ұлысың!» – деп ақиқатты мойындаумен өмір кешуге
байланысты.
Аллаһ достары өмір сүрген ортасы үшін мейірім мен
берекет кепілі. Қоғамның барлық сатыларына ашыл-
ған мейірім мен махаббат құшағы. Сонымен қатар олар
иман иелерін өзіне тартып тұратын ынтықтық орталы-
ғы. Өйткені Аллаһ өз мінез-құлқымен безенген салих
құлдарын сүйген және өзгелерге сүйдірген.
Аят кәримәда былай делінген:
«Иман келтіріп, салих амалдар жасағандарға,
олар үшін өте мейірімді болған Аллаһ, (көңілдерде)
сүйіспеншілік жаратады»
(Мәриям, 96)
.
Осыған орай, Хақ достарының денелік болмыстары
фәни болса да, рухани болмыстары өткінші болмайды,
ұмытылмайды, сүйгендерінің көкейлерінде өзіндік
өмірін жалғастыра береді. Аллаһтың әулие құлдары
үшін көңілдерге берген бұл сүйіспеншілігі негізінде
мәңгі бақыт себепшісі болған өте үлкен нығмет. Өйтке-
ні Пайғамбарымыз
r
ахіретте кісі сүйгенімен бірге
болатынын уәде еткен. Аллаһтың бұл ерекше құлдарын
сүйіп, оларға жақын болуға тырысу құлды Раббысына
жақындатады.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
51
Егер Аллаһтың сүйікті құлдары әулиелерді жақсы
көріп, сүйген болсақ және ахіретте олармен бірге тірілті-
луді қаласақ, онда олардың көркем мінез-құлықтары-
нан нәсіп алуға тырысуымыз керек. Өйткені махаббат-
тың белгісі – сүйген жанның сүйіктісінің халімен біте
қайнасуы.
Сондықтан Хақ достарының ахлағымен безенуге
тырысу үшін көркем ахлақтың және оның олардағы
керемет көріністерін өте жақсы ұғу қажет. Міне, Хақ
достарының ұлық ахлағын көрсететін ерекше қасиет-
тердің бірі –
Достарыңызбен бөлісу: |