Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет133/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   184
Байланысты:
Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық

Əлеуметтік трансферттерзейнетақы, жəрдемақы, шə- кіртақы, атаулы əлеуметтік жəне тұрғын үйлік көмек.

Өзге де түсімдер – меншіктен түскен табыс, туысқандар мен таныстардан алынған материалдық көмек, алименттер жəне өзгелері. Меншіктен түскен табыс – акциялар жəне басқа да бағалы қағаздар бойынша дивиденттер мен ұтыстар, салымдар бойынша қарыз түрінде берілген сомаларды пайдаланғаны үшін пайыздар, салымдар бойынша ұтыстар, жалға беруден түскен та- быстар жəне тағы басқалай.

Туысқандар мен таныстардан алынған материалдық көмек – туысқандар мен таныстардан өтемсіз негізде алынған

ақша сомалары, сондай-ақ ақшалай тұлғаланудағы заттай тү- сімдер.



Алименттер – кəмелетке толмаған балаларды, ата-анасын ұстауға, неке бұзылған жағдайда көмекті қажет ететін жұбайды ұстауға алынған сомалар.

Ə. Халықтың шығыстары

Халықтың əл-ауқаты мен тұрмыс сапасының ең маңызды сипаттамасының бірі, тұтынудың шоғырланған əлпеті ретінде, ақшалай шығыстар мен оның құрылымы болып табылады. Халықтың тұтыну деңгейі табыстар деңгейіне тікелей байланысты болады, яғни табысты халықтың шығыстары арқылы зерттейді. Бұл нарық жағдайында табыс көздерінің əр алуандығына, өз бе- тімен жұмысқа қамтылғандықтан есепке алынбайтын табыстың бар болуына жəне «көлеңкелі» экономикалық қызметке, жүзеге асырылған қызмет пен оған төлем төлеудің арасындағы уақыт үзілісіне, сондай-ақ табыстардың ақшалай нысаны ғана емес, тамақ өнімдері, басқа тауарлар жəне халыққа ұсынылатын жеңілдіктер сияқты заттай түсімдердің барлығына байланысты табыстар туралы ақпараттың дұрыстығы жеткіліксіз. Сондықтан жаңа бағдарлама бойынша халықтың тұрмыс деңгейін бағалау, кедейлік пен теңсіздік көрсеткіштерін есептеуге арналған негіз- ге алынатын критерий ретінде тұтынуға жұмсалған табыстар көрсеткіштері қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет