Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет118/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

14.2. Жылу өндіру және жылу шығару 


      Жылу реттелуі физикалық (жылу шығару) және химиялық (жылу өндіру) 
реттелу  болып  екіге  бөлінеді.  Физикалық  реттелу  -  жылу  шығару  деңгейін 
өзгерту  арқылы,  ал  химиялық  –  жылу  өндіру  үдерісін  күшейту  не  әлсірету 
арқылы, яғни зат алмасу қарқынын өзгерту арқылы іске асырылады. 
      Жылу  өндіру  түрлері.  Адам  организмінде  суықтың  әсерінен  жылудың 
өндірілуі 3-5 рет жоғарылайды, ол  зат алмасу қарқыны мен жылу өндіретін 
реакциялардың  күшеюі  есебінен  болады.  Аса  қарқынды  жылу  өндіру 
үдерістері  бұлшықетте,  бауырда,  өкпеде  және  бүйректе  жүреді.  Дене 
салқындағанда  бұлшықеттерде  30-50%-ға  дейін  жылу  өндіріледі.  Жылу 
өндірудің жиырылғыштық және жиырылғыштық емес түрлері бар. 
      Жиырылғыштық  жылу өндіру тек  қана қаңқа бұлшықеттерінде болады. 
Бұл кездегі еттердің жиырылуы ерікті және еріксіз болуы мүмкін. 
      Ерікті жиырылу деген – өте  тез арада жылу өндіруге  келтіретін адамның 
белсенді  қимылы,  сонымен  бірге  бұл  кезде  конвекция  жолымен  жылу 
шығару да күшейеді, бірақ ол организмге үнемшіл емес. 
      Еріксіз жиырылу түрінің бірі дірілдеу – бұлшықет жиырылуының ерекше 
түрі,  бұл  тек  адамға  тән  қасиет,  сыртқы  орта  температурасы  едәуір 
төмендегенде байқалады және жылу түзілуін бірнеше рет күшейтеді.   Бұл 
кезде  қозғыштығы  төмен  қозғалтқыш  бірліктері  басты  роль  атқарады, 
сондықтан  бұлшықеттің  барлық  жиырылу  қуаты  жылу  энергиясына 
айналады,  яғни  дірілдеу  ерікті  жиырылумен  салыстырғанда,  дене 
температурасын қолдайтын үнемшіл тәсіл болып есептеледі. 
      Еріксіз жылу өндірудің тағы бір түріне жылу реттеуші бұлшықеттердің 
тонустық  жиырылуы  (мойын,  арқа  еттері)  жатады.  Мұндай  жылу  реттеуші 
тонус  көбіне  баяу  қызыл  еттерге  тән  қасиет.  Сондықтан,  бұл  кезде  жылу  
өндіру  шамамен  40-50%  жоғарылайды.  Қаңқа  еттерінің  жылу  реттеуші 
тонустық  жиырылуы  сыртқы  орта  температурасы,  комфорттық  деңгейден 
шамамен 2ºС төмендегенде басталады. 
      Жиырылғыштық емес жылу өндіру. Мұндай жылу өндіру суыққа әбден 
бейімделген  организмдерде  бірталай  байқалады  және  көптеген  тіндерде, 
соның ішінде бұлшықеттерде дамиды. Жиырылғыштық емес жылу өндіретін 
арнайы тіндерге – қоңыр май жатады. Тәжірибе жүзінде қоңыр майды алып 
тастаса,  организмнің  суыққа  төзімділігі  едәуір  төмендейді.  Қоңыр  майдың 
салмағы  дене  салмағының  1-2%    ғана  құрайды,  бірақ  суыққа  бейімделу 
кезінде 5%-ға дейін жоғарлайды. Қоңыр майдың тотығу жылдамдығы, басқа 
майлармен  салыстырғанда,  20  есе  жоғары,  яғни  бұл  тіндердің  энергиялық  
алмасу  деңгейі,  жұмыс  істеп  тұрған  бұлшықеттерден  үш  есе  күшті  болады. 
Қоңыр  майдың  мұндай  жылу  реттеудегі  ролі  әлі  күнге  дейін  толық 
анықталмаған. Қазіргі болжау бойынша бұл тіндер бос май қышқылдарының 
көзі  болып  саналады.  Бұл  тотығу  реакцияларының  субстраты    болған  соң 
суықтың  әсерінен  реакция  жылдамдығы  тез  жоғарлайды.  Суықтың  әсерінен 
қоңыр  майдың  өзінде  қан  айналуы,  зат  алмасу  деңгейі  және  температурасы 
жоғарлайды,  ал  оның  үстінде  жатқан  тері  қабатының  температурасы 
төмендейді.  Осыдан  қазіргі    кездегі  қоңыр  майдың  калориферлік  ролі 
жайында  танымал  гипотеза  пайда  болды:  суық  әсері  кезінде  бұл  тіндер 


жақын  жатқан  ірі  тамырларды  жылытып,  бас  миына  қарай  өтетін  қанның 
температурасын жоғарлатады. 
      Адам  ағзасында  қоңыр  май  тіндері  мойында,  жауырын  арасындағы 
аймақта,  аорта  мен  ірі  веналар  маңында  және  симпатикалық  тізбектер 
айналасында орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет