Байланысты: Қалыпты физиология(@kaz medical students)
6.2.Түйіспелердегі қозудың өту механизмдері (мионевральдық түйіспеде) Мионевральдық (ет-жүйкелік) түйіспе мотонейрон аксонының ұшы мен
ет жасушасы арасында болады. Нейронның қозғағыш (тригерлік) аймағында
пайда болған жүйкелік импульс аксон бойымен нервіленген бұлшықетке
қарай бағытталып, аксоның ұшына жетіді де, пресинапстық мембрананы
деполяризация жағдайына келтіреді. Осыдан кейін натрий мен кальций
арналары (каналдары) ашылады да, Са
2+
иондары, түйіспені қоршаған
ортадан, аксон ұштарына кіреді. Мұның нәтижесінде іші ацетилхолинге толы
көпіршіктер (везикулалар) қозғалысы реттеліп пресинапстық мембранаға
қарай жылжиды. Са
2+
иондары везикулалардың қозғалысын күшейтеді.
Пресинапстық мембранаға жеткеннен кейін көпіршіктер жарылады да,
ацетилхолин босап шығады (4 кальций иондары 1 квант ацетилхолинді
босатады). Түйіспе саңылауы арқылы ацетилхолин диффузиялық жолымен
пресинапстық
мембранадан
постсинапстық
мембранаға
таралады.
Диффузиядан кейін ацетилхолин постсинапстық мембранада орналасқан
холинорецепторлармен (ХР) және холинэстеразамен (ХЭ) өзара әрекеттесуге
түседі. Холинорецепторлардың ацетилхолинмен әрекеттесуі нәтижесінде,
постсинапстық мембрананың Na
+
ионына деген өтімділігін күшейтіп,
мембрананы деполяризациялайды.
Постсинапстық мебранада пайда болған
жергілікті (миниатюрлық) ток жинақталып постсинапстық қоздырушы
потенциалға (ПСҚП) айналады. Постсинапстық мембрананың беткей жағы
теріс зарядталады, ал көрші ет талшығында (ХР-лар жоқ аймақта) оң заряд
болады. Сөйтіп деполяризация (қозу) ет талшығының бойымен жылжып
таралатын ӘП тудырады.
Постсинапстық деполяризациядан кейін болатын реполяризациясы
кезінде мембранадан Na
+
ионының сыртқа шығуымен бірге оның К
+
ионына
өтімділігі күшейеді. Бұдан соң калий-натрий тартқышы МП-ды қалпына
келтіреді. Ацетилхолиннің артық бөлінуі оны ыдрататын холинэстераза
ферментімен реттеледі. АХ + ХЭ = холин мен сірке қышқылына ыдырайды.
Салыстырмалы тыныштық жағдайда түйіспе белгілі бір биоэлектрлік
белсенділікте болады. Мұндай белсенділік түйіспенің әр уақытта жүйкелік
импульсті өткізуге дайындығын күшейтеді.