Ресурстарын


Даму  қажеттілігін  талдау



Pdf көрінісі
бет18/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   142
Даму  қажеттілігін  талдау  кезінде  қажетті  жоспарланған 
адам  ресурстарының  əлеуеті  мен  оның  нақты  əлеуетінің 
арасындағы айырымы (Resource Gap) анықталады. Осы айырым-
нан  тікелей  даму  қажеттілігі  шығарылады  жəне  оған  тікелей 
байланысты АРБ стратегиясының мəні ашылады. 
Іс-шараларды  жоспарлау  барысында  жоғарыда  айтылған 
АРБ  стратегиясының  мəні  нақтыланады,  жоспарланып  отырған 
шаралардың  маңыздылары  анықталып,  оны  іске  асыру  мерзім-
дері  белгіленеді.  Осы  шараларды  орындаушылар  мен  оларға 
қажет  қаржы  анықталады.  Іс-шараларды  жоспарлағанда  адам 
ресурстар  стратегияларының  матрицасын  қолдануға  болады, 
соның  негізінде  АРБ  стратегиясының  бағыты,  даму  стратегия-
сының міндеттері мен кезеңдерін толық көрсетуге болады. 
Жоспарланған  іс-шаралар  тəжірибеге  енгеннен  кейін  тағы 
бір мəселеге көңіл бөлу керек – ол қойылған мақсаттарды қайта 
қарау.  Бұл  жерде  екінші  кезеңде  қойылған  мақсаттар  қанша-
лықты  əлі  жарамды  жəне  оларды  іс  жүзіне  табыспен  асыра 
алдық па («Бағытты дұрыс таңдаппыз ба?»).  
Болған  кемшіліктер  осы  жолмен  анықталып,  тиісті  түзету 
шаралары арқылы олардың жойылғанын көреміз. Көп жағдайда 
АРБ  стратегиясы  туралы  ойлануға,  оны  іс  жүзіне  асыруға 
ұйымның  барлық  мүшелері  белсенді  қатысса,  онда  ол  табыс 
əкеледі.  Сондықтан  алдын  ала  қызметкерлер  өкілдері  мен 
кəсіпорын кеңесі  АРБ  стратегиясын  жасау  үдерісіне  атсалысып 
кірісуін ойластырған абзал.  
Сонымен,  АРБ  стратегиясы  кадрлық  шешімдермен  тікелей 
байланысты,  ол  ұйымның  стратегиялық  мақсатына  жету  үшін 
адамдардың жұмысына жəне олардың дамуына елеулі жəне ұзақ 
мерзімді əсер етеді. 
Ұйымның  АРБ  стратегиясына  тиісті  көңіл  бөлгендігін 
төмендегіден байқауға болады: 


Адам ресурстарын басқару 
 
34
 
 
-  қызметкерлерді  тарту,  пайдалану  жəне  дамыту  қалай 
болса солай емес, белгілі бағытта, ойланып ұйым миссиясы мен 
дамуының стратегиялық мақсаттарына сəйкес жүргізіледі; 
-  жоғары  сатыдағы  басшылар  АРБ  стратегиясын  таңдау,  іс 
жүзіне  асыру  жəне  бағалау  үшін  жауапкершілікті  өз  мойнына 
алады; 
-  АРБ стратегиясы мен ұйымның даму стратегиясы арасында 
өзара  байланыс  бар;  мұндай  байланыс  АРБ  стратегиясы 
құрамындағы бөліктері арасында да болады; 
-  ұйым  тек  тұтынушыларды  қанағаттандыруды  ойламай, 
сонымен өз қызметкерлерін қанағаттандыруын да ойлау керек. 
АРБ стратегиясын құрайтын негізгі бөліктер мен оған ықпал 
жасайтын негізгі факторлар төмендегі кестелерде көрсетілген. 
 
2.4-кесте  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет