Ресурстарын


«Миссия», «стратегия», «саясат» жəне «қызмет бағыттары»



Pdf көрінісі
бет20/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   142
Байланысты:
Адам ресурстарын басқару

«Миссия», «стратегия», «саясат» жəне «қызмет бағыттары»  
түсініктерінің ара-қатынасы 
 
Түсініктер 
Анықтамалар 
Мысалдар 
«Миссия» 
Ұйымның болу себебі, оның не-
гізгі  құндылықтары  мен  идеал-
дары 
Жоғары сапалы өнім мен қыз-
мет  көрсету,  əлемдік  стандарт-
тарды сақтау  
«Стратегия»  Ұйымның  ұзақ  мерзімді  мақсат-
тары  жəне  оларға  қол  жеткізуге 
бағытталған  концептуалды  көз-
қарастар  
Адам  ресурстарын  басқару  ст-
ратегиясы.  Өндірісті  диверси-
фикациялау  стратегиясы.  Баға 
стратегиясы.  Сапаны  басқару 
стратегиясы  
Стратегия 
Кадрлық 
саясат 
Күнделікті 
қызмет 
Адам ресурстарын басқару 


Адам ресурстарын басқару 
 
36
 
 
«Саясат» 
Стратегияның негізгі компонент-
теріне  деген  нақтыланған  көзқа-
растар,  бизнесті  жүргізудің 
маңызды  ережелері  мен  ұста-
нымдары  
Кадр  саясаты.  Жаңа  жоба-
ларды  қаржыландыру  сая-
саты. Маркетингтік саясат  
«Қызмет 
бағыттары» 
 
Ұйымның стратегиясы мен сая-
сатын  жүзеге  асыруға  бағыт-
талған  нақты  іс-əрекеттер  мен 
қадамдар 
Персоналды  таңдау 
жəне 
оқыту  бағдарламалары,  қыз-
мет  көрсету  туралы  жарна-
маны ұйымдастыру  
 
Бір  қалыпты  жағдайда  кадрлық  саясат  кəсіорынның  негізгі 
мақсаттарына – орнықты қызметін сақтауға, бəсекелестік қабілетін 
жоғарылатуға,  өз  саласында  көшбасшы  болуға – бейімделеді. 
Бірақ,  мысалы,  экономикалық  дағдарыс  жағдайында  кадрлық 
саясатты  өзгертуге  мəжбүр  болады [21]. Қаржы  тапшылығынан 
əлеуметтік  бағдарламалар  қысқартылады,  қызметкерлер  саны 
қысқартылады,  ұжымда  психологиялық  климат  нашарлайды. 
Менеджменттің  негізгі  мақсаты  ұйымды  сақтап  қалу,  мүм-
кіндігінше кəсіпорынның кадрлық əлеуетіне зақымды азайту, оның 
ішінде  қызметкерлерді  қолдан  келгенше  əлеуметтік  қорғау. 
Сонымен  қатар  дағдарысқа  қарсы  саясат  мəні  адамдар  құрамын 
өзгеріссіз  сақтап  қалу  емес,  бұрынғы  жəне  жаңа  қызметкерлер 
арасында кəсіпорын қажеттігіне сəйкес оңтайлы баланс орнату. Ал 
дағдарысқа қарсы нақты кадрлық саясаттар модельдері жеткілікті, 
тек оны дұрыс таңдай білу керек [29]. 
Ал  инновацияларды  енгізу  жағдайында  қызметкерлерді 
тиімді  басқару  ұстанымдары  басқаша  болып  келеді,  мысалы, 
қызметкерлерді  шешім  қабылдау  үдерісіне  белсенді  тарту, 
қызметкерлерді басқарудың əлеуметтік жауапкершілікке бағыт-
талуы,  өзгерістер  бағдарламасының  мақсаттарын  белгілеу 
кезінде қызметкерлермен талқылау [25].  
Кадрлық  саясаттың  болуы  көп  мəселелердің  дұрыс  ше-
шілуіне өз ықпалын жасайды: кадрлық жұмыстың элементтеріне 
жəне олардың өзара байланысына қалай кірісу керектігіне, кадр 
шешімдерін  қабылдауға  кететін  уақытты  үнемдеуге,  жеке 
тұлғалардың  қате  шешімдер  қабылдау  тəуелділігін  азайтуға, 
заңдарды бұзбауға жəне т.б. Кадр саясатын даярлау кезеңдерінің 
мазмұны төменгі 2.4-суретте бейнеленген [2, 28-б.]. 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
37
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.4-сурет. Кадрлық саясатты жасау жəне оны іс жүзіне асыру 
 
 
 
Кадрлық саясаты қызметінің негізгі саяларын анықтау  
Осы ойлармен барлық деңгейдегі басшыларды таныстыру жəне
олардан қолдау
 алу
Кадрлық саясаттың мақсаттарын анықтау 
Кадрлық саясатты іске асырудың негізгі ұстанымдарын анықтау 
Кадрлық саясаттың толық жобасын дайындау 
Жобаны келісу 
Оның орындалу шарттарын анықтау 
 
Ұйымның барлық қызметкерлеріне кадрлық саясаттың негізгі
 
элементтерін ж
еткізу
 
Кадрлық саясатты жүзеге асыруға бағытталған іс шаралардың 
орындалуын ұйымдастыру 
Кадрлық саясаттың орындалу
 
мониторингі 
Қажетті өзгертулерді енгізу 
Кадрлық с
аясаттың орындалу тиімділігін бағалау 


Адам ресурстарын басқару 
 
38
 
 
Кадр  саясатымен  ұйымның  əр  қызметкерін  таныстыру  қажет. 
Оның  мəнін  түсініп,  басшы  жəне  қызметкерлер  жағынан  қолдау 
табу  үшін  арнайы  құжат  түрінде  болу  керек.  Мысалы,  ұйымдағы 
ішкі еңбек тəртібі, еңбекақы төлеу, қызметкерлерді аттестациялау 
сияқты ережелер түрінде. Сонымен қатар, ұйымның кадр саясаты 
ұжымдық  келісімдерде,  кəсіпорын  жарғысында  (уставында)  жəне 
еңбек қатынастары мен қызметкерлердің жұмыс істеуін реттейтін 
басқа құжаттарда көрсетіледі. 
Шетел тəжірибесіне келсек, кадр саясатына жауапты менед-
жерлер  үшін  жəне  қатардағы  қызметкерлер  үшін  арнайы  қолда 
болатын кітаптар шығарылады – Human Resources Administrators 
Handbook жəне Employe Handbook. Бұл кітаптарда ұйым туралы 
жалпы  ақпарат,  оның  миссиясы  мен  стратегиялық  мақсаттары 
келтіріледі.  Осы  ұйымның  қызметкерлері  қандай  құндылық-
тарды  бағалайды,  қойылған  мақсаттарға  жету  үшін  қандай 
құралдар  жарамды,  ал  қайсылары  этикалық  тұрғыдан  қабыл 
алынбайды – осы мəселелерге де маңызды орын беріледі. 
Кадр  саясатымен  жете  танысу  тиісті  ұйымдастырушылық 
мəдениетті  қалыптастыруға  себепші  болады,  тəртіп  бұзу  мен 
кадр  тұрақсыздығын  төмендетеді,  орынсыз  еңбек  дау  тууын 
жояды,  қызметкерлердің  алаңдауына,  өзгерістерге  қарсылас-
пауына көмек тигізеді. 
Қорыта  айтқанда,  осының  барлығы  кадрлық  шешімдерді 
қабылдайтын менеджерлер қызметін елеулі күрделендіреді жəне 
заманауи кадрлық қызмет орны қалыптасуына ерекше талаптар 
қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет