«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет46/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

                                                          
 
 

371 
 
         Литература 
1.  Ауэзов  М.  Собрание  сочинений.  В  пяти  томах.  Т.  5.  Литературно-критические  и 
публицистические статьи 1936 – 1961 гг. Перевод с казахского. --М: Худ. литер., 1975. С. 
393 – 394)  
 
ӘОЖ (930:141.45) 
 
КЕҢЕСТІК ЖҤЙЕ ТҦСЫНДАҒЫ АТЕИСТІК ИДЕОЛОГИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ 
 
Нысанбекова А.У., Сабирова А.С., Султанова В.И. 
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В этой статье рассматривается подходы проповедование атеистической идеологии в системе 
Советского Союза. 
 
Summary 
This article discusses approaches thepreaching of atheist ideologu 
in the Soviet Union system 
 
      
Кеңестік жүйенің «мәдени революциясының» негізгі бӛлігін дінге қарсы күрес 
немесе атестік тәрбие құрады. Атеизм — дінді теріске шығару, бұл кімге болса да 
түсінікті    пікір.  Бірақ  ол  терістеудің    мазмұны    қандай  екені    кӛпшілікке  мәлім  
емес.  Егер  маркстік  қағидаға  сүйенсек,  атеизм  дегеніміз  адамның  болмысын 
нығайтуға  бағытталған    дүниетаным.  Дінді    терістеу  мәнін  В.И.Ленин  таптық   
мүдделерге байланысты қараған болатын. Сондықтан дінді жалаң терістеуден гӛрі 
онымен  саналы  түрде  күресе  білуге  тәрбиелеу  қажеттілігін    айтқан  еді.  «Ең 
маңызды нәрсе, - деп жазды ол ӛзінің «Жауынгер материализмнің маңызы туралы» 
деген  еңбегінде,  -  әлі  де  мүлде  қараңғы  бұқараны  діни  мәселелерге  саналы  түрде 
қарауға және діндерді саналы түрде сынауға    ынталандыра  білуде болып  отыр. 
Әрине, В. И. Ленин. әңгіме етіп отырған уақыт пен қазіргі заманарасында кеңестік 
жүйе  адамдарыныңәлеуметтік,  рухани  ӛмірінде  орасан  зор  айырмашылықтар 
болғандығын мойындауымыз керек. Осы күнгі діндар адамдардың бәрі бірдей деп 
айта  алмаймыз.  Шынтуайтына  келсек,  қазіргі  дінге  сенушілердің  ӛзі  жаңа  типті. 
Олардың    арасында    хат  танымайтыны    жоқ,  газет-журналдар  оқиды,  интернет 
желісінің ақпараттарымен сусындаған,кӛп мағлұматты зерек   адамдар.  
       Кеңес  Одағы  тұсында  оларға  ғылыми-материалистік  тұрғыда  В.И.Лениннің: 
«Бұл  бұқараға  атеистік  насихат  жӛнінде  мейлінше  әр  алуан  материал  беру  қажет, 
оларды ӛмірдің мейлінше әр түрлі салаларынан алынған фактілермен таныстырып 
отыру қажет, оларды ынталандыру үшін, оларды діни ұйқыдан ояту үшін, оларды 
түрлі-түрлі жақтарынан, әр түрлі әдістермен серпілту, т.с.с. үшін оларға о жағынан 
да,  бұ  жағынан  да  жақындай  білу  қажет»—  деген  кеңесі  үлкен  дүниетанымдық 
және  методологиялық  маңызы  бар,  атеистік  тәрбие  практикасының  жетекші  күші 
болатын  ӛсиет  болып  табылды.  [2,  211].    Атеистік  тәрбие  жұмысының  тиімділігі 
кӛп  жағдайда  ол  жұмысты  меңгерген,  оның  ерекшеліктерін  білетін  кадрларға 
байланысты  жүргізілді.  Атеист  кадрларды  тәрбиелеудің  белсенді  формасы  - 
марксизм-ленинизм  білім  жүйесі,  қайта  даярлау  курсы,  атеист-лекторлар  мектебі, 
марксизм-ленинизм  университеттері  болып  табылды.Атеистік  тәрбие  жүйесінің 
негізгі  бӛлігін  құрайтын  еңбек  ұжымының  ықпалы  нақтылы  шаралардың  село 
немесе  қала  деңгейінде  жүргізілуінен  де  айқындалады.  Мәселен,  селоға  қарағанда 
қаладағы  еңбек  коллективтерінде  дін  сарқыншақтарын  жою  процесі  жылдамырақ 
ӛріс  алды.  Мұның  ӛзі  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  дәрежеге  де 
байланысты болды. Сонымен қатар әр қалада немесе селода дінге сену дәрежесі де 

372 
 
әр  түрлі  деңгейде.  Мәселен,  қала  жағдайында:  әлеуметтік-экономикалық  деңгей, 
тұрғындардың  әлеуметтік-демографиялық  құрамы,  тәрбие  жұмысының,  оның 
ішінде  атеистік  жұмыстардың  жайы,  тағы  да  басқа  факторлар  атеистік  тәрбие 
жұмысының  жемісті  болуына  барынша  ықпал  етті.  Адамның  құдайға  құлшылық 
етіп, дінге сенетіндігін анықтап қана қою аз, оның дінге неліктен сенетінін, нақты 
жағдайларды  жан-жақты  аша  білу  керек.  Діни  нанымның  себептері  кӛп,  мәселен, 
біреу  дінге  моральдық  соққыға,  ауыр  жағдайға  тап  болу  салдарынан,  енді  бірі  - 
семья тәрбиесіндегі дәстүрдің күшімен, немесе ұжымнан немесе қоғамдық ӛмірден 
қол  үзгендігінің  әсерінен  иланады.  Ең  бастысы  діндар  адамның  дүниетанымына, 
психологиясына  терең  үңіліп,  оның  ойлары  мен  кӛзқарасын  зерттеу  арқылы 
ғылыми  сенімділігін  қалыптастырып,  мінез-кұлқын  ӛзгерту  үшін  қоғамдық  ӛмірге 
кеңінен  тартуға  жол  іздеу  қажет  деген  идеяны  халықтың  санасына  сіңіруге 
тырысты.Мұндай  әрекеттердің  мақсаты  белгілі,  ислам  дініне    қандай  реформа 
жасаса да, оның түпкі мәні ӛзгермейді. Әр түрлі айла-шарғылар жасап ислам дінін 
жаңа  заманға  сай  әр  түрлі  ӛңдеу,  жӛндеулер,  сайып  келгенде,  қоғамның  дамуына 
кедергі  жасау  болып  шығады.  Ӛйткені  буржуазия  діннің  жәрдемімен  халықтың 
сана-сезімін улап, топастандыруға тырысады.Біздің елімізде ислам дінінің тамыры 
қиылды,  дін  тірек  боларлықтай  ешқандай  негіз  де  қалған  жоқ.  Алайда  ескі 
қоғамның қалдығы ретінде дін біздің кейбір адамдарымыздың санасында сақталып 
келеді.  Әлі  де  болса    намаз  оқу,  тасаттық  беру,  құрбан  шалу,  ораза  ұстау,  бала 
сүндеттеу  сияқты  діни  ғұрыптар  кейбір  жерлерде  кӛрініс  беріп  жүр.  Мұндай 
нанымдарды  жандандыруға  тырысатын  молдасымақтар  да  жоқ  емес.  Осылардың 
бәрін ескеріп, ислам дінінің қазақ арасына енуін, оның сарқыншақтарының сақталу 
себептерін, қазіргі кезеңдегі кейбір кӛріністерін дұрыс түсіндіргенде ғана ғылыми-
атеистік насихат пәрменді болады деп түсіндірді. [4, 13]. 
     Бүгінде  кеңес  ӛкіметі  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  жеделдету 
жолында  қажырлы  күрес  жүргізіп  жатыр:  кеңес  адамдары  жаратылыс  пен  қоғам 
дамуының заңдарын меңгеріп, ғылым мен техниканың жетістіктерін    қайта   құру 
мүдделеріне    сай  пайдалануда.  Біріншіден,  бұл  бағытта  лениндік  талап  назарда 
ұсталуға  тиіс  деп  саналды,  яғни  «дінге  қарсы  күресу  ісін  абстракты  түрде  емес, 
жалпылама, таза теориялық, әрқашан ӛзіне тең уағыз негізінде емес, нақтылы түрде 
іс  жүзіндеболып  жатқан  және  бұқараны  бәрінен  де  кӛбірек,  бәрінен  де  жақсырақ 
тәрбиелейтін  тап  күресі  негізінде  қоятын  болуға  тиіс».  Екіншіден,  Қазақстанда 
ислам  діні  ұзақ  уақыт  орын  тепкендіктен,  ол  жергілікті  тұрғындардың  мінез-
құлқына  ӛз  таңбасын  салмай  қойған  жоқ.  [5,110].  Сонымен  бірге  ислам  дінінің 
Қазақстандағы тарихи кезінің тайыздығын ескеру жӛн. Оған бірсыпыра факторлар 
әсер  етті.  Олардың  қатарына  мұсылман  орталықтарының  тым  шалғай  орналасуы, 
ұшы-қиырсыз  кең  даладағы  тұрғындардың  сирек  қоныстануы  да  жатады. 
Жергілікті халықтардың әдет-ғұрпы да маңызды факторлардың бірі. Қазақтар Ұлы 
Октябрьге дейін кӛшпенді тұрмыс кешті, олардың арасында рушылдық, шамандық, 
діни нанымдар күшті ӛріс алған еді. Сондықтан да мұнда исламды тарату процесі 
баяу дамыды. Оның үстіне қазақтар канондык, құрылымға байланысты араб тілінде 
ғана таратылатын «қасиетті» Құран сӛзін түсініп, қабылдай алмады. Жазу-сызудың 
кенжелігі  Құранды  ӛз  тіліне  аударып,  қалың  бұқараға  кеңінен  таратуға  дәрменсіз 
еді.  Ш.Уәлихановтың  қазақтардың  тек  сыртқы  бейнесі  ғана  мұсылман  деп  жазуы 
тегін  емес.  Шын  мәнінде,  бұл  елде:  ислам  ӛзінің  «таза  күйінде»  ӛмір  сүре  алған 
жоқ.  Үшіншіден,  Қазақстанда  ислам  сарқыншақтары  отбасылық-туысқандық 
дәстүрмен,  сондай-ақ  исламға  дейінгі  діншілдік  наныммен  тығыз  байланысты 
болды.  Тӛртіншіден,  тұрғындардың  басым  кӛпшілігін  қамтыған  кӛшпенді  және 
жартылай  кӛшпенді  ӛмір  салты  Кеңес  ӛкіметінің  алғашқы  жылдарына  дейін 

373 
 
жалғасты.  Бесіншіден,  Қазақстан  тұрғындарының  құрамы  ежелден  кӛп  ұлтты 
екендігін,  түрлі  рухани  дәстүрлер  шоғырланған  ел  екендігін  ескеру  қажеттігін 
айтты.  [6,  171].  Кеңес  одағы  тұсында  республика  тұрғындары  арасында  атеистік 
тәрбие жұмыстарын жүргізу жоспарлы, жан-жақты ойластырылған жүйе бойынша 
қалыптасып,  жүргізілді.  Сонымен  қатар  әлеуметтік  құрылымдармен,  орасан  зор 
саяси-экономикалық  және  тәрбие  жұмыстарымен  тығыз  ұштастырыла  жүргізілді. 
Республика  еңбекшілеріне  атеистік  тәрбие  беру  мәселелері,  оның  ішінде 
мұсылмандар арасындағы жұмыстар Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
облыстық,  қалалық,  аудандық  партия  комитеттері  мен  бастауыш  партия 
ұйымдарының үнемі назарында ұсталды.  Республикамызда ұзақ мерзімге арналған 
атеистік  тәрбиенің  комплексті  жоспары  жасалынып,  үнемі  жіті  бақылауда 
ұсталынғаны белгілі. [3,17]. 
     Қазіргі  таңда  қоғамымызда  атеистік  бағытты  ұстанатын  адамдар  жоқ  деуге  де 
болады.  Ӛйткені  тәуелсіздігімізді  алғалы  Ислам  діні  ӛзінің  жан-жақты  тәрбиелік 
әдет-ғұрпын түсіндірген. Бүгінде, әлем ғалымдары қасиетті Құран Кәрімнің барлық 
қағидасымен танысып, оны толық мақұлдаған. 
 
Әдебиеттер  
 
1.
 
А.Байтұрсынов. Орысша оқушылар. Қазақ газеті. /Құрастырушылар: Субханбердина, 
С.Дәуітов, Қ.Сахов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. 
2.
 
Султангалиева А.К. Ислам в Казахстане: история этничность, общество.Алматы,2001 
3.
 
Мамания. Тарихи деректер, естеліктер, ӛлеңдер, құжаттар, пікірлер./Құрастырған Ж. 
Қалиұлы. Алматы: Атамұра, 1999. 
4.
 
З.Т. Садвакасова. Духовная экспансия царизма в Казахстане в области образования и 
религии. (вторая половина  XIX века и начало ХХ веков).-Алматы. Қазақ Университеті, 
2005. 
5.
 
Нуртазина Н.Д. Борьба с исламом религиозная политика советской власти в Казахстане 
20-40 года XX века . «Қазақ университеті» Алматы, 2008 
6.
 
Жолдасов С. Ислам тарихы А.,1998. 
7.
 
Шулембаев Қ.Ш. Кеңестік Шығыс республикаларындағы Ислам. А.,1987 
 
ӘОЖ 378.02  
МАҒЖАН ЖҦМАБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӚЗҚАРАСТАРЫ 
 
Ӛтеген Қ.О.  
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан  
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются педагогические взгляды Магжан Жумабаева 
  
Summary 
This Article discusses the pedagogical of  
Magzhan Zhumabaeva
 
 
        Қоғамымыздың  жаңа  қарқынмен  алға  ӛркендеуі,  егеменді  еліміздің  дамуы 
жастардың  тәрбиесіне  байланысты.  Қазақ  халқы  ӛзінің  бүгінгі  күнін  бағалай 
отырып, ӛткеніне  кӛз жібертуді, тарихи тәжірибеден сабақ алуды, мәдени дәстүрі 
мен әдет- ғұрпын, оларды ұрпақтан- ұрпаққа  жеткізу әрқашан мақсат етіп қойғаны 
белгілі.                                                          Халқымыздың  ғасырлар  бойы  жинақтаған  озық 
тәжірибесін  бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесінде  қолдану-  әрбір  педагогтың  міндеті  болмақ. 
Мемлекетіміздің  ертеңгі  болашағы  –  жас  ұрпақ.  Жас  ұрпақ    тұлғасын 
қалыптастыруда    ұлттық  ерекшеліктерді  ескерудің  маңыздылығы  зор.  Халқымыз 

374 
 
дамып  ӛркендеуі  үшін,  жас  ұрпақтың  тәрбиелі  де,  білімді  болуын    негізгі  мақсат 
деп санаған.  
        Педагогика ғылымының дамуына  Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, 
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов сықылды тағы басқа кӛптеген ғалым- 
педагогтар үлес қосты. Солардың бірі ретінде Мағжан Жұмабаевты атауға болады. 
Оның  «Педагогика»  атты  кітабы  ұлттық  педагогика  ғылымының    іргетасы  болып 
табылады.  Ӛйткені  ол  ӛзінің  қысқа  ӛмірінің  кӛбін  ұстаздықпен  ӛткізе    отырып, 
туған халқына жан аямай қызмет етуге, қазақ балалар әдебиетінің үздік үлгілеріне 
жататын туындылар беріп қана қоймай, елдің елдігін сақтап,ұлттың жанашыры, ұлт 
жанды,  тәрбиелі  де,  білімді  ұрпақты  қалай  тәрбиелеп  ӛсірудің  жолдарын  кеңінен 
зерттеген.  Педагогика  ғылымындағы  негізгі  ұғымдар:  тәрбие,  оқыту,  білім  беру 
десе, оларға жеке-жеке талдау жасалынса, сол мәселелер қанша ғасыр бұрын ӛмір 
сүрген  М.Жұмабаевтың    да  еңбегінде  толық  айқын  берген.  Ол    әсіресе  тәрбие 
ұғымына  ерекше  тоқтала  отырып,  «тәрбие  дегеніміз  -    кең  мағынада  алғанда, 
қандайда  да  болса  бір  жан  иесіне  тиісті  азық  беріп,  сол  жан  иесінің  дұрыс  ӛсуіне 
кӛмек  кӛрсету  деген  сӛз.  Ал  енді  адамзат  туралы  айтылғанда,  адамның  баласын 
кәміл жасқа толып, ӛзіне-ӛзі қожа болғанша тиісті азық беріп, ӛсіру деген мағынада 
жүргізіледі.  Адамзат  дене  һәм  жан  аталған  екі  бӛлімнен  тұрғандықтан,  бұл  екі 
бӛлімнің  соңғысы,  яғни  жан  адамзат  үшін  аса  қадірлі  болғандықтан,  дұрысын 
айтқанда, адамға шын мағынасында «адам» деген атты осы жан ғана беретіндіктен, 
адам  баласын  тәрбие  қылу  дегенде,  әрине,  адам  баласының  әсіресе  жанын  тәрбие 
қылу  керек  деп  ұғу  керек    дей  отыра,  адам  баласының  басқа  жан  иелерімен 
салыстырғанда туғанда ӛте әлсіз, зағип, осал болатындығын айтады. Адам баласы 
осылай ӛте әлсіз болғандықтан, оның денесіне азық беріп, ӛсуіне кӛмек кӛрсетпей, 
яғни  оны  тәрбие  қылмай  болмайды  деп  тәрбие  ұғымына  ерекше  тоқталады.  
Педагогика  ғылымында  балаға  тәрбие  берудің  бағыттары  атап  кӛрсетіледі,  сол 
сиқты  педагогта  тәрбиенің  тӛрт  түрін  атап  кӛрсетеді,олар:дене,ақыл,  сұлулық, 
құлық  тәрбиесі.  Егерде  осы  тӛрт  тәрбие  түгелімен  берілсе,  оның  тәрбиесі  түгел 
болғаны деген. Егерде адам жӛпшеңді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды 
тұрмыста  жиі  ұшырайтын  кӛріністерді  елемейтін  мықты,  берік,денелі  болса,  түзу 
ойлайтын,  дұрыс  шешетін,дәл  табатын  дұрыс  ақылды  болса,  сұлу  сӛз,  сиқырлы 
әуен,  әдемі  түрден  ләззат  алып,  жаны  толқынданарлық  болса,  жамандықтан  жаны 
жиреніп,  жақсылықты  жаны  тілеп  тұратын  құлықты  болса,міне,  осылай  болғанда 
адам  баласының  дұрыс  тәрбие  алып,  шын  адам  болғадығы.  Балам  адам  болсын 
деген  ата-ана  осы  тӛрт  тәрбиені  дұрыс  орындасын.  Бала  аурулы,  зағип  болса, 
баладан емес, тәрбиешіден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші 
кінәлі;  бала  сұлулықтан  ләззат  ала  білмейтін  мылқау  жанды  болса,  бала  айыпты 
емес, тәрбиеші жазалы[1] дей отыра, «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші 
кӛтерсін» деген иран елінің мәтелі- шын, дұрыс–деген. Осы тұста айта кететін жайт, 
бұл  ойлар  кӛптеген  зерттеуші  -  педагогтардың  пікірлерімен  үндесіп  жатқандығын 
байқауымызға болады.  
        Тәрбиенің  мақсаты  туралы  ойлар  ертеден-ақ  басталған.  Ежелгі  ойшылдар 
тәрбиенің  мақсаты  ізгі,  рақымшыл  азаматтарды  тәрбиелеу  деп  түсінді. 
Я.А.Коменский тәрбиенің күшіне  сенді, оның ойынша, тәрбие үш мақсатқа жетуге 
бағытталуы қажет       cӛзіңді және қоршаған ортаны тану(ақыл-ой тәрбиесі) және 
құдайға  сиыну(  діни  тәрбие).  Дж.Локтың  ойынша,  тәрбиенің    негізгі    мақсаты  - 
азаматты қалыптастыру,          орыс педагогы К.Д. Ушинский :  «егер сізге айтса, 
тәрбие  мақсатымен  адамды  бақытты  етуге  болады  деп  кӛрсетсе[2]  ,  Жұмабаев 
тәрбиенің  мақсатын  адамды  һәм  сол  адамның  ұлтын,  барлық  адамзат  дүниесін 
бақытты  қылу.  Ұлт  мүшесі  әрбір  адам  бақытты  болса,  адамзат  дүниесі  бақытты. 

375 
 
Қысқасын  айтқанда,  тәрбиенің    мақсаты-  адам  деген  атты  құр  жала  қылып 
жапсырмай,  шын  мағынасымен  адам  қылып  шығару  десе,  қазіргі  таңдағы 
педагогика    ғылымындағы  ғалымдардың  да  кӛзқарастары  бірімен  –  бірі  ұштасып 
жатқандығын  кӛре  аламыз.  Сондай-ақ  ол  адам  баласының  тәрбиеге  мұқтаж 
екендігін, оған қандай тәрбие беру керектігін һәм ол тәрбиеші не үшін беру керек 
екендігін  айта  отырып,  тәрбие  керек,  бірақ  балаға  дұрыс  тәрбиені  әрбір  тәрбиеші 
(ата-ана, мұғалім) тәрбие жолын ешкімнен үйренбей-ақ, ешнәрсені оқып- білмей-ақ 
ӛз бетімен бере ала ма?  Әркім ӛзі-ақ жол тауып кеткендей бала тәрбиесі соншама 
бір жеңіл  нәрсе ме?Жоқ. Бұлай емес, бала тәрбиесі- бір ӛнер, ӛнер болғанда ауыр 
ӛнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін ӛнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін 
әркімнің  ӛз  тәжірибесі  жетпейді.  Басқа  адамдардың  тәжірибесімен  танысу  керек. 
Сол  басқа  адамдардың  тәрбие  майданындағы  тәжірибелерін  кӛрсеткен  жеке  бір 
фәнімен  таныс  болу  керек.  Тәрбие  фәні  педагогика  деп  аталады  –  дей  отыра, 
баланы  тәрбие  қылғанда  әрбір  тәрбиешінің  алдымен  қолданатын  жолы  –  ӛз 
тәжірибесі екендігін сӛз етеді. Тәрбиедегі мақсат баланы  тәрбиешінің дәл ӛзіндей 
қылып  шығару  емес,  келешек  ӛз  заманына  лайық  қылып  шығару  ғой.  «Баланы 
ӛзімдей бол деп үйретпе, ӛзімдей болма деп үйрет» деген әзірет Әлінің сӛзінде кӛп 
шындық  бар,.бұл  бір  дейді.  Қазіргі  зерттеуші  педагогтар  мәселен,  Ж.Б.Қоянбаев 
пен  Р.М.Қоянбаевтар  ӛздерінің  «Педагогика»  атты  еңбегінде  тәрбиенің  мақсаты- 
тұлғаны қоғамға сай  жан-жақты жарасымдыетіп қалыптастыру  - дейді[3].  
8.
 
         Екіншіден,  әрбір  тәрбиешінің  қолданатын  жолы-  ұлт  тәрбиесі.  Әрбір 
ұлттың  бала  тәрбие  қылу  туралы  ескіден  келе  жатқан  жеке-  жеке  жолы  бар.  Ұлт 
тәрбиесі  баяғыдан  бері  сыналып,  кӛп  буын  қолданып  келе  жатқан  тақтақ  жол 
болғандықтан,  әрбір тәрбиеші, сӛз жоқ ұлт  тәрбиесімен  таныс болуға тиісті. Және 
әрбір  ұлттың  баласы  ӛз  ұлтының  арасында,  ӛз  ұлты  үшін  қызмет  қылатын 
болғандықтан, тәрбиеші  баланы сол үлгі тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті. Бірақ 
ұлт  тәрбиесінің  жақсылық  жағы  кӛп  болғаны  сықылды,  жамандық  жағы  да  кӛп. 
Талай  нашар,  зиянды  әдеттер  әрбір  ұлт  тәрбиесі  ішінде  толып  жатыр.  Баяғыдан 
бергі  ұлт  тәрбиесінің  ішінде  ұнмсыз  зиянды  әдет,  жол-  жоралар  толып  жатқан 
ұлттың  біреуі-  біздің  қазақ.  Қысқасы,  ұлт  тәрбиесі  қанша  қадірлі,  керек  жол 
болғанымен,  адастырмайтын  дұрыс  жол  деуге  бола  бермейді  –  дей  отыра,  балаға 
шын дұрыс тәрбие беру үшін тәрбиешінің ӛз тәжірибесі һәм ұлт тәрбиесімен таныс 
болуы  ғана  жетпейді  екен.  Бұлар  бірбеткей,  шикі  тәжірибелер,  бұлар  сыннан 
ӛткізіліп, пісірілмеген күйде берік негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсы, 
жаманын,  малтын  мен  мысын  теріп  ала  білу  үшін  тәрбие  майданында  шабылып 
ысылған  тарландардың  тәжірибелерімен,  түрлі  ұлттың  түрлі  заманда  шыққан 
тәрбие ғалымдарының ойларымен, қысқасы, тәрбие туралы, дұрыс жолға түсу үшін 
тәрбие фәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс болу керек деген сияқты ойларын 
айтады.  Бұдан  ұлт  тәрбиесіне  ерекше  кӛңіл  бӛлу  керектігі    және  әрбір  адамның 
педагог болмаса да, педагог болса да педагогиканы білу керектігі туралы терең ой 
айтқан болатын.  М.Жұмабаевтың зерделі ойын іс жүзіне асыру үшін әрбір адамның  
педагогикалық  білім  негіздеріне  қол  жеткізуі  қажет.  Сол  сияқты    педагогика 
адамның  денесін  һәм  жанын  дұрыс  тәрбие  қылу  жолдарын  үйрететін  фән 
болғандықтан,  педагогика  фәнімен  дұрыс  пайдалана  білу  үшін,  екінші  түрлі 
айтқанда,  адамды  дұрыс  тәрбие  қыла  білу  үшін  адамның  денесі  һәм  жанының 
жайын  кеңес  қылатын  басқа  фәндермен  таныс  болуға  тиісті.  Олар:  анатомия, 
физология, гигиена, гимнастика  бұл фәндер- дене туралы фәндер десе, жан туралы 
фәндер  ,олар:  психология,  логика,  этика    деп  түсіндіреді.  Сонымен  қатар 
педагогика пәнін беске бӛліп қарастырады,олар:  
1).Жалпы педагогика,  

376 
 
2).Дидактика,  
3).Методика 
4). Мектепті басқару, 
5).Педагогика тарихы 
-    дей  келе,  әрқайсысына  жеке-  жеке  тоқталады.  Осы  мәселелер  қазіргі 
педагогика  ғылымдарында  да  толығымен  қамтылған.    Мәселен,  Қоянбаевтардың 
«Педагогика» 
еңбегінде 
педагогиканың 
бӛлімдері 
тӛмендегідей 
қарастырылған.,олар: педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, 
мектепті  басқару  ,  сияқты.  Яғни  қазіргі  таңдағы  педагогика    ғылымындағы 
мәселелер толығымен М.Жұмабаевтың еңбектерінде кӛрініс табады.  
         Жалпы  педагогика  екі  нәрсе  жайында  сӛйлейді:1)дене  тәрбиесі,  2)жан 
тәрбиесі.  Дене  тәрбиесінде  жаңа  туған  баланың  бір  кесек  ет  екендігін,  оған  ата- 
ананың  бала  тәрбиесіне  аса  кӛңіл  бӛлу  керектігін,  оған  ӛлшеудің  ,  жылылықтың  
дем алудың , тыныс алудың, бала бӛлмесінің, бала тамағының, қолдан асыраудың, 
емізіктің,  аралас  тамақтандырудың,  тамақтандыру  тәртібінің  ,  бӛлеу  мен  
бесіктің,серуеннің  баланы шомылдырудың  бала тәрбиелеуде ықпалы зор екендігін 
баса  айтады  және  әрқайсысына  жеке-  жеке  тоқталып  түсіндіреді.  .  Ал  жан 
тәрбиесінде бастапқы кезеңде бала  жан тұрмысы білінбейтіндігін, ӛсе келе бірте-
бірте біліне басталатындығын сӛз етеді. Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан 
тәрбиесін  қатар  алып  жүру  керек  дейді.Бала  ӛскен  сайын  тәрбиеші  күшінің  кӛбін 
баланың жан тәрбиесіне жұмсай беруге міндетті. Жанды дұрыс  тәрбие  беру үшін 
жанның  жайын  баяндайтын  ғылыммен  таныс  болу  керек.  Ал  баланы  тәрбиелеуде 
жанды  тәрбиелейтін психология  ғылымымен таныс болудың маңызы  ӛте зор.Дене 
жанға,  жан  денеге  байлаулы,  бір-бірінсіз  қараң.  Ӛзімізге  мәлім  егер  деніміз  сау 
болса, жанымыздың да сау болғанын білеміз. Жан кӛріністерін үйренудің де жеке 
жолдары бар, олар:  
1). Ӛзін бақылау,  яғни ӛзін- ӛзі тексеруі- оның жан тұрмысының ӛркендеуіне, түзу 
жолға  түсуіне    ықпалын  тигізеді.  Ӛз  қалелігін  дер  кезінде  кӛре  білген  адам 
келешекте сол қатені болдырмауға ұмтылады.  
2).  Бақылау.  Яғни  бір  адамның  ӛзге  адамның  жан  кӛріністеріне  бақылау  жасауы. 
Егер  адам  ӛзіне  ғана  бақылау  жасап,  басқа  адамның  жан  кӛрінісіне  бақылау 
жасамаса,  біздің  жан  туралы  біліміміз  толық  болмас  еді.  Сондықтан  екінші  бір 
адамның  жүріс-  тұрысын,ісін,  пішінін  және  тағы  басқаларын      бақылау  арқылы  
оның мінез- құлқын танып білуге болады. Сонымен қазіргі егеменді елімізде болып 
жатқан  жаңалықтар  қоғамдық  процестің  барлық  саласындағы  демократиялық, 
гуманистік  ӛзгерістерді  қамтып  отыр.  Жаңару  процесі,  алдымен,  адамның  ӛзінен 
басталу  керек.  Себебі,  адам-  қоғамның  жаңа  сапалық  деңгейге  кӛтерілуінің  басты 
тұлғасы. Адамды жан-жақты, рухани болмысын жоғары етіп тәрбиелеудің қырлары 
кӛп.  Оның  алғашқы  нышандары  адам  бойында  жас  кезінен  қалыптасуы  керек. 
Сондықтан  адамды  танымның  басты  субъектісі  ретінде  тарихи-қоғамдық  даму 
тұрғысынан  қарастыру  қажет,  осы  тұста    М.Жұмабаевтың  «Педагогика»  атты 
еңбегіндегі  баланы тәрбиелеп ӛсірудің жолдарын  жан - жақты пайдаланған жӛн.   
Сӛзімізді  түйіндей  келе,    әрбір  педагог    бүгінгі  жас  ұрпақты  оқытып 
тәрбиелеуде  заманның  ағымына  қарай    бұрынғы  ағартушы-педагогтардың 
еңбектерін 
қазіргі 
педагогиканың 
озық 
тәжірибелерімен 
сабақтастыра 
отырып,педагогикалық шеберлікпен қолданса, маңызы зор демекшіміз.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет