Байланысты: Қалыпты физиология(@kaz medical students)
Вебер-Фехнер заңы Талдағыштардың сигналға талдау жасауда ең маңызды қабілеті –
тітіркендірудің үдемелі өзгерісін, уақыттық өзгерістерін немесе кеңістіктегі
белгілерін табу. Мұндай ажырату әрекеті қабылдағыштан басталады.
Тітіркендіргіштің қарқынын ажырату табалдырығы бастапқы әсер еткен
күшінен белгілі бір мөлшерде жоғары болады (Вебер заңы). Мысалы, қолдың
үстіне қойылған бастапқы жүкке қосымша жүк қойылса, кейінгінің
ауырлығын сезіну үшін ол алғашқы салмақтың 3%-на тең болу керек
(бастапқы 100 г жүкке 3 г, ал 200 г болса 6 г қосу қажет).
Бұл тәуелділікті: dI/I = const теңдеуімен белгілейді, мұндағы I - тіркендіру
күші, dI – күштің сезінерлік өсімі, const – тұрақты шама. Мұндай тәуелді
қатынас көру, есту және басқа да сезім жүйелерінде анықталған.
Сезу әсерлесінің тітіркендіргіш күшіне тәуелділігі (Вебер –Фехнер заңы).
E=a.logI+b теңдеуімен анықталады, мұнда E – сезіну шамасы, I – тітіркендіргіш күші, a+b – тітіркендіргіштің түріне қарай тұрақты шама.