Реферат XVIII ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басына дейінгі қазақ жерін



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата11.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#137597
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
 Барлау-тыңшылық əрекеттері 
Отарлаушы күш өздері бағындыруды көздеген елдің ішкі басқару жүйесі мен 
салт-дəстүрін толық зерттейді. Ондағы мақсаты – отарланушы халықтың осал тұсын 
табу, қоғамдық қатынастарды берік ұстап тұрған басқару жүйесін бұзып, салт-дəстүрін 
тəрк еткізу. 
Жоғарыдағыдай жауыз мақсатты көздеген патшалық Ресей Иван Грозный кезінен 
бастап, қазақ қоғамындағы əдет-ғұрып заңдарын жинап, сұрыптап, танып-білу арқылы 
қазақ даласын отарлау саясатын көздеді. Ол үшін қазақтың əдет-ғұрып нормаларының 
түпті мəнін жойып, олай болмаған жағдайда орыстың əдет-салтына бейімдеуге 
ұмтылды . 
Қазақтың салт-дəстүр, əдет-ғұрпын зерттеу деген – желеумен сахараға жекелеген 
саяхатшылар аттандырып отырды. Олар қазақтың салт-дəстүрін, мінез-құлқын, 
тұрмыс-тіршілігін, өмір сүру қағидасын, қарым-қатынасын ине-жібіне дейін зерттеп, 
хатқа түсіріп, Ресей отарлау саясатын жүргізудің негізгі ошағы Ресей географиялық 
қоғамына тапсырып отырды. Осында жиналған құжаттарды сараптайтын үлкен 
институт жұмыс істеді. 
Тарихшы Өжетбек Өмірзақов өзінің «Ресейге қосылғаннан не ұттық?» атты 
монографиясында жоғардағы салт-дəстүрді отарлаудың басты себептері ретінде былай 
деп тұжырымдапты. Қазақ əдет-ғұрып нормаларын Ресейдің жинауына: 
бірінші себеп: Қазақ халқының əдет-ғұрып заңдарын біліп, оның егжей-тегжейіне 
үңілу; 
екінші себеп: Ресей мүддесіне қайшы келетін тұстарына шектеу жасау; 
үшінші себеп: Қазақтың əдет-ғұрпын білу арқылы халықты толықтай бақылауға алу; 



 төртінші себеп: Кезі келіп, сəті түскенде оларды жойып жіберу; 
Бесінші себеп: Қазақтарға ұқсас (қырғыз, өзбек, түркімен) халықтарға үстемдік ету 
үшін пайдалану. 
1734 жылы Орынбор экспедицияның құрамында болған орыс саяхатшысы П.И. Рычков 
қазақтың шаруашылығы, ру-тайпа құрлымы жəне отарлық саясаттың басты бағыттары 
жайлы зерттеу жүргізсе, 1768-1774 жылдары қазақ даласында барлау экспедициясы 
құрамында болған тағы бір ұлты неміс зерттеуші-тыңшы И.Г. Георгий жергілікті 
қазақтар туралы жазған мəліметінде: «олар өте аңғал, сенгіш, осы мінезін пайдалана 
отырып, ортасына алауыздық отын жағып, сол арқылы отарлау саясатын жүргізу 
қажет» депті . 
Орынбор генерал-губернаторы И. Неплюевтің тапсырмасымен Кіші жүз қазақтары 
арасына тыңшылық-зерттеу жүргізген В.И. Витевский: «Қазақ даласын отарлаудың 
бірінші бағыты – Ресейдің ішкі өлкелерінен шаруаларды көптеп қоныстандыру, екінші 
бағыты – орысша оқытуды қолға алу» қажет деп алғаш рет ресми түрде ұсынса, тағы 
бір зерттеуші П.С. Павлов: «қазақтарды отарлау мəселесін тездету керек, бұл іс Ресей 
үшін орасан зор пайда келтіреді», – депті. 
Жоғарыдағы зерттеуші-тыңшылар қатарына И.П. Фалькті де қосуға болады. Ол 
Қазақияның тарихы мен этнологиясын терең зерттеп, оны отарлау ісіне пайдалану үшін 
қызмет атқарған. Бұндай зерттеушілердің арасында өте көп еңбек атқарған адам – А.И. 
Левшин. Бұл ғалым қазақ арасында əкімшілік басқару жүйесіне қатты маңыз беріп, 
көнеден келе жатқан билер институтының əсерін зерттеп, қазақ даласының 
географиялық анықтамалығын кең түрде хатқа түсірген. 
Сол сияқты ХІХ ғасырдың басында патша үкіметінің тапсырмасымен қазақ даласының 
құнарлылығын, 
халқының 
əдет-ғұрпын, 
салт-дəстүрін 
зерттеу 
мақсатында 
ұйымдастырылған экспедицияны басқарған Феодор Андреевич Щербина өзінің 
«Киргизская народность в местах крестьянских поселений» атты жазбасында 
қазақтардың 13 түрлі кемістігі мен 12 түрлі жақсы сипаттарын атап көрсетіпті (Бұл 
деректі Ғани Абайұлы деген адам ертеде жариялаған көрінеді, өз кезінде қазақ ақыны 
Мұзафар Əлімбаев көшіріп алған). Сонымен қырғызды жағымсыз жағынан мінездейтін 
13 қадір-қасиеті, атап айтқанда: • өзіне шынайы сүйіспеншіліктің жоқтығы; • 
табансыздық; • сөздегі айнымалылық; • жалғаншылық; • сөз құмарлық (мылжыңдық); • 
пайдакүнемдік; • аңқаулық; • арызқойлық; • дауқұмарлық; • даңғойлық; • айлакерлік; • 
құмарпаздық; • мақтаншақтық. 
Бірақ, осы жағымсыз жақтарымен қатар қырғыздың өзіне тəн жақсы қадыр-қасиеттері 
бар, атап айтқанда: • діни көзқараста фанат емес жəне ерікті діншіл (дінде ерікті); • 
сауда жəне экономикалық салада олар адал жəне өз сөзіне табанды; • ақыл-ой жағынан 
қызыққыш 
жəне 
білуге 
құмар; 
• 
қырғыздар 
өзінің 
парасаттылығымен 
(салауаттылығымен) қатты ерекшеленеді; • маскүнемдік жəне спиртті ішімдікке 
құштарлығы жоқ; • балаларына сүйіспеншілігі өте жоғары; • өтінішті жерге тастамауы 



 (тікелей аударса – өтініш жасауға оңайлық); • үлкендерді құрметтеу – ақсақалдарды, 
сондай-ақ, халықтың танымал өкілдерін құрметтейді; • таңғажайып бейбітсүйгіштігі, 
соғыстың тұтануынан жасқанатыны – қырғыз халқын ең жағымды жағынан 
бейнелейді; • мүмкін оның үнемі табиғатпен қарым-қатынаста болуының арқасында 
шығар, қырғыз шын мəнінде ақын халық; • ол əн салуды жəне поэтикалық əңгімелер 
мен аңыздарды тыңдауды сүйеді; • дене бітімі жағынан қырғыздардың денсаулығы 
жақсы əрі қатты шыныққан; • бұл халық қалай болғанда да дəл қазіргі жағдайда, 
мысалы, қалмақтар, башқұрттар жəне т.б. бұратаналар сияқты құрып кетпейді, əлі 
өсіп-өнеді жəне жетіле береді. 
Ғалым-ақын Серікзат Дүйсенғазин Дулат Бабатайұлы туралы зерттеу еңбегінде: Ресей 
империясының қазақ даласына жіберген елшісі А.И. Тевкелев 1731 жылы 27 қаңтарда 
Ресей сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақ халқының: 12 түрлі жақсы 
қасиетін: (төрені сыйлау, үлкенді сыйлау, кісі ақысын жемеу, арақ ішпеу, бауырмалдық, 
рулардың арасында жіктің жоқтығы, ақынжандылық, табиғатты аялау, байлыққа 
қызықпау, сыпайылық, адамды жатырқамау, білімге құштарлық). 
6 түрлі жаман қасиетін: (мақтаншақтық, зиянсыз өсекке жақындық, адамның көңілі 
үшін көлгірсу, шендіге бас изеу, дарақылық, ру-тайпаға бөлінушілік) атап көрсеткені 
жайлы жазады. 
Республикалық «Ана тілі» апталығының 1992 жылы 23 сəуір күні жарық көрген кезекті 
санында Қ. Əзбергенов: «Ресей билеушілері қазақ халқын отарлау барысында əуелі 
арнайы тыңшылар жіберіп, «қазақтан шыққан атқамінерлердің мойына алақандай 
медаль тағып, арқасынан қағып, бір-біріне айдап салу тиімді» деген құпия шешім 
қабылдағаны жайлы баяндайды. 
Сол сияқты, үлкен ғалым Шоқан Уəлиханов өзінің 1864 жылы жазған «Сот реформасы 
жайында хат» атты еңбегінде, орыс шенеуніктерінің қазақтар арасында барлау-зерттеу 
ісін жүргізіп, қазақтардың байырғы сот жүйесі мен этножаралым тарихын зерттегені 
жайлы айтады. Яғни, 1840 жылдарды Ресейдің шекара басқармасындағы Сотников 
деген шенеунікке қазақтардың заң жобаларын, сот ғұрыптарын жинастыру 
тапсырылады. Бұл шенеунік өзіне тапсырылған істі тереңнен тартып зерттеуді қолға 
алып, қазақтың ру басыларын алдын ала приказге жинайды да, олардан: қазақ халқы 
қайдан шықты, олар қалай қалыптасты, «қазақ» деген сөз қайдан шықты, деген 
сұрақтар қояды. Қазақтар болса, «біздің ата-бабамызды білгеннен орысқа не пайда, 
бұның арғы жағында арам пиғыл жатыр. Бұлардың мақсаты, қазақтың түбін 
орыс-казактардан шығармақшы, сөйтіп, бізді орысқа айналдырудың тағы бір харам 
жолын ойластырып отыр», деген күдікпен приказға жиналған қазақтар өздерінің арғы 
тегі араб жəне түріктен тараған етіп көрсетеді... Сотников қазақтарды орыс-казактарға 
айналдырмақ болды деген қауесет қырда көпке дейін басылмады дейді . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет