алған әулиемен салыстыруға бола ма?» – дейді.
27
Өзімді дәріптеймін!...» – десе, Хазіреті Пайғамбар
r
сансыз иләһи көріністерге көз жекізгенімен, үлкен
кішіпейілділікпен қол жеткізген жоғары дәрежелермен
шектелмей, Раббысына хамд-мадақ пен шүкір кейпінде
және Оған жақын болу арманымен үнемі қалап жатты,
қалап жатты, қалап жатты?» – деп сұрайды.
Бұл сұрақ Мәуләнә Жәләлүддинді тек ақыл нұр-
ландырған заһир (позитивтік) ғылымның шегіне
әкеліп тірейді. Мәуләнә сол кездегі ғылыми деңгейімен
бұл сұраққа толық жауап беруі мүмкін емес-ті. Бұл
шектен Шәмс оны рухани қолданыс әрі күшпен алға
қарай бағыттайды. Өйткені заһир (ашық, сыртқы)
әлемнің арғы беті – ұшы-қиыры жоқ «ләдун әлемі».
Өстіп, Шәмс әңгімеге тартқан адамын жан дүниесін-
де жасырын болған рухани көкжиек тұңғиығына қарай
найзағай жылдамдығымен кәшф (табу, ашу) саяхатына
шығарғандай болды.
Мұндай кенет кемелденудің әсерімен Хазіреті
Мәуләнә заһири ғылым қайталауларынан алдын ала
жаттап алғандай тез арада былай жауап береді:
«Баязидтің: “Данқым қандай ұлы! Өзімді дәріп-
теймін! Мен сұлтандардың сұлтанымын!...» – деген сөзі
рухани тоқтық халінің бейнесі. Яғни оның рухани шөлі
кішкене ғана көрініспен басылған болды. Мұхиттың
көлемі шексіз, бірақ оның жүрегінің ауқымы мен күші
осындай ғана еді. Сондықтан кішкене ғана иләһи кө-
рініспен оның рухы талапсыз кейіпке келді, есінен та-
нып, ақыл әлемінен шығып кетті.
ХАЗІРЕТІ ПАЙҒАМБАРДЫ ЖҮРЕКПЕН ТАНУ