Сабақтың жоспары Бұлшық ет түрлері. Бұлшықет талшықтарының құрылысы. Бұлшық еттің жиырылуы және оның түрлері



бет1/9
Дата10.02.2023
өлшемі1,08 Mb.
#66691
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

№7 Практикалық сабақ. Бұлшық ет түрлері. Бұлшық ет талшықтарының құрылысы. Бұлшық еттің жиырылуы және оның түрлері. Бұлшық еттің жиырылу жылдамдығы мен қуат күші. Хилл теңдеуі. Теңдеуге енген шамалар, олардың мағынасы. Адам биомеханикасы. Эргометрия туралы түсінік.


Сабақтың жоспары

  1. Бұлшық ет түрлері.

  2. Бұлшықет талшықтарының құрылысы.

  3. Бұлшық еттің жиырылуы және оның түрлері.

  4. Бұлшық еттің жиырылу жылдамдығы мен қуат күші.

  5. Хилл теңдеуі. Теңдеуге енген шамалар, олардың мағынасы.

  6. Адам биомеханикасы.

  7. Эргометрия туралы түсінік.



Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Бұлшық еттердің молекулярлық құрылымы мен жиырылуы, талшықтарының қызметтік негізінде жататын физикалық және механикалық заңдылықтар туралы түсіндіру.

Сабақтың мазмұны:


Бұлшық еттер тірек қимыл аппараттарының негізгі бөлігі. Бұлшық еттің жұмысы оның жиырылғыштық қасиетінде. Бұлшық ет жұмысы жүйке жүйесімен реттеледі. Егер бұлшық еттер жиырылған кезде дене, бірорыннан екінші орынға ауысса динамикалық, ал егер бұлшық ет жиырылғанда, дене қозғалыссыз қалса-статикалық жұмыс деп атайды. Бұлшық еттер пішініне қарай әр түрлі қызмет атқарады. Оларың күші көлденең қимасына яғни ет талшықтарының санына олардың қалыңдығына байланысты өтеді.
Адам денесіндегі бұлшық еттер: біріңғай салалы, қаңқа және жүрек бұлшық еттерінен тұрады. Біріңғай салалы еттер ішкі мүшелердің тамырлардың және терінің құрамында, ішектердің, зәр шығару жүйелерінде кездеседі. Бұл ұлпа жалпы еріксіз жиырылып, биологиялық сұйықтықтардың ішкі мүшелердің толқынды қимылын, қан тамырларының кеңейіп таралуын қамтамасыз етеді. Еріксіз жиырылатын еттерге жүрек бұлшық еті де жатады. Бірыңғай салалы бұлшық еттің функциональды өлшемі-миоцит тобы, бірыңғай салалы ет ұлпаның құрылыстық бірлігі болып миоцит клеткалары, ал қызметтік бірлігі болып миоцит тобы саналады. Миоцит дәнекер ұлпадан қоршалған олар жүйке талшықтарынан нервтеліп, ол жерде жүйкелер қозуы бір жасушадан екінші жасушаға жасушааралық тиіспемен беріледі. Миоциттер жіңішке актин, жуан миозин және аралық филаменттерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет