Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет43/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   225
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Амир Рахыш Сатулы :биобиблиографический указатель\ 
2. (Ж. Амирова и др);отв. ред. Б Калиев. -Алматы:Қазақ университеті, 2005. 58с 
 


68 
Ерлан А.Е.
Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагигокалық университетінің 
 2-курс магистранты 
ПРОФЕССОР Р. ӘМІРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ 
КОММУНИКАТИВТІ ГРАММАТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Филология ғылымдарының докторы, профессор Рақыш Сәтұлы Әмір Қазақстанның 
ғылымы мен білімінің дамуына бар ақыл-ой қуаты мен ғұмырын арнаған, қоғамдық сананың 
кемелденуіне, замана талаптарына сай ұдайы жаңғыруына зор үлесін қосқан қарымды 
қайраткер, ұстаз-ғалым. Ғалымның 60 жылдық ғылыми-шығармашылық қызметінде тіл 
білімінің синтаксис саласы ерекше орын алады. Жазба деректерге сүйенсек V ғасырда 
қалыптасқан Орхон жазуларындағы синтаксистік құрылымдар бүгінгі түркі тілдерінің, қазақ 
тілінің синтаксистік жүйесінің кейінгі дамуының негізі болды. Синтаксистік тұлғалардың 
жұмсалысынан, сөйлеген сөздің бейнесінен көрінетін қазақ тілінің синтаксистік жүйесіне тән 
сипаттар – оның динамикалық серпінділігі, оралымдығы, әуезділігі. Осындай күрделі 
сипаттарға тән қазақ тілінің бүгінгі таңдағы жүйелі зерттелімі Р. Әмірдің «Жай сөйлем 
синтаксисі», «Құрмалас сөйлемдер қазақ тілінің грамматикалық функционалды жүйесінде», 
«Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксисі» сынды еңбектерінде жалғасын тапты.
Профессор Р. Әмір ауызекі сөйлеу тіліндегі синтаксистік ерекшеліктерді зерттеу 
барысында коммуникативті грамматиканың барлық қырларын ашып көрсетті. Ғалымның 
«Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері» еңбегінің негізгі зерттеу нысаны – әдеби 
тілдің ауызша формасы, яғни ауызша тілдің жазба тілден грамматикалық, стилистикалық 
өзіндік ерекшелігін анықтау. Р. Әмір шектеулі, тар ортада пайда болып, кейінгі дәуірлерде 
әлеуметтік аймағын кеңейте түскен жазба негізге ие әдеби тілдің ауызша қолданысқа да түсіп, 
екіжақты әсерлесудің нәтижесінде тілдің ерекше стилистикалық тармағының пайда 
болғандығын айтады. Алайда, ауызша тілдің өз ерекшелігін жоймауына Р. Әмірдің пікірінше 
қатысымдық шарттардың әсері күшті. Олардың бастылары, қатысушы жақтың бетпе-бет 
жүздесуі мен қарым-қатынастың диалогтік сипаты. Осы жайлар ерекше сөйлеу жағдаятын 
тудырып, ауызша тілдің ұйымдасуына ықпал етеді. Ауызекі сөйлеу диалогқа құрылатын, 
күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын сөйлеу тілі болғандықтан әрбір адамның өмірімен 
тығыз байланысты екенін дәлелдейді. Ғалымның осы тұжырымын сөйлеу лингвистикасының 
бір саласы ретінде арнайы зерттеу – бүгінгі күнгі қажеттілік екендігін айқындайды. Осы 
еңбегінде ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыратын коммуникативтік жағдайлардың басты-
басты жақтарын атап өтеді: Олар:
1. Пікір айту ауызша әрі сөйлеуші мен тыңдаушының жүзбе-жүз отырып қатысуы үстінде 
болады.
2. Пікір айту диалог ретінде, яғни екі немесе бірнеше адамның қатысуы арқылы жүреді.
3. Пікір айту ешқандай қиындықсыз, емін-еркін әңгіме үстінде құралады [1, 5]. Р. Әмірдің 
ауызекі сөйлеу тілін зерттеуге арналған бұл еңбегінде де, «Жай сөйлем синтаксисі» 
оқулығында да коммуникативтік мақсаттарды өтеу механизмдерін көрсетуге ұмтылады. 
Әсіресе, ауызекі сөйлеу тіліне тән коммуникативтік мақсаттарды іске асыратын шегеру, 
қайталау сынды тәсілдерге ерекше мән береді. Бұлар қазақ тіл білімінде тұңғыш рет зерттеу 
нысаны болып, стилистикалық тәсілдер ретінде қарастырылуда. Сөйлемге пікір білдіру үшін, 
информация беру үшін жұмсалатын коммуникативтік тұлға деп анықтама беріп
предикативтік қатынасқа түскенде ғана сөйлем сапасына ие болатынын атап көрсетеді және 
предикативтік қатынасқа үзбей ілесіп жүретін шақ, жақ, рай сынды грамматикалық 
формаларға тоқталады. Сонымен қатар, коммуникативтік тұлғаны құрайтын сөз тіркесінің 
түрлерін сөздердің тіркесу формалары негізінде бөліп жіктейді.
Профессор Р. Әмір: «Лебізді айту әрқашан коммуникативтік талаптармен орындалатын 
әрекет» [2, 93], – дейді. Ғалымның осы пікіріндегі лебіз термині «высказывание», «речь» деген 


69 
сөздердің орнына қолданылған. Лебіз терминін алғаш қолданушылардың бірі А. Байтұрсынов: 
«Айтылған лебіздің ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктірмейтін болуы керек. 
Лебіз ашық мағыналы болуы үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болуы керек» [3, 
351] деген пікір айтады. А. А. Тәсібекқызы «Қазіргі қазақ тіліндегі парцелляция құбылысы» 
атты диссертациясында «высказывание» терминіне «айтылыс» атауын ұсынып, «Бұл өзі 
сөйлесім синтаксисінің кең көлемді единицасы. Айтылыстың коммуникативтік бағыттылығы 
– оның ситуациямен байланысында», – дейді [4, 37]. Ал «речь» терминіне Ф. Оразбаева: «... 
Сөйлесім тілі деген тіркесті ерекше бөліп айтуға тура келеді. Өйткені ол ауызекі сөйлесім 
деген мағынаны емес, жалпы адамзаттың сөйлесу құралы, сөйлесім құралдарының қызметі, 
адамның тілі, адамның тілдік қатынас құралы деген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар ұғымды 
жеткізуі тиіс. Сондықтан осындай нақтылы ұғымды білдіру үшін біз сөйлем тілі деген тіркесті 
қолданамыз. Себебі, «сөйлесім», «сөйлеу» түбірі арқылы жасала келіп, сөйлесім процесінің 
тек адамзатқа тән екенін дәлелдейді. «Сөйлесім» деген сөздің өзі адамның ойын жарыққа 
шығару қасиетін білдіретіндіктен, көбінесе біржақты әрекет ретінде қабылданады» [5, 7-54].
Лебіз атауын синтаксистік мағынасына сай қолданған ғалым Р. Әмір болды. Ол лебізді 
тудыратын басты нәрсе сөйлеушінің мақсаты, яғни комуникативтік талап екенін атап 
көрсетеді. Коммуникативтік талап дегеніміз сөйлеушінің қарым-қатынасқа түсуі әрі өз ойын 
анық жеткізу үшін қажет басты шарт. Адамдар арасындағы пікір алмасуда әуелі сөйлеушінің 
коммуникативтік мақсаты бірінші орынға шығады. Коммуникативтік мақсат дегеніміз – 
сөйлеушінің тілдік қарым-қатынасы есебінен туындайтын көздеген мүддесі, алға қойған 
мақсаты.
Ғалым еңбегінде коммуникативті талаптарды екі дәрежеге бөліп қарастырады. I дәрежедегі 
коммуникативті талаптар: 
а) бір информацияны жеткізу – хабарлы сөйлем арқылы іске асады; 
ә) сұрау, сұрақ қою – сұраулы сөйлем арқылы орындалады; 
б) біреуді жұмсау, бұйыру – бұйрықты сөйлемдер арқылы іске асады [6, 4].
II дәрежедегі коммуникативті талаптар: 
а) лебізді үнемді етіп құру талабы құрмалас сөйлем құрылысында ортақтастыру амалы 
арқылы жүзеге асады. Яғни, компоненттерді ортақ лексикалық, грамматикалық тұлғаға 
қатыстырып құру.
ә) лебізді түрлендіріп, ажарлап айту. Сөйлеу барысында ойды жеткізу үстінде сөйлеуші 
пікірдің әсерлі болуы үшін лебізді ажарлап, ойды көркем жеткізуге тырысады. Мұны қазақ 
сөзінің дәстүрі деуге болады.
б) адресатпен үндесіп отыру; 
в) лебізді экспрессивті етіп айту; 
г) лебіздегі актуалды құрамын ерекшелеп айту, т. т.
Бірінші дәрежедегі коммуникативтік талаптар екі негізді сұраулы, хабарлы және бұйрықты 
сөйлемдер құрылысынан және бір негізді лепті сөйлемдер мен атаулы сөйлемдердің 
құрылысынан орын алады.
Р. Әмір хабарды, информацияны баяндау үшін жұмсалатын конструкцияларды хабарлы 
сөйлем деп атап, грамматикалық белгілеріне тоқталған. 1. Баяндауыштары, негізінен, ашық 
рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады. 2. 
Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемнің интонациясының физикалық көріністері 
эксперименталдық жолмен зерттеліп методикасы графика түрінде бейнеленген. Бұны тіл 
білімі сөйлемге тән баяндау сарынды интонация деп атайды.
Хабарлы сөйлемнің әр түрлі мақсатта жұмсалуы тыңдаушымен байланысты. Хабарлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет