Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет27/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

«Рахманның  (мейірімі  көрініс  тапқан  хас)  құлда-

ры  жер  бетінде  салмақты  және  кішіпейілділікпен 

жүреді...» 

(Фұрқан, 63)

.

«Жер  жүзінде  жүргенде  дандайсып  асқақтама! 

Өйткені  (салмағыңмен,  ұлылығыңмен)  жерді  тесе 

алмайсың, бой жағынан да таулармен иық теңестіре 

алмайсың» 

(Исра, 37)

.

КІШІПЕЙІЛДІЛІК




54

«Адамдарға  паңсынып  шертиме,  жер  бетінде 

кердеңдеп кетпе! Аллаһ әспенсіген мақтаншақтарды 

ұнатпайды» 

(Лұқман, 18)

.

Аят  кәримәларда  паңсынып,  кердеңдеп  жүруге 



тыйым салынған. Расул Әкрәм 

r

 Мырзамыздың өрден 



түсіп келе жатқандай жылдам, салмақты әрі алдына қа-

рап жүруі де Оның кішіпейіл халінің бір үлгісі. Сондай-

ақ  бұл  мақталған  мінез-құлық  Аллаһ  достарының  да 

нышаны болып, тасаввуфта «Назар бәр қадам (алдына 

қарау)» сөзімен маңызды бір дәстүрге айналған.

Жүргенде  аяқ  ұштарына  қарауда  кішіпейілділік, 

әдеп,  өз  шегін  білу,  көзді  харамнан  қорғау,  Аллаһ  пен 

Расулының  әмірлеріне  деген  бағыныштылық  сияқты 

абзалдылық бар.

Тек  жүргенде  ғана  емес,  әрбір  жағдайда  кішіпейіл 

болу  Аллаһтың  махаббатына  себепші  болады.  Хадис 

шәрифте:


«...Кім Аллаһ үшін кішіпейілдік танытса, Аллаһ 

оны  көтереді,  кімде-кім  тәкаппарлық  қылса,  Аллаһ 

оны төмендетеді» – деген 

(Хәйсәми, Х, 325)

.

Хақ  досы  Мәуләнә  Хазірет  те  кішіпейілділік  мә-



селесінде  топырақтың  адам  түйсігіне  ұсынған  хикметті 

ұға  отырып,  кішіпейілділікте  топырақ  сияқты  болуға 

үндеу салады:

«Аллаһ  былай  әмір  етті:  «Ей,  адам!  Назар 

аударып, қара! Сенің топырақтан жаратылған денеңе 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




55

рухымнан  бір  тұқым  егіп,  сені  ардақты  еттім.  Сен 

бұл топырақтың бір ұнтағы бола тұра, сені ардақты 

болмыс  еттім.  Саған  ақыл  бердім,  ғашықтық  сезім 

бердім. Сен тағы бір айналым жаса да топырақ бол, 

яғни  кішіпейілділікті  өз  қасиетің  қылып  ал!  Мен  де 

сені барша жаратқандарымның үстіне әмірші етейін».

Шәйх  Сағди  Ширази  кішіпейілділік  абзалдылы-

ғының рухани өрлеу сырына назар аударту мақсатында 

суға хикмет назарымен қарап, былай дейді:



«Сел үрей тудыра аққаны үшін басы төмен дома-

лай жөнеледі. Шық тамшысы болса кішкене де әлсіз 

болғандығынан  Күн  оны  сүйіспеншілікпен  жоғары 

көтереді».

Аллаһтың  құлдарында  көруді  қалаған  кішіпейілділік 

халі иләһи сүйіншілерге жетуге себепші. Аятта:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет