Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н


 Пəнді оқыту жөніндегі əдістемелік нұсқаулар



Pdf көрінісі
бет3/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
4. Пəнді оқыту жөніндегі əдістемелік нұсқаулар 
 
Оқыту дəріс, зертханалық сабақ, СМЖӨЖ, СӨЖ түрінде өтеді. Сабақты бақылау – 
коллоквиум түрінде, жаба жұмыстары, өзіндік жұмыстарды тексері түрінде өтеді. 
Практикалық сабақтарда: 
1.
сұрау 
2.
пікірталас; 
3.
көрнекі құралдармен жұмыс жасау (кестелермен жұмыстану, микроскоппен 
жұмыс, дайын микропрепараттарды қарастыру, микропрепараттарды дайындау). 
5. Курстың мазмұны: 
Курс тірі организмдердің негізгі қасиеттерін, оның тұқымқуалаушылығы мен 
өзгергіштігін молекулалық деңгейде зерттеуге арналған жаңа тəсілдері туралы түсінік 
береді. Дəрістік курстан басқа зертханалық сабақтар енгізілген. Сонымен қатар, 
студенттердің өзіндік жұмысына үлкен көңіл бөлінеді. Семинарлық жəне зертханалық 
сабақтар студенттердің молекулалық биологияныңесептерін шығару, олардыңтеориялық 
алған білімдерін шыңдауға бағытталған. Барлық кіші тəжірибенің бөлімдерін əрбір 
студенттермен талқылау, дəрістік курсты жəне өз бетінше өткен теориялық материалдарды 
меңгеріптиімді биологиялық тəсілдерді зерттемелерде қолдануларына мүмкіндік туғызуға 
бағытталған. 
Бірінші апта 
Дəріс 1. Кіріспе 
Жалпы сұрақтар
:
Молекулалық биология пəні жəне 
міндеттері.Тіршілік туралы ғылымдар жүйесіндегі молекулалық биологияның орны жəне 
рөлі. Молекулалық биологияның пайда болуының қысқаша тарихы жəне дамуының негізгі 
этаптары. ХХ ғасыр соңындағы молекулалық биологияның дамуы. Молекулалық 
биологияның Қазақстандағы дамуы. Жасуша - өмірдің молекулалық негізі. 
Пайдаланатың құралдар: 
проектор, слайдтар 
Молекулалық биология – тіршілік құбылыстарының молекулалық негіздері туралы 
ғылым, биология ғылымдарының арасында негізгі орындардың бірін иеленеді.Генетика, 
биохимия жəне биофизика ғылымдарымен тығыз байланысты. Медицина (вирусология, 
иммунология, онкология, т.б.), ауыл шаруашылығы (жануарлар мен өсімдіктердің тұқым 
қуалау қасиеттерін белгілі бағытта қадағалай отырып зерттеу) жəне биотехнология (гендік 
инженерия, клеткалық инженерия) салаларының теориялық негізі болып табылады. 


Негізгі мақсаты – биологиялық ірі молекулалар (белоктар, нуклеин қышқылдары) 
құрылымын барлық деңгейде зерттеу. 
Молекулалық биология нуклеин қышқылы мен белоктардың құрылыс жəне 
құрылым ерекшеліктерін, жасушаның генетикалық аппаратының құрылымдық-қызметтік 
ұйымдастырылуын, ақпараттардың тұқым қуалауының жүзеге асу механизмін, апоптоз, 
генетикалық код т.б. оқытады. 
Молекулалық биологияның ерекшелігі оның макромолекулалардың құрылымын 
жəне олардың қызметімен байланысын зерттеуінде. Сол əртүрлі құрылымдардың жəне 
олардың қызметінің тегін анықтайды. 
Молекулалық биологияның міндеті - клетканы құраушы негізгі тіршілік 
құбылыстарын (заттардың алмасуы, тұқым қуалаушылық, нуклеин қышқылдарының 
құрылымы жəне олардың əр түрлі организмдердегі атқаратын қызметі т.б.) молекулалық 
деңгейде зерттеу. Яғни молекулалық биология тірі организмдердің жұмыс істеуін, олардың 
құрамына кіретін молекулалар жəне атомдардың химиялық құрылымы тұрғысынан 
зерттейтін ғылым саласы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет