Реферат тақырыбы: «Қазақстандағы әлеуметтану»


Қазақстанда социологиялық көзқарастың қалыптасу негіздері



бет2/4
Дата30.10.2022
өлшемі30,62 Kb.
#46246
түріРеферат
1   2   3   4

1.Қазақстанда социологиялық көзқарастың қалыптасу негіздері


Қазақстандағы әлеуметтік ой қалыптасуының қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы-ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды: 1) рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2) әлеуметтік-саяси даму - Қазақстандағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин болды.
Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:

  1. Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан жәнеЫ.Алтынсариннен бастау алады;

  2. Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері: М.Сералин, С.Торайғыров, С.Дөнентаев.

Белгілі ғалым С.Зиманов ағарту ісінің даму процесі кезең-кезеңімен өтеді: білім беруді насихаттаудан бастап саяси бостандықты талап етуге және оған қол жеткізу үшін күресуді талап етуге дейін деп жазады. Сонымен қатар, ағарту ісіне баға бере отырып, зерттеушілер қандай да бір ұлттық “негізде” пайда болған кез келген ағарту идеологиясы өзінің мәні бойынша интернационалдық болып табылады, себебі ең алдымен ұлттық емес, әлеуметтік және ұлттықтан жоғары проблемаларды, яғни буржуазиялық қоғамдық қатынастардың қалыптасу дәуіріндегі түбегейлі әлеуметтік проблемаларды күн тәртібіне қояды деп жазады. ХІХ ғасырдағы қазақ ойшылдарының қызметі жалпы ағартушылық, әлеуметтік проблемаларды өз елінің экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани жағдайлары арқылы шешуге бағытталды.
Ағарту философиясына тән белгі бұқара халықты білімге, білім беруге, мәдениетке, озат идеяларды қабылдауға және т.б. жұмылдыру болып табылады. Сол кездегі қоғамдық ой алдында тұрған басты мәселе қоғамның әлеуметтік прогресі және оны дамыту проблемалары болды. Ағартудың әлеуметтік философиясында қоғамдық қатынастардың даму деңгейі, меншік нысандары, қоғамның әлеуметтік құрылымы, таптар және қоғамның таптық жіктелуі, әлеуметтік теңсіздіктер және оны жоюдың жолдары, мемлекет және мемлекеттік басқару нысандары, отбасы және қоғам, қоғам және жеке тұлға туралы мәселелер, сондай-ақ оқыту, тәрбие және педагогика мәселелері қамтылған. Сонымен қатар, билік пен басқарудың айрықша құзырлығын, қоғамның саяси ұйымын және ондағы режимді талқылай отырып, ағарту ісі қоғамның сезімтал тұстарын қозғамай тұра алмайды және мемлекеттік билікке сөзсіз қарсы келеді. Егер де ол мемлекеттік биліктің қызметіне ықпал етуге ұмтылса, онда ол оған оппозицияда болады.
Қазақстандағы әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасу процесі Батыс Еуропада әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай Алтынсариннің, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың әлеуметтану саласындағы еңбектерімен және қызметімен байланысты. Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды мақсат етті. Ыбырай Алтынсарин бұл проблемаға адам жасының психологиясы мен әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады.
Шәкәрімнің философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық көзқарастары оның “Үш анық” атты еңбегінде көрсетілген, онда үш сәтті бөліп қарауға болады: 1) Шәкәрім Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерін сын көзбен зерделеп, Спенсердің, Конттûң еңбектерін талдайды, олардың көзқарастарына қатысты ұстанымын білдіреді; 2) дамыған халықтардың білімдерін өз халқына жеткізуге әрекеттенеді; 3) ақиқат ғылымды іздеу басқа жат проблемалардан бас тарту деп есептейді. Ғылыммен еркін, жалтақтамай шұғылдану қажеттігін айтады.
Екінші бағыт - таныммен, танымдық қызметпен, танымдық белсенділікпен және олардың дамуының белгілі бір әлеуметтік институттардың нақты қызметімен ұштасуына байланысты. Бұл кезеңде қазақ даласында мектептер ашыла бастады, қоғамда Ыбырай Алтынсариннің есімімен тікелей байланысты білім беру жүйесінің институттану процесі басталды. Оның ағартушылық қызметінің ерекшелігі мектеп ашумен шектеліп қоймай, оқытудың дидактикалық принциптерін жасағанында, инспекторлық бақылаудың негізін қалап, мұғалімдер даярлау жүйесін енгізуінде.
Үшінші бағыт - “Адам дүниені қалай танып біледі” атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды. Білім берудегі әлеуметтану бұл проблеманың кейбір қырларын өз зерттеулерінің пәні ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда Шәкәрімнің “Үш анық” атты еңбегі аталмыш проблеманы зерттеу құралы болып табылады.
Қазақ ойшылдарының әлемдік қоғамдық ойға қосылғандығы және қоғам мен прогресс идеяларын айрықша қабылдауы Қазақстанда әлеуметтану көзқарастарын қалыптастырудың негізі болды. Бұл қағидалар әлеуметтанудың пайда болуының қажетті шарттары болды. Теориялық әлеуметтану Спенсердің және Конттың ұғымдарындағы прогрестен бастау алады. Прогрестің өзін О.Конт адам ақылының имманенттік ұмтылысы, өзіндік қозғаушы күші ретінде түсіндіреді. О.Конттың әлеуметтік серпіні қоғамның күйреуін, жойылуын емес, керісінше оның жалпы ілгерілеу қозғалысын қамтамасыз ететін өзгеріске негізделеді, адам қоғамын жануарлардан, биологиялық бірліктен ажырататын да осы өзгеріс. Прогресс дегеніміз - жоғары бағыттағы ілгерілеу қозғалысы - эволюция.
Қазақтың классикалық ағарту ісінде проблемалар мынадай бөліктерге бөлінеді:

  • адам, оның әлеуметтік мәні;

  • білім, білім беру, ғылым;

  • әлеуметтік-мәдени құндылықтар жүйесі;

  • қоғамның әлеуеттік мүмкіндіктерінің көрінісі ретіндегі жеке адамның әлеуметтік-экономикалық және саяси қызметі, адам тыныс-тіршілігінің механизмдері, тәсілдері мен әдістері.

Зерттеулердің орталық фигурасы адам, оның табиғаты болып келген, солай бола береді де. Қазақ ағартушылары жеке адамды ғана емес, қоғамды, әлеуметтік шынайылықты да адам табиғатын басшылыққа ала отырып бағалаған. Қоғамдық құрылымының артықшылықтары мен кемшіліктері осынау әлеуметтік организмнің адамның негізгі қасиеттеріне, оның табиғатына сәйкес келуімен немесе сәйкес келмеуімен анықталған. Мәні адамның мәніне қарама-қайшы келетін қоғам ақыл-оймен жаңаруға тиіс. Қоғамдық прогрестің басым идеясы әлеуметтік тіршілік иесі және рухани бастау ретіндегі адам болып табылады.
Қоғам мен оның даму жолдары Ш.Уәлихановтың еңбектерінде көрініс тапқан. Прогресшіл идеяларды таратушылар болған ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының шоқ жұлдызы осы Шоқаннан бастау алады. Сол кезеңнің ойшылдары мен қоғам қайраткерлерінің айрықша белгілері олардың Ресейдің ғылыми орталықтарында алған зайырлы білімдерімен қоса өз халқына терең берілгендігінде. Ш.Уәлиханов – ағартудың философиялық принциптерін әлеуметтік қатынастар саласына жүйелі таратқан ойшылдардың бірі. Бұл оған әлеуметтік дамудың бірқатар проблемаларының өзіндік, аса айрықша шешімдерін беруге, өзінің әлеуметтану тұжырымдамасын жасауына мүмкіндік берді” .
Белгілі қазақ ақыны С.Торайғыров Батыстың білімін меңгеру қазақтарға қысқа тарихи кезеңде материалдық және рухани дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді деп есептеген. Әлеуметтік-саяси көзқарас тұрғысынан ол социализмді болашақтың қоғамы және оны құру үшін қазақтар Еуропаның білімі бар адамдарымен теңесу қажет деп жариялады. С.Торайғыровтың ұсынысы бойынша мұндай мәдени өрлеу үшін мың жыл емес, бар-жоғы жиырма-отыз жыл қажет. Бастысы - Еуропа елдері салған жолмен, олардың қателіктерін қайталамай, тек жетістіктерін пайдалана отырып жүру. Қазақтың әлеуметтанушылық ойына тән нәрсе – билік туралы, адамдардың өзара қарым-қатынастары туралы, туыстық пен мемлекет туралы ұғымдар мен түсініктер адамның тыныс-тіршілігінің нақты әлеуметтік шынайылықтарынан бастау алады. Абстрактілі ойлар адам болмысына барынша жақын, заттардың мәні адамзат қауымдастығына келтірер пайдасы мен зияны тұрғысынан түсіндіріледі. Бұл орайда қазақтың әлеуметтік дәстүрі қазақ қоғамының шынайы мүмкіндіктерімен және әлеуетті күштерімен қоянқолтық астасып жатыр.
Сонымен, Қазақстанның әлеуметтанушылық ойы қалыптасуының іргелі негіздері болып табылатын мына факторлар: бірінші негізгі қабатта өз дәуірінің дара ойшылдары ретіндегі Абай мен Шәкәрімнің мұралары. Олардың дүниетанымында шығыс философиясының, адам мен қоғамды тану теориясының үздік дәстүрлері көрініс тапқан. Олар қазақ қоғамының дамуындағы рухани және ізгілік бастауларына, жалпы адамзат құндылықтарына жол салған. Олардың ілімінің, көзқарастарының маңызы және шығармашылық мұрасы қоғамдық сананың орнықты принциптерімен сипатталады. Олар Қазақстан қоғамы дамуының қазіргі кезеңінде ерекше өзекті.
Екінші мәдени және ғылыми қабат ХІХ ғасырдың аяғы- ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының өкілдері болып табылады. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннен бастап қазақтың ұлттық зиялыларының шоқ жұлдызы жасақталады, оның айрықша белгілері қазақтардың дүниетанымының ұлттық нысандары мен зайырлы білімдерінің нәтижесінде алған демократиялық көзқарас-тарын ұштастыруы болып табылады. Батыстың классикалық білімдерін, патшалық режим жағдайындағы ресейлік еркін ой иелерінің демократиялық идеяларын, Шығыс ілімдерінің дәстүрлік негіздерінің және көшпенді мәдениеттің сүзгіден өтуі дүниені қабылдаудың ерекше нысандары мен қоғамды зерделеудің белгілерін қалыптастырды.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет