Реферат Тақырыбы: Мойынның үшбұрыштары


Мойынның артқы аймағы немесе шүйделік аймақ,(латералды)



бет2/3
Дата12.10.2022
өлшемі0,92 Mb.
#42685
түріРеферат
1   2   3
Мойынның артқы аймағы немесе шүйделік аймақ,(латералды)
regio cervicales posterior seu regio nuchae.Бұл аймақ,жауырын тіласты бұлшықетінің төменгі қарыншасы,venter inferior m.omohyioideus,арқылы:жауырын-трапеция және жауырын-бұғаналық үшбұрышқа бөлінеді.
1.Жауырын-трапеция үшбұрышы, (218 сурет)
Қабырғалары:
а)алдыңғы қабырғасы:төс-бұғана-еміздік бұлшықетінің,m.sternocleidomastoideus артқы бетімен;
ә) артқы қабырғасы:трапеция тәрізді бұлшық еттің,m.trapezius бұрыштыққа қараған жиегімен;
б) төменгі қабырғасы:жауырын тіласты бұлшықетінің төменгі қарыншасы,m.omohyoideus,venter inferior, арқылы шектелген.
Бұл үшбұрыштың маңында мойын өрімінің,plexus cervicalis,сезімтал терілік нервтер мен XI жұп қосымша ми нервтің сабағы орналасқан.
2.Жауырын-бұғаналық үшбұрыш,trigonum omoclaviculare.(218 сурет)
а) алдыңғы қабырғасы:төс-бұғана-еміздік бұлшықетінің, m.sternocleidomastoideus,артқы бетімен;
ә) төменгі қабырғасы:бұғана сүйегімен,os.clavicula;
б) жоғарғы қабырғасы:жауырын тіласты бұлшық еттің төменгі қарыншасымен, m.omohyioideus,venter interior шектеледі.
Бұл үшбұрыштың бойында бұғана астылық вена өтеді.





Мойынның клетчаткалық кеңістіктері

1. Төс үсті шандыр аралық кеңістік (spatium interfasciale suprasternale) төстің мойындырық тiлiгiнiң үстiнде орналасқан. Алдынан беткей және артынан мойынның меншiктi шандырының кеңірдек алды табағымен шектелген. Ол төс-бұғана-емізік бұлшықеттiң артында сокыр қалта түзеді.


2. Ағза алды кеңістік (spatium previscerale) көмей мен кеңірдектiң алдында мойын ішілік шандырдың париеталды және висцералды табактарының арасында орналасқан.Ол өңеш пен жұтқыншақтың артында жатып,бас сүйек негізінен басталып,артқы көкірек ортамен байланысады.
4. Бүйір шандыр аралық кеңістік (spatium interfasciale cervicale laterale) мойынның бүйір үшбұрышы тұсында, мойынның меншікті шандырының беткей және омыртқа алды табақтарының арасында орналасқан.



5. Саты алды кеңістік (spatium antescalenum)
musculi sternohyoideus sternothyroideus және musculus scalenus anterior aрасында орналасқан.

6. Саты аралық кеңістік (spatium interscalenum)


musculus scalenus anterior және musculus scalenus medius шектейді.

7. Омыртқа алды кеңістік (spatium preverte brale) мойынның меншікті шандырының омыртқа алды табағы мен мойын омыртқаларының арасында орналасқан.


8. Төменгi жақ сүйек асты кеңістік (spatium submandibulare) Төменгі жақ сүйек асты үшбұрышта жатады. Ол мойынның меншікті шандырының беткей және терең табақтарымен және төменгі жақ сүйек денесімен шектелген.


9. Құлақ маңы кеңістігі (spatium parotideum) төменгі жақ сүйек арты шұңқырында орналасқан. Ол алдынан төменгі жақ сүйектің тармағымен, жоғарыдан және артынан самай сүйекпен, медиалды, латералды және төменнен шықшыт безіне капсула түзетiн аттас шандырымен шектелген.





III. Қорытынды


Мойын аймағында, regio cervicalis, орналасқан бұлшыкеттердi mm.colli деп атайды. Мойын бұлшыкеттерi құрылысы мен топографиялык орналасуы өте күрделі.Күрделі болу себебі: эмбрионалдық дамуына, топографиялық орналасуына және осы маңда орналасқан кан тамырлары мен нервтерге байланысты. Мойынның бұлшықеттерi бас пен мойынды бұруға көмектеседі. Адам үшін мойын бұлшықеттері өте манызды қызметтер аткарады. Мойын бұлшық еттерi басты тепе-тендікте ұстайды, бас пен мойын қозғалысына, сондай-ақ жұтуға қатысады.
Мойынның үшбұрыштары ретінде сипатталған бөлімдерді қолдану денсаулық сақтау қызметкерлері арасында мойын аймағында орналасқан пальпацияланатын массалардың орналасуын тиімді байланыстыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет