Реферат тақырыбы: Халықты қорғаудың негізгі прициптері мен қорғау әдістері Дайындаған: 2 курс студенті



бет7/9
Дата31.12.2021
өлшемі137,79 Kb.
#22572
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Радиациядан қорғайтын орын (РҚО)

РҚО ауылды жерлердегі жөне ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп- қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады.



Жертөледегі радиациядан қорғайтын бассауғалар бейбіт уақытта, паналайтын адамдардың қорғалуын қамтамасыз ететін, қымталмаған қорғаныс ғимараттары радиациядан қорғайтын ғимараттар деп аталады. Олар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс органдарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды.

РҚО-ға бір қатар талаптар қойылады. Онын қоршайтын құрылғылары радиоактивті сәулеленуді талай мәрте әлсірету қажеттігін қамсыздандыруға тиіс. Панахана жасырынатьш адам көп келетін жерге жақын орналасуға тиіс, еденнің деңгейі топырақ суының ең жоғары деңгейінің кемінде 0,2м биік болуға тиіс. РҚО бөлмесінің биікгігі еден белгісінен бастап жабынан төменге дейін 1,9м кем болмауға тиіс. Жертөлені және басқада терендетілген жайларды панахана ретінде ыңғайластыру кезіңце олардың биіктігі төмендеу болуы мүмкін (1,7м). РҚО ретінде ыңғайластырылған бөлменің қорғаныс қабілетін арттыру бөлменің сыртқы қабырғасының сыртына еден деңгейінен 1,7м биіктікке тас пен кірпішпен қосымша қалқа немесе топырақ салынған қаптар қою арқылы қамтамасыз етіледі. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қозғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады.

РҚО-ның сыртқы қабырғасына қатты қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды кешіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.

Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.

Панахананы электрмен жабдықтау қаланың (объектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қорғалған көзден жүргізіледі. Сыртқы желілерден электр беру тоқтаған жағдайда панаханада көшпелі шам, батарея велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады.

Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде объекгі (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.

Бір жасырынуші үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуга тиіс.

Панаханаларда өз бетіімен ағатын немесе панахана ішіне қозғалтқыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канализация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Канализация жоқ кезінде дәретті жинау үшін пудрклозет немесе резервуар-шұңқыр орнатылады. Ал сыйымдылығы 20 және одан да аз адам сиятын орындарды дәретті қабылдау үшін тығыз жабылатын ыдыс қойылады.

Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады. Ластанған киімді сақтауға арналған бөлме кіреберістердің біріне ыңғайластырылады және бөлмеден жанбайтын қоршаулармен ажыратылады. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі жасырынатын орынды лас киім үшін кіреберіске киім ілгіш қоюға болады.

Жасырынатын орынды жылыту ғимараттың ортақ жылыту жүйесіне қосылады және ажыратқыш қондырғылармен жабдықталады. Жылытылмайтын бөлмелерге уақытша жылыту қондырғысын қою қарастырылады.

РҚО-да қарапайым желдеткіш немесе механикалық желдеткіш қарастырылады. Қарапайым желдеткіш ауа ұстағыш және сорғыш шахталар арқылы жұмыс істейді, келетін ауаны беруге арналған саңылау бөлменің төменгі жағына, ал сорғыш саңылау жоғары жағына орналасады. Механикалық жұмыс істейтін желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш қондырғысы жерден кемінде 2м биіктікте орнатылып, радиоактивтік шаңнан қорғайтын қалпақшамен жабдықталады.

Жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шырақ пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.

Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3 л есеппен жасалады. РҚО-ны ауыз су қорымен жабдықтау ортақ су құбырынан жүргізіледі.

Барлық панаханалар кіреберіспен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қозғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.

Барлық тізбеленген шаралар гимарат жасырыну режиміне көшірілген кезде жүргізілуге тиіс.

РҚО кұрылысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуға тиіс.

Қарапайым үлгідегі панаханалар (ҚП)

Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт ең қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым панахана — қуыстарды (ашық және жабық) салады.

Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамсыздандыруда аралық кезең болып табылады.

Олар халықты адролық жарылыстың соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималды 2,3 есеге азаяды.

Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады соққы толқынынан қорғану 2,5—3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200—300 есеге артады қуыстарды жабу сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың жұғуынан, сондай-ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.

Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2—3 есеге, жабық — 40—50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады. Әдетте оның терендігі 180—200 см, жоғарыдағы ені 110 —120 см және төмендегі ені — 80 см болады.

Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады және бір адамға 50—60 есеппен жасалады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10—15 адам, ал үлкен қуыстыкі 50 адам.

Кіреберістер түйіспелі учаскеге тікбұрышты болып жасалады, бұл жағдайда сыйымдылығы 20 адам қуыста бір кіреберіс, ал одан артық болған жағдайда екі кіреберіс жасалады. Әлсіз топырақта қуыс қабырғалары киіммен, қалың тақтаймен, темірбетон қүрылғысымен және басқа материалдармен ынғайтылады. Қабырғалардың бірінің бойымен отыру үшін орындық, ал қабырғаларға, азық-түлікпен ауыз суы құйылған ыдысты сақтау үшін қуыс жасайды. Қуыс еденнің астына одан шығар жерде орналасқан су жинағыш құдығы бар дренажды арық орнатылады.

Қуыстың жабыны бөренеден темірбетон плитасынан немесе тіреуден істелінеді. үстіне балшық қабатын немесе өзге су жібермейтін материал төсеп, топырақ себеді (0,6—0,7) және дерн жабады. Кіреберістер сыртынан есік қалқанымен жабатын люк немесе есігі бар темендетілген баспалдақты саты түрінде жасалынады. Қуысқа тақтайдан істелінген желдеткіш қорап орнатылады. Қуыстың ағаш бөлшектер, сыртқа шығып тұрған ұштарын оттан сақтайтын кранмен жабады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет