Қазақ даласы мен Орта Азияны барлау үшін алғашқы экспедиция 1713 жылы
жасақталды. Оны Александр Бекович-Черкасский басқарды.
Ресей билеушілері
өздерінің озбыр саясатын қолдаған кіші халықтардан шыққан сатқын өкілдердің
қолтығына су бүркіп, түрлі əскери, дворяндық шен, титулдарды аямай үлестіріп, өз
мақсаттарына пайдалана білді. Сондай саясат торына түскендердің бірі жоғарыдағы
қабардин бегі Бекович-Черкесский еді. Оған «князь» атағы берілді.
Осы Бекович-Черкасскийді І Петр патша болашақта Азияны отарлау жоспарына
пайдалану үшін 1707 жылы «əскери өнер үйренсін» деп Еуропаға оқуға жібереді. 1713
жылы оқуын тəмамдаған князьға Орта Азияны барлау экспедициясын басқартады.
Құрамында 4000-ға жуық мүшесі бар экспедиция Астраханнан шығып, Гурьевке
келеді.
Одан Ембіні көктей өтіп, Хиуаға беттейді.
Бұл экспедицияны хиуалықтар достық сыңай танытып қабылдайды да, алдап соғып
бəрін қырып тастайды. Бұл қырғыннан бірде-бір экспедиция мүшесі аман қалмайды,
Бекович-Черкасскийдің өзі де қаза табады.
1714 жылы І Петр патшаның атына Сібірдің бірінші губернаторы Матвей Гагарин
жіберген хат келіп түседі. Онда қазақ даласын барлау, игеруді Ертіс дариясы арқылы
іске асыруға болатыны айтылған. Осы хатқа І Петр патша: «Ертісті өрлей жүзетін
экспедиция жасақталсын, Ямышев көлі жанынан бекініс салынсын!» – деп қол қояды.
Бұл жерде орыс патшасы Сібір губернаторының хатын басшылыққа алып отыр. Ал,
губернатор Ямышевке бекініс салу жайынқалай
білді дегенге ойыссақ, бұдан көп
бұрын аталмыш өңірге жасырын бірді-екілі орыс барлаушы-тыңшылары барып,
жағдайды біліп, мəлімет жинағаны белгілі.
Хиуа оқиғасынан сабақ алған Ресей билеушілері аса сақтықпен, Ертіс бойын барлау
үшін Бухгольц экспедициясын жасақтайды. 1714 жылы маусымда жолға шыққан 4 мың
адамдық экспедиция Ертісті бойлай жүзіп, қазақ даласына дендеп енген соң,
Ямышевск (қазіргі Павлодар об. Аққу ауданы жерінде) бекінісін салды.
Одан əрі жылжуға Жоңғар шеріктері қарсылық көрсетіп, ерік бермейді.
Ойрат
билеушісі Цевен-Рабдан өзінің немере інісі Церен-Дондукты жасағымен жіберіп,
орыстарды бекіністі тастап кетуге мəжбүрлейді.
Осы қақтығыс кезінде швед артиллериясының сержанты, еврей тұқымдас Иоган Густав
Ренат (1682-1744) ойраттар қолына түседі. Ренат – швед əскери қызметкері жəне
картограф. Шығыс Түркістан жəне Жоңғария картасын тəптіштеп жасаған алғашқы
еуропалық.
Бұл экспедиция қайтар жолында Омбы өзенінің құйғанына тағы бір бекініс орнатып,
оны «Омск» деп атады. Орыс жылнамасында «аталмыш экспедиция өте табысты
оралды» деп жазады. Себебі, бұлар Ертіс бойындағы 800
шақырым жерді барлап, Ресей
үкіметіне бұл жерді «иелік етуге болады» деген нақты жоба ұсынды. Ресей патшасы
2
отарлау ісіне қатысты, жіберілген кішкентай қателіктің өзін кешірмеді. Мысалы,
Бухгольц экспедициясының кейбір сəтсіздіктеріне қатысты экспедиция басшысы
Бухгольцті түрмеге жапса, дер кезінде көмек көрсетпегені үшін Сібір губернаторы
князь М.П. Гагаринді Петерборда дарға асты.
1717 жылы Бухгольц экспедициясы Петерборға оралған соң,
іле-шала ізін суытпай,
полковник П. Ступин басқарған екінші экспедиция жолға шықты. Бұлар іргесі қаланған
Ямышев (Жəміш) бекінісіне тұмсық тіреп, құрылыс жұмыстарын жүргізді. Сонымен
қатар П. Северский басқарған отряд Железинск бекінісін салуды қолға алса, В.Чередов
басқарған екінші отряд Семей бекінісінің іргесін тұрғызды.
1731 жылы Кіші жүз ханы Əбілқайырдан ант қабылдатып алған ресейліктер Кіші жүз
шебін қауіпсіз санап, Хиуа, Бұқар, Қоқан хандықтарына жорық-экспедициясын
ұйымдастыруды көздеді. І Петрдің нұсқауымен 1734
жылы қырғыз-қайсақ
экспедициясы құрылды.
Оны патшаның сенімді серігі И.К.Кириллов (1689-1737) басқарды. Оның көмекшісіне
қазақтардың тілін, дəстүр-салтын жақсы білетін А.Тевкелев тағайындалды. Бұл
экспедиция тарихта «Орынбор экспедициясы» деп аталды. Міндеті: қазақ даласының
жер жағдайын зерттеу жəне жер бедерін картаға түсіру еді. Аталмыш экспедиция
отарлау стратегиясын жүргізудің қызметін атқарды. Нəтижесінде, Кириллов
«Қырғыз-қайсақ ордалары туралы түсіндірулер» атты еңбек жазды.
Осы экспедиция басшысы Кирилловқа қатын патша өз тарапынан тікелей 18 мамыр
күні былай деп тапсырма берген:
• Ордада болып жатқан оқиғалар жайлы хабар алып келу;
• Қазақтардың жоңғармен соғысы жайлы толық мəлімет білу;
• Қазақтардың Ресейге көзқарасы қандай?
• Жоғарыдағы мəселелерді толыққанды атқару үшін
башқұрт пен қазақтардың
арасынан сенімді адамдарды іріктеп, сол өңірге жіберіп (тыңшылық мақсатында) олар
əкелген мəліметті Сібір губернаторына хабарлау .
Кирилловтан кейін бұл істі В.И.Татищев (1686-1750) қолға алды. Ол өзінің ғылыми
еңбектерінде қазақтардың тұрмысын, мінез-құлқын, мəдениетін сипаттап жазады. Осы
экспедиция Қазақияның батыс өңіріне барлау-зерттеу тыңшылық жұмысын жүргізу
барысында қазақтар тарапынан болуы мүмкін шабуылды болдырмауға Əбілқайыр хан
кепіл етіп отырды. Нəтижесінде Əбілқайыр ханға қарасты аумақты басып, тарихта
тұңғыш рет Орта Азияға патшаның сауда керуені өтті.
1768-1774 жылдары Қазақ даласын барлау экспедициясының
бірін өлкетанушы ғалым
П.С. Паллас (1741-1811) басқарды. Ол зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде 1773
3
жылы «Ресей империясының əр түрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат» атты
үш томдық еңбегін жазды.
Одан кейін жоғарыдағы Паллас экспедициясының құрамында қызмет жасаған ғалым
И.Г. Георги 1796 жылы өзі дербес экспедиция ұйымдастырып, «Ресейді мекендейтін
халықтардың тұрмыстық əдеттері, өмір сүру, киім кию жəне басқа назар аударарлық
ерекше сипаттамалар» атты еңбегін жазды. Ресей Ғылым академиясының корр-мүшесі
П.И.Рычков (1712-1777) Қазақияның батыс өлкесін зерттеп, «Орынбор тарихы»,
«Орынбор губерниясының топографиялық сипаттамасы» атты еңбектер жазып,
қазақ
фолкьлорының үлгілерін жинады. Қазақ даласын зерттеген тағы бір адам – орыс
офицері И.Г.Андреев. Ол 1795 жылы «Қырғыз-қайсақтың Орта жүз бөлігінің
сипаттамасы» атты еңбек жазды. Бұл кітапта Орта жүз қазақтарының əдет-ғұрып,
салт-жоралғылары жан-жақты баяндалған. Жоғарыдағы жорық-экспедициялар Қазақ
жерінің картасын жасап, болашақ отарлау ісіне пайдалануды көздеді.