Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз. Стиль латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы»


Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады?



бет17/58
Дата27.12.2022
өлшемі9,7 Mb.
#59933
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58
22. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады?
Бұйрық — қандай да бір міндеттерді (өндірістік немесе жеке құрам бойынша) шешу үшін мекеме басшысы шығаратын өкімдік кұжаттардың бірі. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар негізгі қызмет бойынша бұйрық деп аталады. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі. Негізгі қызмет бойынша бұйрық мәтіні екі бөліктен түрады. Бірінші констатациялық бөлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. Ол мемлекеттік органдардың (үкімет, салық инспекциясы т.б.) нормативті құжаттары, директорлар кеңесінің, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері немесе өндірістік қажеттілік болуы мүмкін. Негізгі қызмет жөніндегі бұйрық негізі, әдетте, байланысты , жүзеге асыруда, жақсарту мақсатында, орындау мақсатында жетілдіру мақсатында, үшін, сәйкес деген сияқты тұжырымдаулармен басталады. Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпейтін болса, констатациялық бөлік жазылмайды. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтың екінші бөлігі өкімдік бөлік деп аталады. Ол " БҰЙЫРАМЫН " деген сөзден басталады."БҰЙЫРАМЫН" деген сөз бас әріптермен жазылады. Бұйрықтың өкімдік бөлігінде кімге не тапсырылатыны, оның орындалу мерзімі көрсетіледі. Егер тапсырмалар бірнешеу болса, әр тармақ (пункт) азат жолдан басталады. Соңғы тармақта бұйрықтың орындалуын қадағалайтын жауапты адам көрсетіледі. Барлық бұйрықтардың мәтінінде етістік бұйрық райдың үшінші жағында жазылады.

23. Жеке құрам бойынша бұйрықтар қандай жағдайларға байланысты шығарылады?
Бұйрық – басшының мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т.б. мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті ісқағаздарының бір түрі. Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 топқа бөлінеді:
- Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты.
- Жеке құрамға байланысты.
Азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталады. Яғни азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жатады. Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі. Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі. Мысалы:
Зейнеткерлікке шығуына байланысты
Басқа жұмысқа ауысуына байланысты
Кәсіпорынның жойылуына байланысты
Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты
Өз өтініші бойынша
Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты
Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты
Ресми сапарға кетуіне байланысты
Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты
Айрықша жұмыс жағдайлары үшін. Мекеменің негізгі қызмет бойынша бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет