Редактор: Закия Махитжанқызы


«Мал-мүлкін  Аллаһ  жолында  сарып  қылған-



Pdf көрінісі
бет134/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   293
«Мал-мүлкін  Аллаһ  жолында  сарып  қылған-

дардың мысалы әрбір масағында жүз дәні бар жеті 

масақ  шығарған  дақыл  іспеттес.  Аллаһ  қалаған 

пендесіне  әлденеше  артығымен  береді.  Аллаһ  – 

уәсиғ-дүр (дарқан)(толық білетін) ғалым-дүр» 

(Бақара 261)

.

Инфәқ  етілмеген  дүние-мүлік  болса  тұрып  қалып 



иістеніп  бұзылған  суға  ұқсайды.  Шәйх  Сағди  былай 

тамаша айтқан:



«Ақша  жинау  арқылы  жоғарлаймын  деп  ойлама! 

Тұрып  қалған  су  иістенеді.  Жұмсауға  тырыс.  Ағын-

ды суға аспан жәрдем етеді. Жаңбыр жаудырады, сел 

жібереді, оны иістендірмейді».

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




197

Хазіреті  Мәуләнә  бұл  ақиқатты  былайша  баян  етеді:

«Егін  егетін  алдымен  қойманы  босатады.  Кейін 

өнімі  көп  болады.  Тұқымды  қоймада  ұзақ  сақтаса, 

ақыры ол тышқанға жем болады».

Берілген  зекет  пен  садақалар  қалған  дүние-мүлікті 

тазартады. Сонымен қатар бергені үшін апаттарға қарсы 

рухани қалқан болады. Хадисте айтылады:



«Садақа  беруге  асығыңдар.  Өйткені  апат  сада-

қаның алдынан өте алмайды» 

(Хәйсәми, Мәжмәүз-Зәуәид, 3, 110)

.

Құран  Кәрімде  екі  жүзден  аса  жерде  Аллаһ 



Тағаланың  инфәқты  әмір  етіп,  үндеу  салуы  Оның 

құлдарына  деген  шексіз  мейірімінің  нәтижесі.  Аллаһ 

құлдарын  инфәқ  құлшылығын  орындауға  шақырғанда, 

негізінде,  құлдарын  инфәқтың  рухани  ләззәті,  берекеті 

мен  қуанышынан  лайықты  түрде  пайдаланып  қалуға 

шақырған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет