Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет136/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   184
-кесте. Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстарының құрылымы, %1)




Көрсеткіштер

2006

2007

2008

2009

2010

Ақшалай шығыстар-барлығы, оның ішінде:

100

100

100

100

100

тұтыну шығыстары

95

94

94

94

93

- азық-түлік тауарлары

43

41

39

39

41

- азық-түлік емес тауарлар

28

28

30

30

27

- ақылы қызметтер

24

25

25

25

25

салықтар, алымдар, төлемдер

0,2

0,2

0,1

0,2

0,2

өзге де ақшалай шығыстар

4,8

5,8

5,9

5,8

6,8

1) Статист. жылнамалық «Қазақстан 2010 жылы» . -Астана, 2011. -76- б.



Халықтың тұрмыс деңгейінің тұжырымды көрсеткіштері- нің бірі – тағамға жұмсалған шығыстар үлесі. Ол отбасының материалдық молшылығы неғұрлым көп болса, соғұрлым ол

төмен болады. Соңғы 5 жыл ішінде республикадағы халықтың тұтыну шығыстарының құрылымында азық-түлік тауарларын сатып алуға жұмсалған қаражат үлесінің төмендегені көрінеді, ал азық-түлік емес тауарларды алуға жұмсалған шығыстардың үлес салмағы 2006 жылы 28%, 2010 жылы 27%-ға дейін азайған, ақылы қызметтер көрсету керісінше 24% -дан 25%-ға дейін өскен. Халықтың тұрмыс деңгейін зерттеу кезінде негізгі бір көр- сеткішке жататыны олардың ақшалай табыстары мен шы- ғыстарының балансы болып саналады жəне оны республика көлемінде сипаттайды. Халықтың ақшалай табыстары мен шы- ғыстарының балансы əрбір тоқсан сайын жасалады жəне оның көрсеткіштеріне статистикалық талдау жүргізіледі. Осыған орай төменде халықтың ақшалай табыстары мен шығыстарының

сұлбасы 8.4-кестеде берілген:


    1. -кесте. Халықтың ақшалай табыстары мен шығыстарының балансы




Табыстар

Шығыстар

  1. Еңбекақы

  2. Еңбекақыдан басқа табыстар

  3. Дивиденттер

  4. Ауылшаруашылық өнімдерін сатудан түскен табыстар

  5. Зейнетақы мен жəрдемақы

  6. Шəкірақы

  7. Қаржы жүйесінен түскен түсім

  8. Шетелдік валюталы сатудан түскен түсім

  9. Басқалай түскен түсімдер Ақшалай табыстардың барлығы Баланс

  1. Тауарларды сатып алу жəне ақылы қызметтер көрсету

  2. Міндетті төлемдер мен жарналар

  3. Салымдар мен құнды қағаздар өсімдері

  4. Тұрғын үй сатып алу

  5. Шетелдік валюта сатып алу шығындары

  6. Басқалай шығыстар

Ақшалай табыстардың барлығы Баланс




    1. Халықтың тұрғын үй жағдайы

Халықтың тұрғын үй жағдайы мен оның бөлінуі елдің эко- номикасының дамуын жəне азаматтардың əл ауқат деңгейінің маңызды индикаторы болып саналады. Халықтың тұрғын үймен қамтылуы үшін жағдай жасау, оның көркейтілуін жəне сапасын жоғарылату үкіметіміздің əлеуметтік саясаттың негізгі бөлігінің бірі болып табылады.



Соңғы он жыл ішінде республикада тұрғын үй қорының көлемі жылдан жылға ұлғаюда жəне оны статистикада: «Қазақстан Рес- публикасы аумағында орналасқан барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлерді айтады» жəне оның құрамына жатаханалар, ба- лалар үйлері мен қарттарға арналған үйлер, саяжайлар, жазғы бақтар, сырттан келгендерге арналған үйлер, қонақүйлер, спорт жəне туристік базалар, санаторий, демалыс үйлері, пансионаттар жəне басқа да құрылымдар мен жайлар жатқызылмайды.

Республика көлемінде тұрғын үй қорын жекешелендіру, эко- номикамызда жүргізілген экономикалық реформалардың ішіндегі ең маңызды нəтижелерінің бірі болып саналады. Соның салдары- нан меншік нысаны бойынша тұрғын үй қорының құрылымында түбегейлі өзгерістер болды жəне халықтың ауылдық жерлерден қалалық жерлерге шоғырлануына байланысты да оның өсімінде де айырмашылықтар кездеседі. Осыған орай төменде тұрғын үй қорының қалалық жəне ауылдық жерлерге бөлінуін меншік ны- сандары бойынша 8.5-кестеде қарастырамыз:

Республика көлемінде тұрғын үй қорының жалпы алаңы 2010 жылы 267,8 млн. шаршы метр болды, оның ішінде қалалық елді мекендерде 153,4 млн. шаршы метр жəне ауылдық жерлерде 114,4 млн. шаршы метр құрады, яғни үлесі жағынан қала – 57,3% , ал ауыл – 42,7% құрайды. 2010 жылды 2006 жылмен салыстырғанда, тұрғын үй қорының барлығы бойынша абсолюттік өсімі 15,1 млн. шаршы метр болса, онда оның 14,7 млн. шаршы метрі не- месе 97,4%-ы ауылдық жердің үлесіне тиеді. Сонымен қатар, халықтың тұрғын үйдің жалпы алаңымен қамтамасыз етілуі бір адамға 17,3 шаршы метрден 18,1 шаршы метрге дейін өскен бол- са, онда ауылдық жерде бұл көрсеткіш 15,9 метрден 16,4 метрге, ал қалалық мекендерде 18,4 метрден 19,7 метрге дейін көтерілген. Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі бір тұрғынға жал-

пы алаңның шаршы метрінен орта есеппен қаншадан келетінін сипаттайтын көрсеткіш. Оны есептеу үшін тұрғын жайлардағы жалпы ауданның (шаршы метрмен) онда тұратын адамдар санына қатынасы арқылы анықталады.

1992-1994 жылдары жəне содан кейінде елімізде тұрғын үй қорын жаппай жекешелендіру саясатының жүргізілуіне байла- нысты, оның меншік нысанының құрылымында айтарлықтай өзгерістер болды. Соның салдарынан мемлекеттік тұрғын үй қорының саны абсолюттік жəне үлестік жағынан жылдан-

жылға азаюда, ал керісінше, жеке меншіктегі тұрғын үй қоры көбеюде. Бұл экономикамыздағы жүргізілген экономикалық реформалардың ең маңызды нəтижелерінің бірі болып табылады жəне оны төменде берілген 8.5-кесте көрсеткіштерінен көруге болады:





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет