Реферат тақырыбы:Ғаламдық жылынудың мәселелерінің теріс әсері № Жұмысты орындау сапасы


Жаһандық жылынудың адамзатқа және қоршаған ортаға әсері



бет4/5
Дата11.12.2023
өлшемі38,54 Kb.
#137027
түріРеферат
1   2   3   4   5
Жаһандық жылынудың адамзатқа және қоршаған ортаға әсері:
Ауа-райының өзгеруіне қатысты халықаралық конференция ғылыми-фантастикалық триллердің барлық элементтеріне ие.Бұл халықаралық кездесу бүкіл ғаламшарға төніп тұрған қауіптің алдын-алуға бағытталған стратегияны жасауға ниеттеніп отыр. Егер көптеген ғалымдардың айтқандары дұрыс болса, онда бұл қауіп әрбір онжылдық сайын өсуде.БҰҰ-ның болжамына сәйкес, егер көмір қышқыл газының ауаға тарауы қазіргідей деңгейде жалғаса берсе, осы ғасырда әлемнің орташа температурасы Цельсий бойынша 3 градусқа көтерілмек.Бұл өз кезегінде ауа-райының тым қатты өзгеруіне әсер етеді, яғни жер бетінде дауылдар мен құрғақшылық болуы мүмкін. Сонымен қатар теңіз деңгейі өсіп, су тасқыны көбеюі ықтимал.Мұндай қорқынышты сценарийдің алдын-алу үшін әлем елдері мен ғалымдар ғылыми мақсатпен бүгін Копенгагенге жиналды.Олар алдағы онжылдықта ең жоғарғы температураның 2 градустан көтерілмеуіне кепілдік бергісі келеді. Еуропа Комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу өткен айда Бейжіңде сөйлеген сөзінде былай деп мәлімдеді:«Біз табиғат заңдары мен ғылымға қарсы тұра алмаймыз. Ғылымға сәйкес, біз ғаламдық температураның екі градустан артық көбеюін қабылдай алмаймыз». Америкалық қоршаған ортаны қорғау сарапшылары ғаламдық жылынудың ауыр зардаптарының қандай болатынын, соның ішінде, адам денсаулығына қалай әсер етенінін айтып берді. Олардың тұжырымынша, ғаламдық жылыну тағам сапасына теріс әсер етеді, бұл өз кезегінде адам денсаулығына қауіп төндіреді. Нақтырақ айтқанда, атмосферадағы көмірқышқыл газының шектен тыс көбеюінен тағам сапасы, яғни, жерден өнетін қоректік өсімдіктердің құнарын төмендетеді. Сондай-ақ, ғаламдық жылыну тағам инфекциясына жататын сальмонелла мен норовирустың жаппай өршуіне алып келеді. Сарапшылардың айтуынша, енді бір он бес жылдан кейін аптап ыстық орнайды, адамдар тозаңдану маусымының ұзаруына байланысты астма мен аллергиядан зардап шегетін болады. Оның үстіне, ауа ұдайы ластанып, масалар мен бүргелер, т.б. паразиттер қаптайды.


Киото хаттамасы
Ғаламдық жылынумен күресуге бағытталған халықаралық келісімшарт. Ғаламдық жылыну мәселесін шешу қиындық тудырып келді, себебі бұл толық зерттелмеген мәселе болып саналады, “климат скептиктерінің” ойынша, біз бастан өткерген ғаламдық жылыну мұхиттың және атмосфераның қалыпты табиғи өзгерісі болып табылады. Оның үстіне парниктік газдардың шығарылуын азайту қиын, себебі арзан және көп энергия беретін қазбалы отын баламасы өте аз. Көптеген елдер дамып жатқандықтан, өсіп жатқан халық санын энергиямен қамтамасыз етіп, халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту қажет. Мемлекеттер арасында парниктік газдардың қалдықтары қаншалықты қысқартылуы керек жөнінде және қажетті өзгерістер үшін төлемақы төлеу жайында келіспеушіліктер туындап жатыр. Ғаламдық жылынуды тоқтату немесе соған қарай ыңғайлану тиімді болатындығы, не тиімді болмайтындығы жайлы көптеген пікірталастар бар.Киото хаттамасына енудің эко­но­микалық жағынан тиімділігін ұққан Ресей хаттаманы ратифи­ка­циялады және өз экономикасына жылына 4-6 млрд. доллар көле­мін­де шетелдік инвестиция тартуды көздеп отыр. Алайда, атмосфераға зиянды заттарды бөлудің алдыңғы легіндегі, барлық зиянды шыға­рын­дының 36,1 пайызын алып отырған АҚШ асығар емес. Мұ­хит­тың арғы жағындағы алпауыт елдің хаттаманы ратифика­ция­ла­мауының ресми себебі – Қытай, Үндістан тәрізді ауа ластауда әжеп­тәуір “үлестері” бар дамушы елдердің осы халықаралық құжат­ты ратификацияламауы. Бұл, екінші жағынан АҚШ-қа тиімді.1980 жылы әлемдік қоғамдас­тық­тың назары ғаламдық жылыну проблемасына ауды. Атмосфера­ның ластануы, жыл сайын ауа тем­пе­ра­тура­сының көтерілуі полюс­тер­дегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұ­хит суларының деңгейі көтеріліп, жа­ғалау бойына жыпырлай ор­на­лас­қан ірі қалалар, елді мекендер су астын­да қалады деген қауіп ай­ты­ла бас­та­ды. Бұл алдымен адам­ның таби­ғат­қа тигізіп жүрген за­ла­лын ойлан­бастан жасаған шаруа­шы­лық қыз­ме­тінің салдары, көмір­қыш­қыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бө­лінуінің әсері деген ғалымдар пайым­дауы біраз жайды аңғартты. Шынында да, жыл сай­ын әуеге көтерілген метан мен кө­мірқышқыл газы жерді қатты қы­зып кетуден сақтайтын инфра­күл­гін сәулелерді жұтып, планета тем­пературасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық бере­тін стансалардан, қаладағы кәсіп­орындардан бөлінген көмірқыш­қыл газы атмосфералық қабатқа өте­тін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Планетадағы жасыл ал­қаптар – ормандар бұл газдың біраз бө­лігін қажетіне жаратқанымен, бар­лығын жұтуға шамасы жетпейтін болды.

Зиянды газдардың ауаны бұ­лай­ша ластауы Солтүстік Америка мен Еуропаның дамыған елдерінде және Қиыр Шығыстың индус­трия­сының дамуы қарқын алған елде­рінде көбі­рек орын алуда. Осындай атмо­сфе­радағы антропогендік өз­ге­рістердің Жер шарының жылыну проблема­сы­на алып келетіндігін ресми мой­ын­дау 1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басын­да Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруін зерттейтін үкі­мет­аралық сараптау тобының баян­да­ма­ларынан бастау алады. 1992 жылы Рио-де-Жаней­ро­да өткен Жаһандық орнықты даму самми­тін­де антропогендік өзгеріс­тер­ге ұшы­рамау үшін ауаға бөлі­не­тін газдың мөлшерін тұрақтандыру, климаттық балансты сақтау міндеті қойылды. Бұл конвенцияға 186 ел қосылатындығын білдіріп, ол 1994 жылдан бастап күшіне енді.


Жалпы, климаттың антропо­ген­ді өзгеруінің әсері қай деңгейде бо­луы мүмкін деген сауалға жауап із­деп кө­рейік. Ғалымдар планета­да­ғы климат жылылығы 2 градусқа жо­­ғарылағанның өзінде Жер ша­рында 500 млн. адам ауыз судан тап­шылық көреді, 3 градусқа жы­лығанда 3 млрд. адам ауыртпалық тартады деп есептейді. Себебі, климат өзгеріске ұшыраған сайын тегеурініне шыдас бермейтін қатты дауылдар, топан сулар қаптауы жиі­лей беретін бо­ла­ды. Бұдан, әри­не, бірінші кезекте ауыл шаруа­шы­лығы үлкен зиян ше­гетіндігі ай­қын. Ал ол өз кезегінде азық-түлік тап­шылығына алып келеді. Әлем­дік мұхит деңгейінің өсуінің де қатері аз емес, геогра­фия­лық кар­таның суреті қазіргі уақытқа мүлде ұқсамай, Голландия сияқты елдер мен Нью-Йорк секілді жа­ға­лауға жақын орын тепкен қалалар мен көптеген әсем аралдардың су асты­на кету қаупі бар. Нидерланд, Ұлы­британия сияқты аралдағы мемлекеттер, Кариб бассейніндегі және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы арал мемлекеттер үшін бұл қиын­дық­тың салмағы тым ауыр болмақ.


Жердің орташа температурасы қазіргі кезде 14 градус Цельций, Фаренгейт бойынша 57 градусты көр­сететіні есептеп шығарылды. Негізінен атмосфераға булы газ­дар­­дың көтерілуі табиғи нәрсе. Алай­да, ғалымдар адамдардың тір­ші­лігінің нәтижесінде булы газ­дар­дың көте­рі­луі молайып кеткендігін алға тар­тады. Әсіресе, ол соңғы 50 жылда қат­ты көтерілген. Олардың ішінде көмірқышқыл газының көтерілуінің салдары Жер шары­ның жылынуына алып келеді деге­німізбен, бұл орайда ғалымдардың пікірінің де түрлі екендігін айта кеткен ләзім. Бірік­кен Ұлттар Ұйымының 130 елінен 1000-ға тарта ғалым тартылған “Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сарап­шы­лар тобының” (КӨҮСТ) 2007 жыл­ғы төртінші соңғы есебін­де 1906-2005 жылдар аралығында жер тем­пературасының жылынуы 0,74 градусты құрады делінген. Мұхит сулары терең қабаттардағы мұздай сумен араласуынан Жер шарының оңтүстігінде олардың жылыну дең­гейі төмен, ал солтүстіктегі құр­лық­та жылыну жоғары. Спутник арқылы жүргізілген зерттеулер 1960 жылдан бері екі полюстегі мұз қабаттарының аумағы 10 пайызға азайғандығын көрсеткен. Әсіресе, Солтүстік жартышарда оның аума­ғы 15 пайызға дейін кеміп, мұздың қалыңдығы 40 пайызға жұқарған. Гренландия мен Арктика мұздары­ның жылдамдықпен еруі зардабы­ның дәмін алғашқы болып сол­түс­тік­тің ақ аюлары татып жатса керек.Қазақстан Киото хаттамасы­ның тетіктері арқылы энергия үнемдеуге байланысты үлкен ин­вестиция тартуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, экономиканың шикі­зат­тық бағыттылығы нысаналы түрде, біртіндеп жоғары техноло­гия­лық өндіріс үдерістеріне өзге­ре­тін болады. Цифр тілімен сөй­ле­сек, Қазақстанда жыл сайын ауаны 213 миллион тонна өндіріс қалдықтары ластайды. Ал еліміз­де­гі жоғары булы газдың шығарын­дысының 80 пайыздайы бір ғана энергия секторына тиесілі болып отыр. Жалпы алғанда, біздегі қуат көзін үнемдеу, оның тиімділігін арттыру әлеуеті жоғары. Қазақстан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Киото хаттамасының тетіктерін пайдаланса, инвести­ция­лы­қ жобалар бірнеше есе арзан­ға түспек. Сондай-ақ елімізде осы жолда озық технологиялар не­гізінде құрал-жабдықтарды жаңар­тып, өнім сапасын жоғарылатуға және әлемдік рынокта отандық өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыруға болады деген пікірді жақтаушылар көбейді.


Киото хаттамасының елімізде ратификацияланбауы әлемдік дең­гейде климаттың өзгеруі бойынша шешім қабылданарда Қазақстанды дауыс беру құқығынан айырып қана қоймай, біздегі барлық эко­логиялық бастамаларға тосқауыл болып келді. Ал хаттама уақыты шектеулі. Осыны ескергендіктен де болар, соңғы кездері Парламентте хаттаманы ратификациялау бағытындағы жұмыстар қарқынды жүрді. Сөйтіп, құжат Мәжіліс пен Сенатта мақұлданды.


Енді Киото хаттамасын рати­фи­кациялау Қазақстанның әлем­дегі инвесторлары мен серіктестері арасында оң пікір қалыптастырып, елімізде “Киото үдерісін” дамы­ту­ға, тиімді энергия саясатын енгізу­ге, зиянды заттардың шығарын­ды­ларын қысқартуға, сондай-ақ бар­лық экономикалық саладағы ашық­тыққа жетуге оң ықпал етеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет