Реферат тақырыбы: Халықты қорғаудың негізгі прициптері мен қорғау әдістері Дайындаған: 2 курс студенті



бет6/9
Дата31.12.2021
өлшемі137,79 Kb.
#22572
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.

ДЭС ушін бөлмелер ішкі қабырғаға орналасады және басқа бөлмелерден жанбайтын қабырғамен (қоршаумен ажыратылады) панаханадан бөлмеге өтетін кіреберістер панахана жаққа қарай ашылатын екі қымталған есігі бар тамбур-мен жабдықталады.

Тамбур-шлюз басқа кіреберістер жабылғаннан кейін панаханаға адамдарды жіберу кезінде панахананың қорғаныстық қасиеттерін сақтайды, сыйымдылығы 300 адам және бірден артық кіреберісі бар панаханаға орнатылады.

Қоргалган кіреберістер мен шыгаберістер. Олардың саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру) шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады.

Панаханаға өтетін барлық кіреберістер (тамбур-шлюздері барынан басқалары) панаханаға кіреберіс арқылы радиоактивтік және улағыш заттардың, биологиялық құралдар және өрт кезінде жанатын өнімдердің түсуінен қорғай тьш тамбурлармен жабдықталуға тиіс. Тамбурдың сыртқы кабырғасына қорғағыш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабьша есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.

Панахананың авариялық шығаберісі тоннель түрінде жасалады ол үйінді баспаған аумаққа алып барады және бау-лығы бар тік шахтамен аяқталады. Панаханадан тоннельге өтетін кіреберіс тиісінше қабырғаның ішкі және сыртқы жақтарына орнатылатын қатты қымталған қақпақпен жабдықталады. Авариялық шығаберістердің баулықтары ғимарат биігінің кемінде жартысын, яғни кемінде 3 метр қашықтыққа қоршаған ғимараттардан ашпақ болуға тиіс. Қақпағының биіктігі 1,2м қабырғаға ішке қарай ашылатын қаңылтыр тормен жабдықталған ойық істелінеді. Биіктігі 1,2 м төмен жерге төмен қарай ашылатын металл тор орнатылады.

Барлық панаханалар кіреберіс пен сыртқы есікгегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханага қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.

Панаханаларда ондағы адамдар үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін санитарлық техникалық кондырғылар-дың (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай-ақ элекгр мен байланыстың болуы қарастырылады.

Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза жеддеткіш (I режим) және сүзгілік желдеткіш (II режим). Таза жеддеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.

Жаппай өрт, аумақ зиявды заттармен қатты газдануы ықтимал жерлердегі панаханаларда ішкі ауа толық оқшауланатын режим қарастылады (III режим).

Панахананы ауамен жабдықтау жүйесі ауа ұстағыш қондырғылардан, шаңнан қорғайтын сүзгіден, сүзгіш-жұтқыштан, жылу үстағыш сүзгіден, желдеткіштен, тарату желісі мен ауа реттегіш қондырғыдан қүралады, өрт ықтимал панаханаларға ауаны күкірт қышқылынан тазартылатын сүзгілер мен ауа айдау құралдары орнатылады. Ауамен жабдықтау жүйесін зақымданудан, соққы толқынынан қорғау үшін ауа ұстағыш және сорғыш каналдарда жарылыстан қорғайтын қондырғылар орнатылады.

Жылу орталыгынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жылыту жүйесі). Берілетін және қайтатын құбыр өткізгіштердің түйісіндегі тірек арматурасы панахана шегінде орнатылады. Жылыту жүйесі жылдың суық уақытында панаханада +10°С температураны, егер бейбіт уақытында оны пайдалану шарты бойынша бұдан жоғары температура талап етілмесе, қамтамасыз етуге тиіс.

Панаханада сумен жабдықтау мен канализация қалалық және объектілік жерлерде жүргізіледі. Алайда сыртқы желілер бұзылған жағдайда судың авариялық қоры, соңдай-ақ сыртқы желілерге тәуелсіз ағын жинауға арналған қабылдағыштар жасалуға тиіс.

Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3 л есеппен жасалады. Ауыз су қоры ыдысына, әдеттегідей, екі тәулік бойында толық айырбасты қамтамасыз ететін ағын тоған орнатылады. Бейбіт уақытта су шығыны қарастырылмайтын жеке түрған панаханаларда, сондай-ақ сыйымды-лығы кемінде 300 адамдық панаханаларда ауыз суы қорын сақтау үшін панахананы дайындыққа келтіру кезінде толтырылатын құрғақ ыдысты қолдануға рұқсат етіледі.

Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне қозғалтқыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Панаханың санитарлықторабы белмесіне ағыңцарды жинау үшін авариялық резервуар орнатылады. Резервуар жа-бынына унитаз орнына пайдаланылатын жөне қақпақпен жабылатын саңылау жасалады. Резервуар көлемі әрбір жасалынушы үшін тәулігіне 2 л есеппен анықталады. Құрғақ қалдықтау жинау үшін қағаз қаптар немесе пакеттер қойылатын, әрбір жасырынушы үшін тәулігіне 1л есеппен орын қарастырылады.

Панахананы электрмен жабдықтау қаланың (объектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қорғалған көзден — ДЭС-тен жүргізіледі. Сыртқы желілерден электрберу тоқтаған жағдайда панаханада көшпелі шаң батарея, велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады.

Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс қүрал ретінде объекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.



Жылдам тұргызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынған панаханалардың жсткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады олар қыска мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылғ-ысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) - 50—200 адам.

ЖТП дер кезінде салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық тораптар үшін арнайы орындардан тұруға, авариялық су қоры болуы, кіреберістермен авариялық шығаберістерімен қамсыздандырылуға тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада санитарлық торап пен қалдықтарға арналған ыдыс тамбурда, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс.

ЖТП ішкі қондырғыларына ауа беру құралдары ауаның УЗ мен БҚ-дан тазалауға арналған құм және шлак сүзгілері, дәрет пен қоқыстарға арналған ыдыстар, ауаның шаңнан тазалайтын мата сүзгі, су құйылатын ыдыс, ауа жинағыш және сорғыш саңлауларды қорғауға қорғау құралдары, жарық приборлары, сондай-ақ нарлар мен орындықтар кіреді.

ЖТП желдеткіші екі режим бойынша: таза желдеткіш және сүзгіш-желдеткіш режимімен қамсыздандырылады. Ауа беру үшін әртүрлі желдеткіштер пайдаланады .

Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардан жасалынады, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шыраққандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.

Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға әкелінген ыдыстарды сақталынатын ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі.

Қазіргі қалаларда панахана ретінде ыңғайластыруға болатын сан алуан жер асты ғимараттары бар: метро, көлік немесе жүргіншілер өткенділері, жерасты көлікжайы, кафе, кино. Өнеркәсіп объектілерінде адамдар өндірістік корпустары арасындағы жалғағыш тоннель.

Тау кен өнеркәсібі дамыған аудандарда адамдарды қорғау үшін тау ұңғымалары пайдаланылады, мұндай жерасты тұрақтары адамдарды радиоактивті сәулелену мен ядролык жарылыстан кейін түскен жауын-шашыннан сенімді қорғай алады.

Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін, ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жеткілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарда топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды. Адамдарды жасырынуға арналған ұңғымаларды қымта үшін ағаш есік қойшады, брезенттен немесе тығыз материалдан жасалынған перде ілінеді, сумен жабдықтаудың, канализация мен жарықтың қарапайым жүйелері жасалынады. Санитарлық тораптар желдетілетін ұңғымаларда орнатылуы мүмкін. Жарық үшін электровоздардың көшпелі аккумуляторлы батареялары пайдаланылады. ұжымдарда адамдарды орналастыру, олардың отыру мен жату үшін орындықтар мен нарлар орнатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет