4
НЕГІЗГІ БӨЛІМІ
1.Жүрек құрылысы .
Жүрек ұшы кеуде қуысында сол жақтағы V қабырғаға
тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөледі. Оны оңжүрек, сол жүрек
деп бөледі. Әр жүрек жүрекше мен қарыншадан тұрады.
Жүректе 4 қуыс бар: 2 жүрекше, 2 қарынша. Жүрекше мен қарынша
арасында атриовентрикулярлық тесік болады. Тесікті жабатын екі
жақтаулы және үш жақтаулы қақпақшалар бар.Жүректің сыртындағы
дәнекер ұлпадан тұратын қабын – үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек
үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды.
Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын
бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы
жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары
болады кейде оларды саңырауқұлақ деп атайды. Жүрек үш қабаттан
тұрады. Сыртқы жұқа қабаты – эпикард, ортаңғы қалың бұлшық етті
қабаты – миокард, ал камераларды астарлап жатқан жұқа қабаты –
эндокард деп аталады. Миокард қабатындағы бұлшық ет талшықтары
жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта орналасқан. Сыртқы
қабатындағы бұлшық ет талшықтары екі жүрекшені де тұтасымен қоршап
тұрса, ішкі қабатындағы бұлшық ет талшықтары әрбір жүрекшені жекелей
қоршап жатады. Қарыншалардағы бұлшық ет талшықтарының қабаттары
(сыртқы және ішкі) екі қарыншаны да тұтасымен қоршап, ал ортаңғы
қабаты әрбір қарыншаны жекелей қоршап жатады. Сол қарыншаның
миокард қабаты оң қарыншаның миокард қабатынан 2 – 3 есе қалың.
Өйткені сол қарыншадан бүкіл денеге тарайтын қолқа қан тамыры
басталады. Жүрекшелер мен қарыншалар арасындағы тесікті жақтаулы
қақпақшалар (клапандар) жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалар
қарыншаларға қарай ашылады. Оң жүрекше мен оң қарыншаның арасын
үш жақтаулы, ал сол жүрекше мен сол қарыншаның арасын қос жақтаулы
(митральді) қақпақшалар жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалардың
жиегіне қарыншалардың ішінде орналасқан емізік тәрізді бұлшық еттер
бекіп, жақтаулы қақпақшаларды қарыншаларға қарай ашады. Жүректің
қарыншалары мен олардан басталатын артериялық қантамырлардың
арасында үш жарты тәрізді қақпақшалар бар. Бұл қақпақшалар
қантамырлардың ішіне қарай ашылады.
|