Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет215/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   225
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Әузов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы: Жазушы, 1959. – 150 б.
2. Келімбетов Н. Шәкәрім және қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрінің көріністері. – Алматы: Ратритет, 
2007. – Т-2. – 448 б.
3. Ғабдуллин Н. Абайдың нәзира үлгісі. – Алматы: Ғылым, 1994. – 72 б.
4. Бертельс Е. Э. Литераттура народов Среднийй Азии от древнейших времен до ХҮ. – В.: Новый мир, 
1939. – 97 б.
5. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. – А., 1988.
 
Шойбекова А.Ж.
аға оқытушы
С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 
Аккожина Б.К.
Ф.ғ.к., қауым. профессоры 
 Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 
Баянбаева А.А.
аға оқытушы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
 
ПЕДАГОГТЫҢ КӨПТІЛДІ КОММУНИКАТИВТІК
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 
Аңдатпа. Мақалада ғалымдарды ұзақ уақыттан бері мазалайтын және кәсіптік құзыреттілік мазмұнын 
анықтайтын педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайларды анықтайтын мұғалімдердің кәсіптік 
маңызды сапасын анықтау мәселесі қарастырылады. Кәсіби көп тілдік коммуникативтік құзыреттілік білім 
беру үдерісін ұйымдастырудың тиімді шарты болып табылады.
Түйін сөздер: көптілділік, құзыреттілік көзқарасы, дағдылар мен қабілеттер, тіл білімі, коммуникативті 
құзыреттілік.
 
Инновациялық үрдістегі шарттар бойынша білім берудің қарқынды дамуы және Қазақстан 
Республикасышаруашылығының көптеген түрлерінің экономикалық негізі және өндіріс 
технологиясы, мемлекеттің жаңа буынның зиялылығына, нарықтық қарым-қатынастарды 
адамгершілік-этикалық өзін-өзі таныту проблемаларымен арақатынасын белгілеу қабілеттілі-
гіне тұтынушылығы, кәсіби білім беру жүйесінің алдына кадрларды дайындау барысында 
құрылымдық және мазмұнды өзгерістері бар проблеманы, әсіресе заманауи педагогикалық, 
методикалық және профессионалды дайындыққа ие болашақ мамандарды дайындауды 
талқыға қойды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2009 жылғы 
«Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында бәсекеге қабілетті ел болу 
мақсатында кезеңдерге бөлінген «Тілдер үшбірлігі» атты мәдени жобаны жүзеге асыруды 
ұсынды, үштілділікті дамытуға сай: қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілі ұлтаралық тіл 
ретінде, ағылшын тілі ғаламдық экономиканың жемісті интеграциясы ретінде қолдану [1]. 
Білім берудің жаңа үлгісі үш тілдің көмегімен тұрғызылады [2]. Міне, осы мақсатқа 
Елбасымыз болашақта жетуімізді талап етуде.


330 
Заманауи білім берудің теориясы мен тәжірибесі мамандардың көптілділіктегі 
коммуникативті құзыреттілігінің дамуын талап етеді. «Көптілді кәсіби коммуникативті 
құзыреттілік» – кәсіби білім алған болашақ мамандардың ең басты сапасы болып табылады. 
Болашақ мамандардың коммуникативті құзыреттілігі көптілділік идеясына сүйенеді, 
маманнан мәдени диалог жүргізу икемділігін талап етеді, туған жердің және шет елдердің 
мәдениетін білу, өзге ел серіктестерімен бірбеткей диалог барысында алынған білімді 
пайдалана білуді талап етеді. Кәсіби білім алған мамандардың көптілді коммуникативті 
құзыреттілігінің негізі жоғарғы оқу орнында алған білімге байланысты және болашақта 
мультитілді орта шарттарындағы кәсіби мәселелерді тиімді шешуге көмектеседі. Бұл дерек 
жоғарғы оқу орындарындағы заманауи кезеңде мамандардың көптілді коммуникативті 
құзыреттілігіктерін қалыптастыруды қамтамасыз ету қажеттілігін көрсетеді.
Кәсіби білім алған көптілді коммуникативті құзыреттілікке ие кәсіби дайындалған 
мамандардың теориялық-қолданбалы аспектілері тек қазақстандық зерттеушілердің ғана емес, 
шет ел зерттеушілерінің объекті болды. Ғалым В. В. Аитов мәселелі-жобалы тәсілдеме бары-
сында студенттердің өзгетілді кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру нұсқасын құрылымдады [3]; 
Т. К. Цветкова ағылшын тілін мәдениаралық тіл ретінде оқыту курсының теориялық негізін 
және билингвизм теориясын қалыптастырды [4]; И. Е. Брыксинаның докторлық зерттеуінде 
жоғары мектептерде көптілді білім беру концепциясы жөнінде атап өтті [5] және т. б. Кәсіби 
білім алған мамандардың көптілді коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру білім беру 
мекемелерінде қызмет өту кезінде жақсы дайындықты қамтамасыз етеді.
Көптілділік құзыреттілікті маманның жалпы кәсіби құзыреттілігінің ажырағысыз 
компоненті ретінде қарастырамыз. Көптілділік құзыреттілігі жеке тұлғаның интегральды 
мінездемесі ретінде, оның нақты түйінделген екі мағыналы контексті бар кәсіби 
дайындығының сапалы сипаттамасын көрсетеді, яғни ана тілі мен шет тілінде тілдесе алуы, 
тілдік синтездің болуы.
Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке белсенді кіру шарттарында, шет елдермен 
тілдесудегі қажет талап ретінде аса даму барысындағы өнеркәсіптік және ғылыми 
байланыстар аясында, жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектерден шет тілін білу талап 
етіледі. Жоғарғы білімі бар әрбір маман міндетті түрде шет тілінде тілдесе алуы және кез-
келген кәсіби маңызды жағдайларда көптілді катынасқа қабілетті болуы қажет. Көптілді 
коммуникативті құзыреттілік бүгінгі күнде гуманитарлық және техникалық бағыттағы 
мамандардың кәсіби шеберлігінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Көптілді 
коммуникативті құзыреттілік – бұл тек бір күндік талап қана емес, болашақ кәсіби қызметтің 
міндетті шарты. Сонымен қатар, бұл студенттің, болашақ маманның өзін-өзі дамыту құралы, 
бұл «кәсіби және жалпыадамзаттық мәдениетке араласу амалы, зиялылықтың көрсеткіші, 
әлеуметтік байланыстардың ажырамас бөлігі». Қазіргі кәсіби білім беру сапасы мемлекеттің, 
халықтың, жеке тұлғаның сауалына білім беру нәтижелерінің сәйкестілігі ретінде 
түсіндіріледі.
Әртүрлі мамандықта оқып жатқан көптілді коммуникативті құзыреттілікке ие болашақ 
мамандарды дайындау кәсіби білім алуды меңгеруді және қызметте жедел ауысып жатқан 
шарттарға тез бейімделуді, бір қызметтен екіншісіне ауысқан кезде тез үйренісуді, және де 
шығармашылық жағынан қабілетті болуды болжайды. Кәсіби-педагогикалық білім берудегі 
шарттардың қиындауы білім беру технологиясын өзгертуді, кәсіби-педагогикалық қызметті 
қалыптастырудағы екпінді нығайтуды талап етуде. Білім беру үрдісінде аса маңызды мағынаға 
ие кәсіби-педагогикалық қызметті модельдеу мәселесі. Бұл, өз кезегінде, педагогикалық білім 
беруде, әсіресе, методикалық дайындық үрдісіндегі білім беру қызметінде құрылымдық, 
компоненттік, функциональдық сипаттамасын өзгертуді қажет етеді.
Енді, бұл терминнің анықтамасын әдебиетте және құзыреттіліктің білім берудегі орнын 
меңгерген зерттеушілердің жұмыстарынан анықтау қажет. Мысалы, «құзырет» сөзінен 
бастайтын болсақ, С. И. Ожегов сөздігіндегі анықтамасы [6]: 1. Жақсы мағлұматтандырылған 
сұрақтар жинағы. 2. Біреулердің құқықтары мен өкілеттіліктер жинағы. А. И. Турчинов нақты 
қызметтегі құзыреттілік аясында кәсіби тәжірибелі адамға тигізетін құзыреттілік үстіндегі 


331 
нақтылық дәрежесін, ықпалдылығын түсінеді [7]. Яғни, құзыреттіліктің болуы ол нақты 
білімге, нақты мінездемеге ие екендігін, барлық нәрседен хабардар болуды білдіреді; 
құзыреттіліктің болуы – барлық өрісте нақты мүмкіндіктерге ие болуды білдіреді.
Коммуникативті құзыреттілік ең бірінші Наум Хомскийдің еңбектерінде аталады, ол өз 
еңбектерінде «грамматикалық құзыреттілік» пен «тілдер заңының практикалық жүзеге асуы» 
арасына шекара жүргізеді [8]. Ең біріншіден ол тіл тасымалдаушысының идеалдандырылған 
лингвистикалық мағлұматы ретінде анықтайды. Ол адамға шексіз грамматикалық дұрыс пікір 
тудыруға мүмкіндік береді. Екінші – белгілі жағдайларда нақты тілді қолдану. 
Коммуникативті құзыреттіліктің түсініктемесін ары қарай ағылшын лингвисті Д. Хаймс 
дамыту үстінде, ол сөздік қатынаста лингвистакалық білімнің болуы немесе грамматикалық 
ережелерді білудің жеткілікті екендігін дұрыс деп санады. Ол үшін сонымен қатар «мәдени 
және әлеуметтік мағыналы жағдайлар» туралы мәліметті білу керек. Д. Хаймс пікірі бойынша, 
құзыреттілік, барлық тіл тасымалдаушылары түрлі лингвистикалық жағдайларда 
стратегиялық әрекет жасау қабілетіне ие болуы қажет. Ол үшін айтарлықтай иеленудің үлкен 
диапазоны керек [9].
Көптілді коммуникативті құзыреттілік педагогтың шеберлілігінің ядросы. Бұл қабілет ол 
өзге адамдардың пікірін ой-елегінен өткізу және тыңдау, дискуссияға қатысу, өзіңнің ой-
пікіріңді қорғау, көпшілік алдына шығу, қарым-қатынас орнату және оны қолдау, шешім 
қабылдау, келісімсөздер жүргізу, топта жұмыс жасай алу және қызметтесу.
Жалпы білім берудегі студенттердің дайындығын қамтамасыз етудің басты міндеті ол 
жалпы даму және тілді дамыту, ол көптілді коммуникативті құзыреттілікті жетілдірудің, 
болашақ маманның кәсіби қызметіне белсенді және жемісті түрде жұмыс атқару қажет 
екендігін білдіреді.
Педагогикалық бағытта кәсіби білім алған болашақ мамандарды көптілдік коммуникативті 
құзыреттілікке дайындау технологиясы келесі компоненттерді құрамына кіргізеді.
Технологияның ынталандырылған мақсатты компонентінің – студенттердің танымдық 
уәждемелерінің тұрақтылығын дамыту, яғни, болашақ маманның субъектті әлеуметтік-кәсіби 
ұстанымын құрамдастыруды, кәсіби-педагогикалық бағдарындағы тұрақтылығын білдіреді.
Технологияның мазмұнды компоненті білім мен тәжірибелік жүйенің тұтастығын 
меңгеруді қарастырады. Бұл компонент студенттің қызмет ету әдісін, яғни, алға қойған 
мақсаттары мен шарттарын құрамдастыруға бағытталған.
Технологияның операциялық-қызметтік компонентінің мақсаты: жобалық, зерттеушілік, 
технологиялық шеберлілікті, креативтілікті, дербестікті, танымдылық белсенділікті дамыту. 
Операциялық-қызметтік компоненті студенттің практикалық түрде іс-әрекетті жүзеге 
асыруын сипаттайды.
Бағалау-нәтижелік компонент. Бұл компонент барлық практикалық сабақтарда жүзеге 
асырылады және студенттің орындаған жұмысын бағалауға негізделген. Яғни, студенттің 
қызмет ету әдісін игерушілігін аңғару дәрежесін анықтау және қателіктер мен ақауларды жою. 
Пәнді ағылшын тілінде меңгеру барысында бұл мақсатқа сараптау және барабарлы әдістер мен 
оқу құралдарын қолдану арқылы жетуге болады. Технологияның бағалау-нәтижелік 
компоненті кәсіби дайындалған студенттердің өзін-өзі бағалау және өзін-өзі тексеру блогын 
өзіне қосады. Рефлексивті функцияларды дамыту өзіңнің жұмысыңның нәтижелерін, жеке 
жеңістер мен жеке даму дәрежесін аңғарымды түрде бақылаумен сипатталады.
Кәсіби білім алған болашақ маманның көптілдік құзыреттілігінің дәрежесін анықтай 
отырып, берілген құзыреттіліктің құрылымдық бағалауы болып табылатын, басты 
көрсеткіштерге көңіл аударамыз. Біз келесі құрылымдылықтың дәрежелерін анықтадық: 
теориялық білім мен тәжірибелілік; студенттің кәсіби маңызды жеке қадір-қасиеттері 
(ойлаудың, креативтіліктің, танымдық белсенділіктің дамуы); кәсіби бағыт(оқуға деген 
уәждемелі-бағалы қарым-қатынас және болашақ кәсіби-педагогикалық салада білім алудағы 
кәсіби бағыт). Берілген технология Қазақстанның мемлекеттік саясатының бүгінгі күндегі 
басты мақсаттарының бірі, жоғарғы оқу орындарының болашақ түлектерінің кәсіби 
құзіреттілік дайындығының сапасын көтеруге мүмкіндік береді.


332 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет