Реферат Тақырып: экг-ні тіркеу және талдау қағидалары Орындаған: Ендібай Арайлым Тексерген: Өтеуова Улдана Дастанқызы Факультет: Медицина Курс: тобы: 109б алматы 2023 жыл Мазмұны


Электрокардиография туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата14.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#115085
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
4.Электрокардиография туралы түсінік. 
Электрокардиография - бұл жүрек жұмысы кезінде пайда болатын 
электр өрістерін тіркеу және зерттеу әдістемесі. Электрокардиография – 
бұл салыстырмалы түрде арзан, бірақ кардиологиядағы 
электрофизиологиялық аспаптық диагностиканың құнды әдісі. ЭКГ 
жүректе пайда болатын электр тогын (биотокты) графикалық түрде жазып 
алу тәсілі. Жазып алатын аппарат 
электрокардиограф
деп аталады. Қағаз 
лентаға графикалық сызба түрінде алынған мәлімет 
электрокардиограмма
деп аталады. Қозудың жұмыс миокардының аса көп жасушаларын қамтуы 
осы жасушалардың бетінде теріс зарядтардың пайда болуын тудырады. 
Жүрек қуатты электр генераторына айналады. Жоғары электрлік 
өткізгіштігі бар дене ұлпалары жүректің электрлік потенциалын дене 
бетінен тіркеуге мүмкіндік береді. Жүректің электрлік белсенділігін 
зерттеудің В. Эйтховен, А.Ф. Самойлов, Т.Льюис, В.Ф. Зеленин және т.б. 
ұсынған осындай әдістемесі электрокардиография деген атқа ие болды, ал 
оның көмегімен тіркелетін қисық электрокардиограмма (ЭКГ) деп 
аталады. Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын 
бағалауға және ЭКГ-ң өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын 
жорамалдауға мүмкіндік беретін медицинада кең таралған диагностикалық 
әдіс болып табылады. Қазіргі кезде арнайы құралдар – электронды 
қүшейткіштері және осцилографтары бар электрокардиографтар 
қолданылады. Қисық сызықтар қозғалмалы қағаз жолағына жазылады. 
ЭКГ-да негізінен 5 тізшені ажыратуға болады: P, Q, R, S, T. Кейде U 
толқынын да байқауға болады. P тізшесі жүрекшелер миокардының қозу 
үрдісін көрсетсе, QRS кешені — қарыншалар систоласын, ST сегменті 
және T тізшесі қарыншалар миокардының реполяризация үрдісін 
көрсетеді. U тізшесінің түзілу табиғаты жайлы зерттеушілердің 
көрқарастары ажырайды. Бірқатары осы тізшенің түзілуі папиллярлы 
бұлшық еттердің немесе Пуркинье талшықтарының реполяризациясымен 



сипатталады деп есептесе, басқалары – диастола кезінде миокард 
жасушаларына калий иондарының кіруіменен байланысты деп 
есептейді.Реполяризация үрдісі (Repolarization) — жасуша мембранасынан 
әрекет потенциалы өткеннен кейінгі осы мембрананың тыныштығының 
бастапқы потенциалы қалпына келу фазасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет