Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н



Pdf көрінісі
бет2/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
2. Пəн туралы мəліметтер
Курстың мақсаты: 
Молекулалық биология – тіршілік құбылыстарының молекулалық негіздері туралы 
ғылым, медицина, ауыл шаруашылығы жəне биотехнология (гендік инженерия, клеткалық 
инженерия) салаларының теориялық негізі екендігінстуденттерге жеткізу. 
Молекулалық биология нуклеин қышқылы мен белоктардың құрылыс жəне 
құрылым ерекшеліктерін, жасушаның генетикалық аппаратының құрылымдық-қызметтік 
ұйымдастырылуын, ақпараттардың тұқым қуалауының жүзеге асу механизмін, апоптоз, 
генетикалық код т.б. оқытатындығын түсіндіру. 
Курстың міндеті
- клетканы құраушы негізгі тіршілік құбылыстарын (заттардың 
алмасуы, тұқым қуалаушылық, нуклеин қышқылдарының құрылымы жəне олардың əр 
түрлі организмдердегі атқаратын қызметі т.б.) молекулалық деңгейде зерттеу, яғни 
молекулалық биология тірі организмдердің жұмыс істеуін, олардың құрамына кіретін 
молекулалар жəне атомдардың химиялық құрылымы тұрғысынан зерттеу, қазіргі заманғы 
зертханалардатəжірибе жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру. 
Курстың пререквизиті: «
Молекулалық биология
» 
пəнін меңгеру үшін келесі 
пəндерді игеру қажет: «Генетика
»
, «Адам жəне жануарлар физиологиясы», 
«Микробиология», «Биохимия», «Клетка биологиясы». 
Курстың постреквизиті:
«Биотехнология», «Ген инженериясы», «Жеке даму», 
«Адам генетикасы», «Молекулалық генетика». 
3. Студенттерге қойылатын талаптар 
Курс бойынша жоғары балл алу үшін əрдайым жұмыстану қажет. Себебі пəн 
бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық 
тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға 
қойылады. Студент əрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет 
(жоғарыда көрсетілген пəн бойынша білімді бағалау жəне апталық тақырыптық кесте 
бойынша). 
1. 
Сабаққа қатысу
: Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар 
пəннің оқу-əдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пəннің 
3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады. 
2. 
Аудиториядағы тəртіп
: Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу
газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет. 


3. 
Үй тапсырмасы
: Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы 
қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады. 
4. 
Жеке тапсырмалар
: Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. 
Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл 
тапсырмалардыңəрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады. 
5. 
Бақылау жұмысы
: Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. 
Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы 
тексеріледі. 
6. 
Пікірлесу
: Пікірлесу əр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін 
бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет