Сенің
көкірегіңді ашпап па едік» сырына қол жеткізген.
Иләһи сырлар өзін жан жақтан қамтыса да, ғарыштай
кең көңіл әлемі еш сейілмеген. Құлдың Раббысымен
арасындағы ара қашықтық шексіздігіндей Оның жүрек
ауқымы мен күші де шексіз. Сондықтан қол жеткізген
шексіз иләһи көріністер Оның иләһи ғашықтығын ба-
суға жеткіліксіз болып, керісінше, шексіз құштарлық
пен қалауы шөлдей береді. Ішкен сайын шөлі арта түседі.
Әр сәт ұлы Иесіне жақындауды қалайды. Әрбір сәт бір
кейіптен бір кейіпке жоғарылап, жоғарылаған сайын
алдыңғы кейіпіне тәубе етеді.
“Ей, Раббым! Сені керегінше және лайықты түр-
де тани алмадым... Саған лайықты түрде құлшылық
ете алмадым”
(Мүнәуи, Фәйзүл-Қадир, ІІ, 520)
– деп кішіпейіл-
ділік көрсететін».
Міне, Мәуләнә осындай сыр мен даналық көрі-
ністерімен кемелдене отырып, заһири ғылымдардың
шегінен асып, көңіл әлеміндегі Пайғамбарға ғашықтығы
арқылы өте ерекше мағына өзендері сарқырап аққан,
тілінен даналық төгілген ұлы әулиелердің бірі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |