықет m.subscapularis, үлкен жұмыр бұлшықеттен m.teres maior, арқаның аса жалпақ бұлшықетінен m.latissimus dorsi.
Латералды қабырғасы- құстұмсық иық бұлшықеті m.coracobrachialis мен иықтың екі басты бұлшықетінің қысқа басынан тұрады caput brevis m. bici pitis brahii.
Қолтық қуысының артқы қабырғасы қан тамырлар мен нервтер өтетін: үш жақтылық және төрт жақтылық тесікті құрайды.
-Үш жақтылық тесік foramen trilaterum , Бұл тесіктің жоғарғы, төменгі және латералды қабырғалары ажыратылады.
1) Жоғарғы қабырғасы: жауырын астылық бұлшықеті m.subscapularis, мен кіші жұмыр бұлшықеттің m.teres minor төменгі жиегінен тұрса
2) Төменгі қабырғасы: үлкен жұмыр бұлшықеттің жоғарғы m.teres major жиегімен шектелген
3) Латералды қабырғасы: иықтың үш басты бұлшықеттің ұзын басынан caput longum m.trici pitis brachii тұрады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет