Реферат тақырыбы: Инфузиялық, инъекциялық көз дәрілік түрлер өндірісінде қолдануға рұқсат етілген көмекші заттар



бет2/5
Дата24.05.2023
өлшемі70,11 Kb.
#96384
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
ДӨТ тема 11 Даулетханқызы А (реферат )

ІІ. Негізгі бөлім
Сусыз еріткіштер және көмекші заттар. Қойылатын талаптар. Олардың номенклатурасы (2.1)
Қазіргі уақытта бізге таныс дәрілік формалардың барлығын дерлік қосымша (қөмекші) заттарды қолдана отырып дайындайды.
Көмекші заттар – бұл дәрілік заттарды дайындау үшін қажетті қосымша заттар. Көмекші заттар медициналық қолдануға тиісті нормативті құжаттармен : Мемлекеттік фармакопеямен, фармакологиялық статьялармен және басқа техникалық нормативті құжаттармен рұқсат етілуі керек.
Көмекші заттар , күшейте немесе төмендете отырып дәрілік формадан жасалған дәрілік заттар резорбциясына әсер етеді ,яғни көмекші заттарды қолданғанда дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен олардың фармакокинетикасын реттеуге болады.
Көмекші заттар ,дәрілік заттардың терапевтикалық тиімділігіне ғана емес сонымен қатар, оларды дайындау мен сақтау процессіндегі физика -химиялық сипаттамаларға да әсер етеді. Әртүрлі тұрақтандырушы заттарды қосу ,ұзақ уақыт аралығында дәрілік препараттардың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді, үлкен медициналық маңызы ғана емес дәрілік препараттардың қолдану мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретіндіктен экономикалық маңызы да бар.
Табиғи қосымша заттар өсімдік және жануар шикізаттарын, микроб тектес шикізаттарды және минералды өңдеу арқылы алынады. Артықшылығы – биологиялық қауіпсіздігі, кемшілігі – микробтық ластану мүмкіндігі жоғары.
Синтетикалық және жартылай синтетикалық қосымша заттар дәрілік түрлер технологиясында кеңінен қолданылады.Олар жоғары әсерлі ,улылығы төмен және оларды алу кезінде табиғи заттар қасиеттеріне жетілдіру мүмкіндігі бар.
Форматүзуші заттар , сұйық дәрілік форма технологиясында дисперсті орта (су және сусыз орта) ретінде қолданылады, қатты дәрілік формаларды толтырғыштар (ұнтақ , таблетка және т.б), май негізі , суппозиторий негізі ретінде қолданылады.
Микробқа қарсы тұрақтандырғыштарды (консерванттар), дәрілік препараттарды микробтың әсерінен сақтау үшін қолданады7
Этил спирті (ГФС42Е-001-97). Ашық,өзіне тән иісі және дәмі болатын түссіз сұйықтық. 78 С қайнайды.Оңай тұтанады,көкшіл әлсіз алаумен жанады.Тығыздығы -0,808-0,812 г/см.
Тазартылған су (ФС 42-2619-89). Иісі,дәмі болмайтын.түссіз ашық сұйықтық. pH=5,0 – 7,0.
Изотоникалық ерітінді. Дәмі тұздылау ,түссіз, ашық түсті сұйықтық. pH=5,0 – 7,0.
Глицерин (ФС 42-698-73). ГОСТ 6824-76 бойынша жоғары және бірінші сорттардан суды 1,225-1,235 ты суды 1,225-1,235 тығыздыққа дейін араластыра отырып динамитті дистилденген глицериннен алады. Тәтті дәмді,иіссіз,түссізсироп тәрізді сұйықтық. Глицерин 290 С -та қайнайды, аз ғана ластануда ысытылған бумен вакуумда айдалады.
Вазелин майы (ГОСТ 3164-52). Түссіз майлы мөлдір флюоресценцияланбайтын сұйықтық, иіссіз және дәмсіз ,тығыздығы 20С –та 0,870-0,890г/см .
Шабдалы майы (ГФ VIII ). Ашық сары түсті ,мөлдір сұйвқтвқ,иіссіз немесе өзіне тән ,жағымды майлы иісі бар ,ауада кеппейді ,-10 С температурада май қатпауы керек,сұйық және мөлдір болуы қажет ,абсолютті спирттің 60 бөлігінде ериді, эфирде ,хлороформда жеңіл ериді ,тығыздығы 20 С –та 914-920г/см.
Зәйтүн майы (ФС 42-821-73). Ашық сары немесе алтын сары түсті мөлдір майлы сұйықтық,иіссіз немесе өзіне тән жағымсыз иісі бар .Ауада кеппейді . +15 С –та тұндырғанда да тұна бермейді.+10…+8 С температурада лайланады .Ал 0 С- та кристаллданған массаға айналады.Спиртте ериді ,эфирмен ,хлороформмен ,күкірткөміртекпен ,бензолмен петролейнді эфирмен араласып мөлдір ерітінді түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет