Редактор: Закия Махитжанқызы


ЖүРЕк  ҚАТАЮЫНЫң  дӘРМЕНІ –



Pdf көрінісі
бет131/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   293
ЖүРЕк  ҚАТАЮЫНЫң  дӘРМЕНІ –

ЖОМАРТТЫҚ  пен  ИНФӘҚ

Әр  құлшылықтың  көңілге  беретін  ерекше  көркем-

діктері  мен  ізгіліктері,  рухани  пайдалары  бар.  Адам 

баласының  шикі  мінезден  құтылып,  толықсыған  мүмин 

болуына бұл рухани пайдалардың маңызы өте үлкен.

Омар ибн Абдүлазиз рахметұллаһи аләйһи айтады:

«Намаз  сені  жолдың  жартысына,  ораза  тура 

патшаның  (Аллаһтың)  есігіне  жеткізеді.  Садақа  – 

Аллаһтың құзырына шығарады».

«Инфәқ»  сөзінің  толық  мағынасы  жақсы  зерт-

телсе, бұл құлшылық адамды рух, тұлға мен мінез тұр-

ғысынан  материяның  тұтқынынан  құтқарып,  руханият-

ты  материяға  басшы  ететіні  байқалады.  Осы  тұрғыда 

барлық  құлшылықтар  ішінде  инфәқ  құлшылығының 

рухқа беретін, бәлкім, ең үлкен пайдасы – «жан дүние 

рахаты».

Әли Исфахани рахмәтұллаһи аләйһи бул ақиқатты 

тамаша түсіндіреді:

ЖОМАРТТЫҚ  пен  ИНФӘҚ



194

«...Аман болып, күнәсіз болуды іздедім. Зүһдтен, 

яғни  күмәнділерге  түсу  қорқынышынан  мүбахтар-

дың  (халал  істердің)  көбін  тастаудан  таптым. 

Жеңіл  есепті  іздедім.  Үндемеуден  таптым.  Рахат 

пен  қуанышты  іздедім.  Жомартша  инфәқ  етуден 

таптым».

Әр  мүмин  айналасына  жауапты.  Мұқтаждардың, 

мазлұмдардың  жан  айқайына  құлақ  түре  қоя  алмайды. 

Ол  түнек  бір  түннің  шуағы  сияқты  нұрлы,  сезімтал, 

жұмсақ,  басқасын  ойлайтын,  мейірімді,  жомарт  және 

инфәқ ұшқынына толы болуы керек.

Аллаһ  Тағала  рызықтану  үшін  мақлұқатты  бір-

біріне  себепші  еткен.  Сондықтан  мұқтажға  жәрдем  – 

Аллаһтың  бізге  берген  сыйларынан  оларға  үлес  бөле 

білу – үлкен ізгілік пен иләһи сый. Мұқтаждардың жан 

айқайына  жұбаныш  болмайынша  мұсылманның  жаны 

да тыным таба алмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет