Республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет46/140
Дата17.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31240
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   140
Байланысты:
Қалыпты физиология(@kaz medical students)

      5.3.Бұлшықеттің күші мен жұмысы. 
      СИ  жүйесі  бойынша  күш  ньютон  (Н)  бірлігімен  өлшенеді.  Бұлшықеттің 
күші  оның  жиырылған  кезіндегі  көтере  алатын  ең  үлкен  (максималды) 
жүгімен  анықталады.  Мұндай  күшті  бұлшықеттің  «жалпы»  (максималды) 
күші  дейді  және  бұл  күш  ет  талшықтарының  санына,  оның  әр  қайсысының 
жуандығына  байланысты.  Бұлшықеттің  жалпы  күшінің  оның  анатомиялық 
көлденең  кесіндісінің  ауданына  қатынасын  оның  абсолюттік  күші  деп 
атайды.  Ап  бұлшықеттің  анатомиялық  көлденеңі  деп  еттегі  барлық 
талшықтардың  көлденең  кесіндісінің  жинақы  ауданын  айтады.  Мұнымен 
қатар бұлшықеттің физиологиялық көлденең кесінді ауданы деген де ұғым 
бар. Егер ет талшықтары бір-бірімен қатар жатса, онда бұлшықеттің жинақы 
физиологиялық  көлденең  кесіндісі  оның  анатомиялық  көлденеңіне  тең 
болады.  Ал  ет  талшықтары  құстың  жүні  тәрізді  қиғаш  (мысалы,  балтыр 
бұлшықеті)  орналасса,  онда  әр  талшықтың  қақ  ортасынан  өтетін  көлденең 
сызығының  ауданы  (физиологиялық  көлденең  ауданы)  анатомиялық 
ауданынан жоғары болады. Сондықтан мұндай еттердің күші жоғары болады. 
Бұлшықеттің  жалпы  күшінің  (Н)  оның  физиологиялық  көлденең  кесіндісіне 
қатынасын  еттің  «меншікті»  күші  (Н/см


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет