113
асты етіп езіп жүрген барлық жан иесіне жомарттық-
пен сый тартады. Топырақ мақлұқаттың нәжістерін та-
залап, оларды қайта барлық тіршілік иелеріне таза, дәмді
және пайдалы азықтар етіп ұсынады.
Аллаһ Тағала хикметтерінен нәсіп алуымыз үшін
сумен, топырақпен тамаша мысал келтірген. Негізінде су
мен топырақтан жаралған адам баласы бұл болмыстар-
дың хикметі бойынша олардың ерекшеліктерін бойына
терең сіңіре білу үшін үлкен көңіл сезімі болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: