140
«Ұстазым өмір еткен жолда ұзақ уақыт қыз-
мет еттім. Болмысым сондай халге жеткені, жол-
дан өтерде Аллаһтың қайсы бір мақлұғын алдым-
нан көрсем, дереу тоқтап қалып, алдымен оның өтіп
кетуін күтетінмін. Одан бұрын бір адым атпай-
тынмын. Осылай жеті жыл қызмет еттім. Ақыры
олардың ыңырсып, мұңлы дауыстарымен Аллаһты
зікір етіп, Оған жалбарынғандарын сезетін халге
жеттім».
Міне, хикметпен нұрланған көңілдер үшін әлемдегі
барлық нәрсе иләһи құдірет пен ұлылықты жариялай-
тын көріністерден тұрады. Бұл күйге қауыша білу үшін
рухани тәрбиенің арқасында рухтың жұмсақтық пен
сезімтал болуы, рухани көріністерді көріп, олардан ғиб-
рат алатын күйге келуі, сөйтіп даналықта тереңдеуі
шарт. Өйткені ақылмен ұғына алмайтын қаншама сыр
хикметпен шешіледі. Хикмет тереңдемей, рухани сыр-
лар ашылмайды.
Әдеп – Хақ жолындағы жолаушының ең құнды
азығы. Адам әрі діндәр, әрі дөрекі, жағымсыз, ина-
батсыз бола алмайды. Өйткені Исламның рухы жа-
ғынан өзегі – сенімде тәухид, амалда әдеп, туралық
пен мейірім. Бұл тұрғыда былай десек те болады.
Барша негіздермен Ислам діні басынан аяғына дейін
сыпайылық, нәзіктік пен пәктік өлшемдерінен, яғни
Достарыңызбен бөлісу: