Редактор: Закия Махитжанқызы


«(Ей,  Расулым!  Сол  кезде)  cен  тек  Аллаһтың



Pdf көрінісі
бет90/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

«(Ей,  Расулым!  Сол  кезде)  cен  тек  Аллаһтың 

рахметімен  оларға  жұмсақ  қатынастың.  Егер  дөре-

кі, қатыгез болсаң, әрине олар сеннен алыстап, бәрі 

тарқап кетер еді...» 

(Әлү Имран, 159)



.

Иршад,  яғни  адамдарды  рухани  тәлім-тәрбиелеу 

қызметінде  күлімдеген  жүз,  тәтті  сөз  бен  нәзіктіктің 

маңыздылығы  жайында  Шәйх  Сағди  «Бустан»  атты 

даналы еңбегінде мына оқиғаны мысал ретінде келтіреді:

«Тәтті тілді, күлімдеген жүзді бір жігіт бал са-

татын.  Бұл  соншалықты  мәрт  жігіт  еді.  Адамдар 

оның  тәттілігінен  жүректері  жалындап,  ерекше 

күй  кешетін.  Оның  бойы  мен  белі  байланған  қант 

қамысына ұқсайтын. Тұтынушылар саны шексіз көп 

болатын.

Ол сондай жігіт болатын – ол бал емес, у сатқан 

жағдайда да бәрі оның қолынан уды балдай алып ішер 

еді.

Ұсқынсыз біреу ол жігіттің саудасына қызықты. 

Пайдасын  қызғанып,  бал  сатқысы  келді.  Бал  тақ-

тайшасын  басына  қойып,  түрі  бал  емес,  сірке  суын 

сататындай  болып,  көше-көшені  аралады.  «Бал, 

бал!»  –  деп  айқай  салды.  Бірақ  балына  тұтынушы 

ғана емес, бір шыбын да қонбады.

ْمُهَل  َتنِل ِ ّللا  َنِّم ٍةَم ْحَر اَمِبَف 

َكِل ْو َح  ْنِم ْاو ُّضَفنَلا  ِبْلَقْلا  َظيِلَغ ًاّظَف  َتنُك ْوَلَو

КҮЛІМСІРЕУ




134

Кеш  болды,  үйге  оралды,  қолына  бір  тиын  да 

түспеді.  Көңілсіз  күйде  ашуға  булығып,  бір  шетке 

өтіп,  отырды.  Қылмысының  жазасынан  қорыққан 

күнәһарға,  мейрам  күні  зынданда  ұсталған  бақыт-

сызға ұқсады.

Әйелі оған әзілдеп:

«Ұсқынсыздың балы ащы болады!» – деді.

Адамды  жаман  мінез  тозаққа  тастайды.  Ал 

көркем мінез жәннаттан шыққан.

Досым!  Жүр,  қажет  болса,  бұлақтан  ыстық  су 

іш, бірақ Күннің астында күйсең де, ұсқынсыз адам-

ның қолынан салқын қант шербетін ішпе! Қабағы ті-

кен сияқты айқасқан адамның нанын жеу рухқа зиян.

Мырза,  өз  ісіңді  күйгелектігіңмен  онан  ары  шие-

леністірме!  Өйткені  күйгелек  адамдар  үнемі  бетпақ 

болады.  Ал  алтының,  күмісің,  еш  нәрсең  жоқ  делік. 

Тәтті тілің де жоқ па?»

Міне, күлімдеген жүз бен тәтті тіл иман мен көркем 

мінезден мақрұмдарды тәрбиелеудің ең маңызды қоры, 

құралы.  Ұсқынсыз  адамның  өзі  гүлстанда,  түрлі-түсті 

хош  иісті  гүлдер  арасында  жүргенде  ол  жерден  рухына 

өтетін  әсемдіктер  әсерінен  күлімсірейді.  Адамдарға 

жол сілтеуші адамдар да дөрекі және надан жүректерді 

жұмсарта  білуі  керек.  Ең  ұсқынсыз  жандарды  да 

күлімсірете білуі керек.

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




135

Кәміл  мүминдер  –  бұл  рух  күйінде  сабырлы, 

күлімдеген және адамдардың дерттерін тасуға шыдамды 

адамдар. Орынды да әсерлі насихат айту үшін де Құран 

мен  Сүннеттің  хикметімен  «иленген»  сезімтал  көңілге 

және  Исламның  күлімдеген  жүзін  шағылыстырған 

бейнеге  ие  болуымыз  шарт.  Рухани  тәлім-тәрбие  қыз-

метінде күлімдеген және алғыс айтар сезімде болу негізгі 

мінез күйіне түсуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет