ға жақсылық жасау. Өйткені әрбір жақсылықтың
абзалдығы оның қиындық деңгейінде. Жамандығына
ұшыраған адамның жақсылығын қалау – ең қиын іс.
Сондықтан «Жақсылыққа жақсылық – әр адамның,
жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі» – делінген.
Мәуләнә Хазірет қандай тамаша айтқан:
«Судың жүздеген абыройы мен сәні бар. Ластар-
ды қабыл етеді және кірлерін тазалайды».
Кәміл мүмин су сияқты ардақты, дария сияқты
терең көңілді болуы қажет. Қаншалықты жағымсыз
жағдайға тап болса да мейірім төгетін мінез көрсетуі
керек. Нәзіктік пен пәктік, әсемдіктер шағылыстыра-
тын көңіл тазалығына ие болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |