Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Бірыңғай салалы бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет49/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

       5.4.Бірыңғай салалы бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері. 
       Бірыңғай  салалы  ет  бүкіл  ішкі  қуыс  ағзалардың  қабырғасында,  қан  мен 
лимфа  тамырларында,  несеп  шығаратын  мүшелерде,  жатырда,  бронхта, 
қыспақтар  (сфинктер)  құрамында  және  т.б.  жерлерде  кездеседі.  Бұл  еттің 
физиологиялық  қасиеттері  қаңқа  бұлшықетіндегі  сияқты,  бірақ  оның  өзіне 
тән ерекшеліктері болады: 
1)  Қозғыштығы.  Физиологиялық  қалыпты  жағдайда  бірыңғай  салалы 
бұлшықет  жасушаларының  МП  -  60  -70  мВ  арасында,  ал  өздігінен  қозатын 
миоциттерде - -30-60 мВ болады. Қаңқа етімен салыстырғанда,оның ӘП-ның 
мөлшері  төмен  және  ұзақтау  (10-50  мс),  ал  мембрананың  деполяризациясы 
Ca
2+
 иондарының жасушаның ішіне енуімен байланысты. 
2)  Өткізгіштігі.  Бірыңғай  салалы  еттердің  құрылымды-әрекеттік  бірлігі  -  ет 
талшықтарының  будасы  (шоғыры)  болады.  Мұндай  талшықтар  бір-бірімен 
нексус  арқылы  байланысады  да,  қозу  бірнеше  талшықтарға  таралады.  Бір 
буда маңындағы ӘП-ның таралу жылдамдығы баяу, шамамен 5-10 см/с. 
3)  Жиырылғыштығы.  Қозудың  ет  талшықтарының  будасымен  таралуына 
сәйкес  оның  жиырылуыда  біртұтас  болып  байқалады.  Бірыңғай  салалы  ет 
талшығы  миозиніндегі  АҮФ-аза  белсенділігі  көлденең  жолақты  ет 
талшығымен  салыстырғанда  40-80  есе  төмен  болады.  Сондықтан  бірыңғай 
салалы  еттің  жиырылуы  өте  баяу  болады.  Бұл  ет  талшықтары  ұзақ  уақытқа 
дейін  ширақтығын  (тонусын)  сақтайды  және  қажымайды.  Кейбір  бірыңғай 
салалы  еттердің  (ас  қорыту,  несеп  шығару  жүйелерінде)  автоматиялық 
қасиеттері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет