Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


сөйлем – қарсылық білдіру мақсаты



Pdf көрінісі
бет44/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   225
сөйлем – қарсылық білдіру мақсаты: Оның несіне айтамын апа, өзіңіз көзіңізбен көрдіңіз 
ғой! (С. Досанов). Жоға, келгенің жақсы болды (Ж. Нәжмеденов).
Бұндай сөйлемдердің түпкі құрылымын мына тұрғыда беруге болады.
- Менің қарсылық білдіруіме болады.
- Мен бұл әрекетке қарсымын.
- Мен әркеттің жүзеге аспауын тілеп отырмын.


70 
Ал тілдік деңгейде қарсылықты мақсат сөйлеушінің тыңдаушыға қарсылық білдіруі оның 
несіне айтамын идиомалық сипаттағы сөйлесімнің қыстырынды сөйлем түрінде берілуімен 
және «жоға» модаль сөзінің қолданылуымен көрінге.
Хабарлы сөйлем – нақтылау мақсаты. Хабарлы сөйлем мағыналық-құрылымдық 
жағынан сөйлеу мақсатымен сәйкестенеді.
Кім боласыз? -Ағасы едім (С. Досанов). Бұндай сөйлемдердің түпкі құрылымын мына 
тұрғыда беруге болады:
- Менің ағасы екенім рас 

Мен соны саған хабарлап, сұрағыңа жауап беріп тұрмын
Тілдік тұрғыда сұраққа берілген жауапта – хабарлы сөйлемде нақтылау мәнінде «едім» 
көмекші етістігі жұмсалған.
Ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын сұраулы сөйлемдердің негізгі мақсаты біреудің 
басқа біреуден жауап алуы және сол арқылы оның пікірін білуі. Коммуникативтік мәнде 
қолданылатын сұраулы сөйлемдерде көрінетін негізгі шарттар: 
- Сөйлеуші бір хабарды, жауапты алуды мақсат етеді; 
- Сөйлеуші бір мәселеге қатысты дұрыс жауапты білмейді; 
- Тыңдаушының оған жауап беретіндігіне сенімді; 
- Сөйлем мазмұны сөйлеу жағдаятымен, контекспен байланысты болады.
Мысалы: 
-Темақаң қайда? 
-Кетіп қалды. Отырсын ба сені күтіп. Орақты ертең салсақ қайтеді деп ақылдасты 
менімен.
-Сіз не дедіңіз? 
-Оған болмайды дедім. Бүрсүгіні, сәрсенбінің сәтіне салайық дедім (Ж. Н.).
Бұйрық мәнді сөйлемдер тыңдаушыны әрекетке итереді, сол арқылы қалыптасқан жағдайға 
сөйлеушінің өзгеріс енгізу мақсатын жеткізеді. Бұйрық ретінде айтылған әрекеттің жүзеге 
асуы тыңдаушы мен сөйлеушінің арақатынасына, әрекеттің тыңдаушы үшін қажеттілігіне, 
жүзеге асу мүмкіндіктеріне тәуелді [3, 151].
Ғалым Р. Әмірдің синтаксистік еңбектерінде диалог тілдесім үдерісінің бір моделі ретінде 
зерттеліп, ерекшеліктері анықталған. Диалог түріндегі қарым-қатынас ортақ тақырып пен 
мақсаттардың өзара үндесуі негізінде қалыптасады. Диалогті қатысымның компоненттері 
ретінде мыналарды атасақ болады: 1) сөйлеуші мен адресат; 2) сөйлеушінің коммуникативтік 
мақсаты; 3) қатысым өтетін уақыт пен кеңістік. Ауызекі сөйлеу тіліне тән диалог үстінде 
жұмсалатын синтаксистік құбылыс – реплика сөйлемдер. Ғалым Р. Әмір реплика сөйлемдерге 
мазмұны жағынан басқа сөйлемдерден ерекшеленетін, тілімізде құрылысы жағынан оқшау 
келетін, құрамындағы сөздерді сөйлем мүшелеріне даралауға келмейтін сөйлемдер деп 
анықтама береді.
Реплика ретіндегі лепті сөйлемдер деп аталу себебі:1) лексикалық құрамы жағынан мүлде 
еркін бола алмайды, бір тобы үнемі тұрақты бір сөзді ғана қатыстырып құралады. Мысалы, 
Алғанда қандай! Айтқанда қандай! 2) сөйлем құрылысында фразеологизмдерге тән сипат бар, 
себебі сөйлемнің құрамындағы сөздер еркін тіркеспейді, белгілі үлгі бойынша біріктіріледі. 3) 
реплика ретіндегі лепті сөйлемдер көбіне диалогта жауап реплика ретінде жұмсалады. 4) 
құрылымдық ерекшелік. Көпшілік репликалардың құрамындағы сөздер бастапқы өзара 
синтаксистік қатынасын әлсіретіп, тұтас репликаға тән элемент ретінде қатысады. Мәселен, 
десе дегендей, несі бар, ол ол ма деген репликалардың құрамындағы сөздер бастапқы 
синтаксистік қатынасын танытпайды. Бастапқы мағынасын жоғалтып, құрамын бөлшектеуге 
келмейтін біртұтас синтаксистік тұлға ретінде жаңа мағынаға ие болған. Реплика 
сөйлемдердің мазмұны жағынан басқа сөйлемдерден ерекшелігі – реплика сөйлемдерде 
эмоциялықты білдіру қызметі басым. Логикалық мағына күңгірттеніп, эмоцияның 
көлеңкесінен көрініп жатады. Бірқатар лепті сөйлемдер конкретті хабар айтпай, сөйлеушінің 
құптау, жақтырмау, ризашылық сынды түрлі реакциясын білдіру үшін қызмет етеді. 
Сөйлеушінің реакциясын тудыратын екінші жақтың сөзі, әрекеті.


71 
Мысалы: 1. – Сен оған бүгін жолығасың ба? 
– Жолықпай немене! 
 2. – Сен топты жұрттың үстіне осы түріңмен барасын ба? 
 – Бармағанда ше! 
Бұл тәрізді сөйлемдерді реплика ретіндегі лепті сөйлемдер деп атаймыз.  
Диалогтағы репликалардың лингвистикалық және экстралингвистикалық зерттелуінің 
негізінде, олардың анықтайтын мінезі мен құрылымын ескеріп, коммуникативті-
прагматикалық сипатына мән бере отырып Д. Б. Абдукаримова реплика-стимулдың мынадай 
түрлерін белгілеген [7].
1) Реплика-әңгіме. Реплика-стимул коммуниканттың қызығушылғын оятып, талқылауға 
жетелейтін кез-келген сұрақ қойып әңгімені бастайды. Мысалы: 
 -Жұмысың қалай? Үй-іші аман ба? Сабақ не болып жатыр? 
-Хал қалай, қызым? – деді.
-Марқұм колхоз жабылып сабап тастағандай.
-Әрине, үш кісілік жұмысты жалғыз өзің істесең... [8, 177]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет