Реферат тақырыбы: Инфузиялық, инъекциялық көз дәрілік түрлер өндірісінде қолдануға рұқсат етілген көмекші заттар


Көмекші заттарға қойылатын талаптар



бет3/5
Дата24.05.2023
өлшемі70,11 Kb.
#96384
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
ДӨТ тема 11 Даулетханқызы А (реферат )

Көмекші заттарға қойылатын талаптар
1.Дәрілік препараттың медициналық тағайындауына сәйкес келуі;
2.Пайдаланылатын мөлшері биологиялық қауіпсіз және ағза тінімен биосәйкес болуы қажет, сонымен қатар аллергиялық және токсикалық әсер көрсетпеу керек;
3.Дәрілік формаға даярланатын форма тудырушы қасиеттердің сәйкес болуы;
4.Дәрілік заттармен, қапталған және тығындалған заттармен химиялық немесе физико-химиялық әрекеттесуінің болмауы, сонымен қатар дәрілік препараттарды дайындау және сақтау үдерісі кезінде технологиялық жабдықтау материалымен.
5.Мүмкін микробты контаминацияның талабына дайындалатын препарат (соңғы өнім ретінде ) тазалықтары дәрежесіне байланысты сәйкес бола алады; стерилизацияға ұшырау мүмкіндігі;
6.Дәрежеге тәуелділігіне сәйкес дайындалатын препараттың (соңғы өнім ретінде) шекті жеткілікті микробтық контаминация талаптарына тәуелді болуы мүмкін; онда стерилизация жасау қажет болады.
7.Экономикалық қол жетімділік;
Көзге арналған ерітінділерді тұрақтандыру (2.2)
Жылумен стерильдеу кезінде гидролиз, сабындану, дәрілік заттардың тотығу реакцияларының жылдамдығы артады. Сондықтан көптеген көз тамшыларын тұрақтандырады. Тұрақтандыруды қажет ететін көзге арналған ерітінділерді үш топқа бөледі:

  • Әлсіз негізбен және күшті қышқылдан тұратын тұздар

  • Күшті негізден және әлсіз қышқылдан түзілген тұздар

  • Жеңіл тотығатын заттар

Құрамында бірінші топтың дәрілік заттары бар көз тамшылары мен көзге басуға арналаған ерітінділерін тұрақтандыру үшін,хлорсутек қышқылын қолдану тиімсіз, себебі ол көздің кілегей қабығын тітіркендіреді. Хлорсутек қышқылының орнына дәрігердің көрсетуі бойынша 1,9-2 % әлсіз бор қышқылы қолданылады. Бұл тұрақтандырғыш шыныдан бөлінетін сілтіні нейтралдайды және гидролиз,тотығу,күрделі эфир байланыстарының сабындану реакцияларын болдырмайды. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар:физостигмин салицилаты,дикаин,новокаин,мезатон,совкаин және мырыш тұздарынын бор қышқылының 1,9-2 % изотондық ерітіндісімен тұрақтандырады.
Атропин сульфатының,эфедрин гидрохлоридінің ,скополамин гидробромидінің ерітінділерін буферлі ерітінділерді қосып тұрақтандырады , ал дәріхана жағдайында натрий хлоридінің изотонды ерітіндісінде дайындайды.
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың сулы ерітінділері 0,1н. Натрий гидрооксиді ерітіндісімен тұрақтандырылады.
Жеңіл тотығатын дәрілік заттардың (сульфацил-натрий,аскорбин қышқылы,адреналин гидрохлориді) ерітінділерін тұрақтандыру үшін натрий сульфиті,натрий метабисульфиті,трилон Б және басқалар қолданылады.
Көз жағар майлары бұларғада консервантар қолданылады : бензалконий хлориді 1:1000 , нипагин және нипазолдың қоспасы нипагин 0,12% нипазол 0,02% сорбин қышқылы (0,1-0,2%) және басқа медицинада қолдануға рұқсат етілген консервантар ұсынылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет