Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет


арналған үлкен көрме ашылыпты. Бір топ мектеп оқушыларымен бірге



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата06.03.2017
өлшемі2,9 Mb.
#7851
1   2   3   4   5   6

арналған үлкен көрме ашылыпты. Бір топ мектеп оқушыларымен бірге 

мұражайдағы жәдігерлерге көз жүгіртіп, өткенге саяхат жасап шығу 

бақыты бұйырды. Тек кезек «Жылқы және өркениет» деген атпен 

қойылған жәдігерлерге келгенде тосылып қалдық. Экскурсия 

жүргізуші қыз оқушылардан: «Қане, балалар, айтыңдаршы, жылқы 

жануары ең алғаш қай жерде қолға үйретілді? Кім біледі?» – деп сұрап 

жатыр. Біреуі үнсіз, екіншісі – ежелгі Римді, үшіншісі гректерді айтып 

әлек, тіпті «жылқы ауылда үйретілген» деушілер де табылды. Бірақ 

ешқайсысы аталмыш жануар алғаш рет қазақ жерінде, оның ішінде 

Қызылжар топырағында ауыздықталғанын білмейтін болып шықты. 

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

ДЕНСА


У

ЛЫҚ


Туберкулездің де түрі көп

НЕСЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ 

ТУБЕРКУЛЕЗІ

Қазіргі кезде несеп-жыныс жүйесі 

туберкулезіне шалдыққан науқастарды 

емдеу мен алдын алу шараларын жақсарту 

үшін оларды  дер кезінде анықтап, емдеу-

дің тиімділігін арттыру қажет. Өкінішке 

қарай, туберкулездің осы түріне шалдық-

қандардың көпшілігі ауру асқынған кезде 

ғана дәрігерге келеді. Науқастың ауруы 

асқынғанда ғана емге жүгінуінің басты 

себептерінің бірі дәрігерлердің дер кезінде 

туберкулездің бұл түрін анықтай алмауынан 

да болып жатады. Несеп-жыныс жүйесі 

туберкулезі анықталғанға дейін бір, бес 

жыл, кейде одан да көп уақыт өтеді. Өйт-

кені сол аралықта науқастар түрлі дәрі-

герлерге қаралып, басқа ауруларға бай-

ланысты емделеді. Соның салдарынан 

нефротуберкулез созылмалы бүйрек же-

тім сіздігімен асқынып, науқастар мүгедек-

тікке ұшырайды. Жалпы, емдеу мекемеле-

ріндегі дәрігерлердің туберкулез жөнінде 

мұқияттығының жоқтығынан кеш анықта-

луының себебінен  бірінші рет анықталған-

дарының ішінде оның асқынған түрлерінің 

үлесі 45-60%-ға жетіп отыр.  Несеп-жыныс 

жүйесі туберкулезі экологиялық қолайсыз 

аймақтарда  жиі кездеседі.

Соңғы зерттеу жылдарында несеп- 

жыныс жүйесі туберкулезінің аурушаңдық 

көрсеткіші – (100 мың адамға шаққанда) 

1,73-тен 1,21-ге дейін, өлім көрсеткіші 

0.03-тен 0.01-ге дейін төмендеген. Ең көп 

науқас тіркелген облыстар  – Қарағанды, 

Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, 

ал ең аз тіркелген – Атырау, Маңғыстау  

облыстары мен Астана қаласы. 

Несеп-жыныс туберкулезінің бірнеше 

түрі бар.

БҮЙРЕК ТУБЕРКУЛЕЗІ  

Бүйрек  туберку лезі мен  әйелдерге 

қарағанда еркектер жиі ауырады және 

оларда бүйрек туберкулезі жыныс 

ағзалары туберкулезімен қабатта 

сып 


келеді, өкпе және сүйек-буын жүйесі 

туберкулезімен бірге дамуы да мүмкін.

Бастапқы кезде дененің ыстығы 38 гра-

дус қа дейін көтеріліп,  әлсіздік байқалып, 

бел аумағы сыздайды. Үдерістің өршуімен 

қатар несепке барғанда ашу пайда болып, 

несепте қан және ірің пайда болады. 10%-

12% жағдайда қан кету бүйректегі жара-

лардың салдарынан болады. Жаңадан 

басталған бүйрек туберкулезін анықтау 

қиын. Несептің зерті және жоғарғы несеп 

жолдарын рентгеноконтрасты тексеру 

туберкулездің жеңіл өзгерістерін білдіре 

қоймайды. Мұндай жағдайда бүйректегі 

туберкулезді өзгерістерді тек қана несептің 

бактериоскопиялық және бактериология-

лық зертінің оң нәтижесі білдіреді. Үдерістің 

өршуіне байланысты  несепке ірің араласа-

ды. 15-20% жағдайда бүйрек туберкулезі-

нің салдарынан орын алған уродинами-

калық өзгерістердің әсерінен несептің ағуы 

нашарлап, бүйрек ұстамасы секілді шағым-

дар орын алады. Оның себебі: зәрағар қан 

және іріңді тығындармен бітеліп, несептің 

төмен қарай ағуына кедергі келтіреді. 

ЗӘРАҒАР ЖӘНЕ 

ҚУЫҚ ТУБЕРКУЛЕЗІ

Зәрағар туберкулезінде несептің төмен 

қарай ағуы нашарлап, бүйректе несеп 

жиналып, түберкулезді үдеріс одан сайын 

өрши түседі. Зәрағардың туберкулезді 

зақымдануында оның сіре қабатында 

жаралар пайда болады, кейде ол жаралар 

жазылу арқылы тыртықтанады. Сол тыр-

тық танудың салдарынан зәрағар жіңіш-

керіп, несептің өтуі қиындап, бүйрек 

тұсында тұрақты түрде ауырсыну белгісі 

пайда болады. Өз кезегінде ол бүйректің 

тостағанша-түбекше жүйесін кеңейтеді. 

Оның үстіне қуық туберкулезге шалдықса, 

бұл үдеріс  одан сайын асқынады. Қуық 

туберкулезінде несепке барғанда ашиды  

және несептің құрамында қан көп мөлшер-

де болады. Бұл науқастар әдетте созылмалы 

циститке байланысты ұзақ емделеді. Қуық 

ішін цистоскоппен( арнайы құрал) көріп, 

туберкулезге тән өзгерістерді және несепте 

туберкулез микобактериясын анықтау 

арқылы толық диагноз қойылады. 

ЕРКЕКТЕРДІҢ ЖЫНЫС 

МҮШЕЛЕРІНІҢ ТУБЕРКУЛЕЗІ

Еркектердің жыныс мүшелері 

туберкулезге бірінші немесе екінші кезекте 

Денсаулық саласындағы маңызды бағыттардың бірі – 

туберкулезбен күрес мәселесі. Халықты туберкулезден сақтау 

шаралары Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Туберкулезге қарсы 

ұлттық бағдарлама да жұмыс істеуде. Нәтижесінде республикада 

туберкулездің эпидемиологиялық көрсеткіштерінің тұрақталғаны 

байқалады. Жалпы, халық туберкулез жайлы көп естіп-білгенімен, 

несіп-жыныс туберкулезі, оның дамуы, қаупі жайлы біле бермейді. 

Бүгінгі айтпақ ой осы жайлы болмақ.

шалдығуы мүмкін. Инфекция ағзаға көп 

жағдайда лимфатикалық жүйе арқылы 

таралады. Несеп жүйесі туберкулезі көп 

жағдайда еркектердің жыныс мүшелері 

туберкулезімен қабаттасып зақымданады. 

Еркектердің анатомиялық ерекшеліктеріне 

байланысты олардың туберкулезге шал-

дығуы несеп жолдары арқылы да болуы 

мүмкін немесе бірінші кезекте жыныс 

мүше лері, содан соң несеп жүйесі шалды-

ғуы мүмкін. Ен безі қосымшасының тубер-

кулезге шалдығуының (туберкулезді 

эпиди димит) жыныс мүшелерінің басқа 

ке сел дерінің арасындағы үлесі 20%-ды 

құрайды. Өкініштісі, көбінесе мұндай 

ауруға  20-40  жас аралығындағы адамдар 

шалдығып жатады. 

Клиникалық ағымы екі түрде, яғни же-

дел және созылмалы түрде болуы мүмкін. 

Көбінесе созылмалы түрінде кездеседі. 

Бастапқы кезде ен безінде аз көлемді ісік 

пайда болып, бірте-бірте үлкейеді, бірақ 

ауру сезімі білінбейді. Екінші – жедел 

түрінде кесел науқастың дене ысытпасын 

жоғары деңгейге дейін көтеріп, ен қапшы-

ғы ауырып, сыздай бастайды. Ен қапшығы 

терісі қызарып, ісінеді. Содан соң жедел 

қабыну кезеңі өткен соң, ен безі қосымшасы 

кішірейіп, тегіс емес түйінге айналады. 

Созылмалы эпидидимит ұзақ уақыт бойы 

белсенділіксіз қалыпта болады, бірақ 

кейде қабыну үдерісі өршіп, ен безіне 

өтеді. Ен безі мен оның косымшасының 

туберкулезін анықтау анау айтқандай 

күрделі емес. Ен безі қосымшасы қатайып, 

сырты бұдырланады, ұрық түтігі қатайып, 

бұдырлы пішінденеді және ен безі қапшы-

ғында жыланкөзді іріңдік пайда болады. 

Осы белгілер ер адамдардың сыртқы жы-

ныс мүшелерінің туберкулезге шалдыққа-

нын білдіреді.



ПРОСТАТА БЕЗІ МЕН ҰРЫҚ 

ҚАУАШАҒЫНЫҢ ТУБЕРКУЛЕЗІ

Бұл кеселдердің жеке кездесуі өте си-

рек, олар несеп және басқа да жыныс 

жүйе 


сі ағзаларының туберкулезімен 

қосарланып кездеседі. Простата безі тубер-

кулезінің алғашқы басталғанында белгісі 

болмайды, ал асқынып,  безде туберкулезді 

қуыстар пайда болғанда тік ішек аумағы 

сыздайды, несепке ашып барады және 

несеппен бірге ірің бөлінеді. 

Үрпі туберкулезі простата безі мен қуық 

туберкулезі асқынуының салдарынан 

болады. Оның  асқынған түрінде үрпі бір  

немесе бірнеше жерінен жіңішкеріп, 

несептің ағуына кедергі жасайды. Осы 

кезеңде хирургиялық ем жасалмаса, онда 

бүйректің жұмысы бұзылады. 

Туберкулез мәселелері ұлттық орталы-

ғын да (ТМҰО) науқастарды несеп-жыныс 

жүйесі туберкулезіне тексеруге толық 

мүмкіндіктер жасалған. Бұрын өкпе, сүйек-

буын туберкулезіне шалдыққан науқас-

тарда несеп зерттерінде қабыну өзгерістері 

тұрақты түрде сақталса, қан қысымы тұрақ-

ты түрде көтерілетін болса, фтизиоурологқа 

қаралғаны дұрыс. Дер кезінде анықталған 

несеп-жыныс жүйесі туберкулезінің  емі де 

тиімді болмақ. 

Темірәлі ЖҰМАШ,

 ҚР  ДСМ Туберкулез мәселелері 

ұлттық орталығының

аға ғылыми қызметкері, 

ассоцирлі профессор

А

б



ай ОМАРОВ (к

о

лла



ж)

№53 (735) 

31.03.2012 жыл, 

сенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

Сот органдарына шағым түсіргенмін. Заң бойынша, менің 



шағымым қанша тәулік ішінде қаралуы керек?

Темірболат СЕРІКБАЕВ, Қарағанды облысы

ҚР «Жеке және заңды тұлғалар-

дың өтініштерін қарау тәртібі тура-

лы» заңының 8-бабының 1, 2-тар-

мақтарына сәйкес, жеке және заңды 

тұлғаның өзге субъектiлерден, лауа-

зымды тұлғалардан ақпарат алу не 

жергiлiктi жерге барып тексеру талап 

етiлмейтiн өтiнiшi 15 күнтiзбелiк күн 

iшiнде қаралады. Ал қарау үшiн өзге 

субъектiлерден, лауазымды тұлға-

лардан ақпарат алу не жергiлiктi 

жерге барып тексеру талап етiлетiн 

жеке және заңды тұлғаның өтiнiшi 

субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп 

түскен күнiнен бастап 30 күнтiзбелiк 

тәулік iшiнде қаралады және ол 

бойынша тиісті шешiм қабылдана-

ды.

Саян АҚМОЛДА, қобызшы: 

Әлемде әзірбайжандардың саны қанша?

Құзырлы орган өтінішімді қанша 

күн ішінде қарауы керек?



– Өнер иелерінің өзіне тән 

қалыптасу ерекшеліктері 

болатыны белгілі. Осы асыл 

өнеріміз сіздің бойыңызға Қорқыт 

атамыздың аян беруі арқылы 

дарыған көрінеді... 

– Аян бергені туралы айтпай-ақ қояйын. 

Ол құпия болып қалсын. Мен бес жасымнан 

домбыра тартқанмын. Бірінші сыныпқа 

барған кезімде Дина Нұрпейісованың 

«Әсем қоңыр» деген күйін орындағанымда 

мектеп директоры, ұстаздарым – бәрі мені 

аспанға көтергені есімде. Қобызды кейін, 

мектеп бітірер кезімде ғана ұстадым. Оған 

дейін домбырашы болып, Сүгір, Тәттімбет, 

Тоқа аталарымыздың, Арқа өңірінің 

күйлерін тартып жүрдім. Кейін мектеп 

бітірер жылдары ғана қобызға әуестігім 

артты. Бір жағынан Ықылас атамыз мынау 

Созақ, Сарысу аудандарын жайлап, көпте-

ген күйлер жазған. Қайтыс болған, топырақ 

бұйырған жері – сол Сарысу ауданы. Міне, 

осының бәрі әсер етті ме, кейін қобыз ұстап, 

осы өнерді дәріптеп жүрмін. Бірақ мен 

қолыма қобыз ұстап, домбырадан қол 

үзген жоқпын, оны зерттеп, қаншама күйші 

туралы жазып, соны ары қарай дамытып 

келе жатырмын десем болады. 

– Бір кездері «Қазақстан» 

ұлт тық арнасынан «Қазақтың       

100 күйі» атты өте тағылымды 

хабар жүргізіп едіңіз. Сол хабарда 

көнеден жеткен күйлеріміздің 

тарихына, табиғатына қатысты 

құнды да қызықты деректер 

айтатынсыз. Сондай зерттеулері-

ңіз ді арнайы кітап етіп бастыру 

немесе осы тақырыпта қалың 

оқырманға арналған сүбелі 

дүниелер жазу қажет деп 

ойламайсыз ба? 

– «Қазақтың 100 күйі» осы өнердің 

соңғы алыптарын жазып қалдырды десем 

болады. Өйткені есімдері жұртқа белгісіз, 

ауыл-ауылдағы, іздеушісі жоқ күйшілерге 

көңіл бөлінбеген уақытта мен экспедиция 

жасадым. Себебі ертең өмірден өтіп кетсе, 

асыл мұраларымыздың бәрі солармен 

кетеріне көзім жетті, бізге дейін де сондай 

жағдайлар болған. Міне, осы мақсатпен 

күйшілерді іздеп шықтым. Бұл – «Қазақтың 

100 күйіне» дейінгі зерттеулерім, 1997 

жылдан басталған экспедиция болатын. 

Сол экспедиция арқылы көнекөз қарияла-

рымыздың біразын таптым. «Қазақтың 100 

күйі» хабары ашылған кезде сол ақсақал-

дарымыздың бәрін жинадық. Олардың 

кейбіреулері – кезінде халық мойындаған 

мықты күйшілер болса, кейбіреулері ауыл-

да қалып қойған, жалпы жұртқа бейтаныс 

күйшілер. Осының арқасында Дәулетбек 

Сәдуақасов, Әлімхан Жүзбаев, Бексейіт 

Тұрсынбеков, Қабыл, Дабыл Ажақаевтар 

сияқты басқа да көптеген күйшілеріміздің 

есімдері белгілі болды. Сол бағдарлама 

тума талант иелерінің алғашқы әрі соңғы 

қатысқан бағдарламалары болды десем, 

өтірік айтқаным емес. Сол арқылы біз 

«Мәңгілік сарын» күй фестивалін ұйымдас-

тыр дық. Күйлері қайта басылып, «Алтын 

қорымызға» қосылды. Мен солардың бә-

рін нотаға түсіріп, кітап дайындап жатыр-

мын. Әсіресе шертпе күй дегенде, Созақ 

өңірі көбірек насихатталған. Мен осы 

орайда Сарысу ауданының насихатталмай 

жүрген күйшілері туралы «Сарысу саңлақ-

тары» деген секілді атпен кітап шығарсам

нұр үстіне нұр болар еді. 



– Бізде күй өнерінің құдіретін 

жас өрендеріміздің санасына 

мектеп жасынан бастап сіңіру, 

ұғындыру жағы кемшін соғып 

жатқан сияқты... 

– Өте орынды мәселе. Менің А.Жұбанов 

атындағы музыка мектебінде ұстаздық етіп 

жатқаныма он жылдан асты. Бізде күйшілік 

өнер ауыз әдебиеті секілді болған, күй 

тартыс деген қазіргідей болмаған. Мысалы, 

бүгінде екі жақ келісіп алып, «мен «Балбы-

рауынды» тартамын, сен ары қарай жалғас-

тырасың» деп сахнаға шыға береді. Баяғы-

дағы күй тартыстың жөні бөлек болған. XIX 

ғасыр – күйшілік өнер мықты дамыған 

кезең. Расын айту керек, қазір ұсақталып 

кеттік. Ықыластың шәкірті – Жаппас 

Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев деген кісі-

лер қобыз тартып, таспаларын қалдырып 

кетті. Мен шәкірттеріме сол таспа бойынша 

үйретемін. Себебі балалардың бойына ескі 

дыбыстар сіңсін, дарысын деп ойлаймын. 

Жалпы, естімей жатып нотамен үйренгенге, 

күйді нотамен шығаруға қарсымын. Абай 

атамыздың жақсы сөзі бар ғой: «Құлақтан 

кіріп, бойды алар әсем ән мен тәтті күй», 

– деген. Яғни естімесе, құлағынан кіріп, 

бойын алмаса, бала сазды қалай қабыл-

дайды, қалай ұғынады? Сондықтан да мен 

ең алғаш қобыз деп таныстырған күннен 

бастап, оқушыларымның бәріне Жаппас 

Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев, бүгінде 

көзі тірі Сматай Үмбетбаевтың таспаларын 

беріп қоямын. Соларды жаттап, әбден 

қалыптасады. Міне, дәстүрді осылай сақтау 

керек екендігіне көзім жетті. Мен шәкірт-

терімді осылай тәрбиелеп жатырмын. 

– Осы жақында ғана бір топ 

дәстүрлі өнер өкілдері Ықылас 

атындағы Саз аспаптары мұра-

жайы жанынан «Өнер» атты халық 

университетін ашқан екенсіздер. 

Осы қоғамдық ұйым ның дәстүрлі 

өнерді өркендетудегі орны, 

мән-маңызы қандай болмақ? 

– Бұл университет туралы әр қилы 

пікірлер болды. Ұлттық өнерімізді дәріптеп 

жүрген небір майталмандар жиналды. 

Көбінің пікірі «қордың жұмысын аяғынан 

тұрғызып, әрі қарай жүргізу үшін қаржы 

керек» дегенге саяды. Шындығында, бар-

лығы сол қаржы мәселесіне келіп тоқта-

лады. Халықтық университет болған соң

кімнің қалтасына қарап отырасың? Ондай 

заман жоқ қазір. Мемлекет немесе қалталы 

азаматтарымыз демеушілік жасаса, бұл 

жұмысты дөңгелетіп кетуге болар еді. Бәрі 

бірден бола салмайды, жайлап бола жатар. 

Үлкен концерттер ұйымдастыру, таспалар 

шығару – бәрі жоспарда бар. Осылай үлес 

қоспасақ, дәстүрлі өнеріміздің жағдайы 

жұрттың бәріне аян ғой. Қазір – эстраданың 

белең алған шағы. Оның қандай эстрада 

екенін біліп те жүрсіздер. Жалпы, іс алға 

басады деген үміттеміз. 

– Қалай дегенмен де, «Өнер» 

университетін өміршең етудің 

жолдары қандай деп ойлайсыз? 

– Бұл ретте бәрі қаражатқа келіп 

тіреледі. Мысалы, таспа шығару үшін де, 

абыройлы концерт беру үшін де қаражат 

керек. Осындай ізгі істеріміздің ары қарай 

өміршең болып, жалғасын табуы демеуші-

лердің болуына да байланысты. Мейлі, 

мемлекет тарапынан болсын, мейлі, қалта-

лы азаматтарымыз болсын, көмектеспесе, 

бұл мәселе ары қарай шешімін табады деп 

айта алмаймын. Сөздің шындығы – осы. 

Оны неге жасыруға тиіспіз?! 



– Осыдан бірер жыл бұрын 

өзіңіздің мұрындық болуыңызбен 

«Дәстүрлі музыканы дамыту 

қоры» құрылған болатын. Қордың 

бүгінгі жай-күйі қандай? Сондай-

ақ мақсат-мүддесі тұрғысынан 

алғанда, «Өнер» университеті 

екеуі нің арасында қандай сабақ-

тастық бар? 

– Расын айту керек, қордың жұмысы 

алға баспай жатыр. Біз тендерге түстік. 

Түскенде де аузы алты қарыс, атышулы 

ком 

паниялармен қарсылас болдық. 



Құдайға шүкір, біраз мәреге де жеттік, тек 

шешуші айқаста азулы компаниялар жеңіп 

кетті. Бәрі ақшаға келіп тіреледі. Қордың 

есепшотында ақша тұруы керек. «Өнер» 

университеті мен қорды байланыстырып, 

сабақтастырып жұмыс істеуге болады. 

Бірақ нақты мақсаттар қойылған жоқ. 

Негізі, қор осыдан екі жыл бұрын құрылған. 

Тек көлемді етіп патриоттық әндерді ғана 

шығардық. Одан кейін альбомдар шығару 

жоспарда болған, сосын «500 ән, күй жи-

нау керек» деген тағы бір жобамыз болды, 

алайда тендерге түсіп, тағы жеңіліп қалдық. 

Жеңген компаниялардың не тындырып 

жатқаны белгісіз. 

Ел арасында жүрген мықты азаматтары-

мыз «ұлттық өнеріміздің дамуына көмек-

тесейін, туы әбден жығылды ғой» деп қол 

ұшын бермесе, бұл іс алға баспай 

ды. 


Ұлттық музыкамыз кезінде қалай дүркіреп 

еді? Мысалы, Тәуелсіздік алдық, өз қолы-

мыз өз аузымызға жетті деп сұмдық болып 

жүрміз ғой. Бірақ, шындығында, қайта 

кеңес өкіметі кезінде ұлттық музыкамыз 

жақсы насихатталды. Жүсіпбек Елебеков, 

Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрман-

ғалиев, қобызшы Дәулет Мықтыбаев, 

Жаппас Қаламбаев – бәрінің күйтабақтары 

шықты. Бұл деген тамаша емес пе?! Менің 

таңғалатыным, кеңес өкіметі кезінде дәріп-

телген дәстүрлі музыка егемен ел болғаннан 

кейін неге қолдаусыз қалды? Бұл не жағ-

дай? Мұның соңы қайда апарып соғары 

белгісіз. 

– Белгілі күйші Қаршыға 

Ахмедияров ағамыз «күй өнерін 

ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үшін 

шебер орындаушылар тәрбиелеу 

керектігін» айтқан екен. Сіздің 

шәкірт тәрбиелеуге қаншалықты 

мүмкіндігіңіз бар? Болашақта 

қобызшылар мектебін ашар ма 

едіңіз? 

– Мектеп ашу, ұстаздың алдынан өту 

деген тамаша нәрсе ғой. Мысалға, Сүгірдің 

атақты күйші ұстазы – Ықылас, Дина 

апамыздың ұстазы – Құрманғазы. Қаршыға 

ағамыз дүниеден ерте өтіп кетті. Ол кісімен 

жақсы қарым-қатынаста болдым. Үлкен-

үлкен өнер концерттерінде сахналас бол-

дық. Ағамызбен сондай байланыста 

болғаным үшін де бақыттымын. Ол кісі 

маған көп ақылын айтып отыратын. Менің 

Фариза Оралбаева, Мақпал Манасбаева, 

Күміс Нүсіпбек деген үш шәкіртім бар. Қазір 

консерваторияда оқып жатыр. Үшеуі де – 

ауыз толтырып айтарлықтай талантты 

жастар. Көптеген республикалық, халық-

ара лық конкурстарға қатысып, жеңімпаз 

болған. Жастардан екі-үш ер бала тәрбие-

леп жатырмын. Болашақтарынан зор үміт 

күтемін. 



– Өзіңізді өкшелеп келе жатқан 

жас қобызшылардың өнеріне 

көңіліңіз тола ма? Олардың 

артық-кем тұстары қандай? 

– Ең алғаш эстрадаға әніміз қосылды, 

біртіндеп домбырамыз, содан кейін қобы-

зымыз қосылып жатыр. Оның өзін жөнімен 

қосса, жастарға ешқандай өкпем жоқ. 

Себебі заман солай. Қазір, бір өкініштісі, 

күй тартып жүрген жастар аз. Сонымен 

қатар кейінгі мамандардың сабақ беру 

әдістері менің көңілімнен шықпайды. Олар 

Дәулетті, Жаппасты айтпайды, бақсылар 

туралы мәлімет бермейді. Сатырлаған 

нотаны балалардың алдына тастайды, олар 

нотаны ойнап шығады. Ол күйдің тарихын, 

кім туралы екенін, қалай шыққанын түсінді-

ріп жатқан адам жоқ. Қазіргі ұстаздарымыз-

дың кемшін тұстары – осы. Оларға қарсы-

мын. Оқытқаннан кейін тарихпен, 

әде биет  пен  байланыстырып  оқыту  керек. 

Мысалға, М. Жұмабаевтың «Қойлыбайдың 

қобызы», Т.Әлімқұловтың «Кертолғауы», 

С.Сейфуллиннің Ықылас туралы жазғанда-

ры, І.Жансүгіровтің «Күй», «Күйшісі» тәрізді 

басқа да еңбектермен баланы жан-жақты 

қызықтыруға болады. Сонда оқушының 

көзі ашылады. Бұл деген рухани байлық 

қой. Өзіңнің білімің болмаса, тек қана 

домбыра, қобызбен алысқа ұзай алмайсың. 

Қазіргі қобызшыларға көңілім толмайтыны 

сол, біріншіден, тартатын күйінің тарихын 

білмейді, екіншіден, ол күйді кім жеткізген, 

қалай жеткен – одан мүлде хабарсыз. Мы-

са лы, Ықыластың баласы Түсіпбек болса, 

Түсіпбектен тікелей жеткізген – Дәулет 

Мықтыбаев. Неге таспасын алып тыңдамай-

ды? «Болмасаң да, ұқсап бақ», – дейді 

Абай атамыз. Соның дыбыстарына ұқсатып 

неге тартпайды? Сонда күйшілік өнерге тән 

бұрынғы дәстүрімізді жоғалтпас едік. Қан-

ша тырысқанымен де, нота бәрібір таспада-

ғыдай болмайды. Сондықтан мүмкіндік 

болса, жастар консерватория бітіргеннен 

кейін де бір жерге мұғалім болғанда осы 

жақтарын ескерсе екен деймін. 

– Бүгінде домбыра күйлерін 

шығарып жүрген композиторлар 

баршылық, ал қобызға арнап күй 

шығаратындар өте сирек. Мұның 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет