Ресурстарын


 АРБ жүйесін жетілдіру бағыттары



Pdf көрінісі
бет28/142
Дата12.01.2022
өлшемі1,63 Mb.
#23976
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   142
3.3. АРБ жүйесін жетілдіру бағыттары 
 
АРБ  қызметінің  рөлі  барған  сайын  арта  түседі,  оған  келесі 
жағдайлар себепші болады:  
-  жұмыс  беруші  мен  қызметкерлер  арасындағы  қатынастар 
мүлде  жаңаша  реттеліну  керек.  Ол  АРБ  мамандарының  функ-
ционалдық  қызметтерін  көбейтуді,  кадр  мəселелерін  шешуде 
оның дербестігін күшейтуді талап етеді; 
-  қазіргі бастан кешіп отырған дағдарыстан шығудың мүм-
кін  жолы – ол  өндіріс  тиімділігін  арттыру.  Бұл  жерде  инвести-
циямен қатар кадрларды бұрынғыдан жақсы пайдалану, оларды 
ұтымды орналастыру, əр қызметкерге түсетін жүкті өсіру басты 
резерв болып табылады; 
-  қызметкердің  жоғары  өнімділігіне  жету  үшін  оның  білік-
тілігін  жоғарылатып,  жаңа  техника,  технология  жəне  басқару 
əдістерін таңдап, қолдануда АРБ қызметінің рөлі өсе түседі. 
АРБ  қызметін  дамыту  бағытын  белгілеу  үшін  ұйымның 
экономикалық  жағдайын  терең  талдап,  оған  кадр  қызметінің 
орны  мен  ықпал  жасау  дəрежесін  анықтау  қажет.  Сонымен 
қатар,  Қазақстанның  қоғам  өмірін  демократизациялау  жəне 
əлеуметтік  бейімделген  нарықтық  экономиканы  құру  үдерісі 
одан  əрі  дамып  жатыр.  Бұл  жерде  АРБ  қызметі  экономикалық, 
əлеуметтік  жəне  еңбек  қатынастарына  демократиялық  норма-
ларын  іс  жүзіне  асыруда  өте  маңызды  рөл  атқаруға  тиісті. 
Демократизациялау кəсіпорынға, тұтынушыларға, қызметкерлер 
мен қоғамға қатысты жүру керек. 
Батыс  Европада  əлеуметтік  еңбек  қатынастарын  демократи-
зациялау  нормалары  «Еңбеккерлердің  негізгі  əлеуметтік  құқы-
лар  Хартиясы» («ЕО  əлеуметтік  хартиясы»)  түрінде  берілген, 
осы  құжат  жұмыс  берушілер  мен  жалданушы  қызметкерлердің 
қатынастарын кеңейтуге бағытталған.  
Мысалы,  Германияда  жалданушы  қызметкерлердің  негізгі 
құқыларына кепілдеме беретін ұйымдастырушылық формалары 
былай келтірілген: 
-  ұйымның  бақылау  кеңесінің  жұмысына  қатысу  арқылы 
оның  экономикалық  қызметіне  қызметкерлердің  ықпал  жасау 
мүмкіндігі; 


Адам ресурстарын басқару 
 
54
 
 
-  ұйымның  еңбек  жөніндегі  директор  орынбасарын  тағайын-
дау  не  басқармада  жалданушы  қызметкерлердің  мүдделерін 
ескеруге бейімделген өкілдік органды құру; 
-  кəсіпорын  басшыларына  қарама-қарсы  қызметкерлердің 
мүдделерін көрсетуге міндетті қызметкерлер кеңесін құру.  
Кəсіпорындағы  жұмыс  істейтін  қызметкерлер  санына  қарай 
кеңес  мүшелері  өндірістегі  негізгі  функцияларын  атқарудан 
босатылады. Жыл сайын жиналыста бұл кеңес өз қызметі туралы 
есеп беріп тұрады. Жиналысқа жұмыс беруші де шақырылады, ол 
кадрлық  жəне  əлеуметтік  саясатты,  кəсіпорынның  экономикалық 
жағдайы мен болашақта дамуы туралы баяндайды. Бұл тəжірибе 
бізде  кеңес  заманында  кең  таралған  болатын,  қазір  ол  ұмыт 
болды.  АРБ  қызметі  нарықтық  қатынас  ерекшелігін  ескере 
отырып, сол тəжірибені қайтадан жандандыруға міндетті.  
АРБ қызметін жетілдірудің маңызды бағыты – ол еңбек құқы 
шеңберіндегі  мəселелерді  реттеу  арқылы  жалданушы  қызмет-
керлердің  жағдайын  жақсарту.  Оның  ішінде  еңбек  дауларын 
қарастыру  тəртібі, адамды  жұмысқа  қайта  алу  мен  оның  құқын 
қорғау сот арқылы шешілуі тиіс.  
АРБ қызметінің тағы бір бағыты – ол жұмыс берушілер мен 
кəсіподақ  арасындағы  тарифтік  келісімдерді  бекіту.  Тарифтік 
келіссөздер  дамыған  шет  елдерде  мəдениетті  жүргізіледі.  Бұл 
салада АРБ қызметі озық тəжірибені біртіндеп жинауға себепші 
болу  керек,  өйткені  осы  уақытқа  дейін  келіссөздерді  қалай 
жүргізу  жəне  тарифтік  келісімдерді  қай  түрде  бекіту  керек 
екенін бізде əлі жете білмейді.  
Сонымен  АРБ  қызметінің  рөліне  дəстүрлі  көзқарастан  бас 
тартып, белсенді кадрлық саясатқа батыл кірісу қажет, ұйымның 
жоғары басқару деңгейінде орнын белгілеу керек, міндетті түрде 
оны кəсіпорын/бизнес стратегиясына жəне ұйымдастырушылық 
құрылымды  таңдауға  қатыстыру  керек.  Озық  шетел  компания-
ларының («3М», IBM, Microsoft жəне  т.б.)  тəжірибесі  мұндай 
саясаттың тиімділігін дəлелдейді.  
Біздің  практикада  заман  талаптарына  сай  кейбір  ірі 
компаниялар  мен  ұйымдарда  адам  басқару  мəселелеріне  жете 
көңіл  бөлінуде.  Дəлел  ретінде  «Қазмұнайгаз», «Қазтрансойл», 
«Алматы  ауыр  машина  жасау  зауыты», «ҚР  салық  комитеті» 


Сейсембай Жұмамбаев  
 
55
 
 
жəне  басқалардың  тəжірибесін  келтіруге  болады  [А  қосымша 
материалдарын  қараңыз].  Бірақ  ұйымдардың  көпшілігінде 
кадрлық  қызметінің  басқару  функциялары  жете  ашылмаған,  ал 
онсыз кадр саясаты да болмайды. Бұл жағдайда еңбекті марапат-
тау,  жеңілдіктер  мен  жалданушыларға  əлеуметтік  қызмет 
көрсету мəселелері бұрынғыдай əртүрлі қоғамдық ұйымдар мен 
функционалдық  органдарда  шешілмей,  барлығын  АРБ  қызметі 
орнының ауқымында шоғырлау қажет.  
Қазіргі  дəстүрлі  кадр  бөлімінен  заманауи  АРБ  қызметіне 
көшу үшін келесі шараларды ұсынуға болады: 
-  жоғары  басшылар  арасында  АРБ  мəселесі  бойынша 
«сауатсыздықты жою»; 
-  кадрлық  қызметінде  жұмыс  істейтін  мамандарды  үдемелі 
(интенсивті)  қайта  даярлау,  бұл  жерде  басқарушылық, 
əлеуметтанушылық,  психологиялық  аспектілерге  аса  зор  назар 
аудару қажет; 
-  «адам  ресурстарын  басқару»  мамандарын  даярлауды 
көбейту. Қазір ҚР БҒМ-да осы бағытта алғашқы қадам жасауда. 
2010  жылдан  «Еңбекті  ұйымдастыру  жəне  мөлшерлеу» 
мамандығын  ашып  отыр.  Бұл  адам  ресурстарын  басқарудың 
маңызды бір бөлігін қамтиды;  
-  адамның еңбекке деген мінез-құлқын өзгерту мақсатымен 
еңбекті  ұйымдастыру  жəне  оған  ынталандыру  жүйесін  жетіл-
діру; 
-  кадрлық  қызметінің  мəртебесін  (статусын)  көтеріп,  оның 
функцияларын нарық заманына сай ретке келтіру; 
-  кадрлық  саясаты  мен  тиісті  ұйымдастырушылық 
құрылымның əдістемелік ұстанымдарын негіздеу жəне т.б. 
АРБ  қызметін  жетілдіру  бағытының  бірі – қызметкерлерді 
басқаруда  отандық  жəне  шетел  тəжірибесін  зерттеп,  жинақтап 
қорытып,  оны  жүйелі  түрде  тарататын  ұйымдастырушылық 
механизмді құру. Ұйымдастырушылық бастамасы ретінде қызмет-
керлерді  басқару  мамандарының  бір  не  бірнеше  Ассоциациясын 
құруға  болар  еді.  Мұндай  ассоциацияға  кадр  мамандары,  еңбек 
бойынша экономистер, кадрларды даярлау, жұмыспен қамтама-
сыз  ететін  қызмет  орындарының  мамандары,  ЖОО  оқытушы-
лары  жəне  қызметкерлерді  басқару  мəселесіне  қызығушылық 


Адам ресурстарын басқару 
 
56
 
 
білдірген  басшылар  кіруі  мүмкін.  Ассоциацияның  мүшелері 
жарна  төлеу  арқылы  оны  материалдық  жағынан  қамтамасыз 
етер  еді.  Осыған  орай  Британдық  қызметкерлерді  басқару 
институтының  тəжірибесін  келтіруге  болады.  Жоғарыда  айтыл-
ғандай,  бұл  институт  кадр  мамандары,  АРБ  бойынша  кеңесші-
лер,  менеджерлердің  кəсіптік  ассоциациясы  болып  келеді. 
Институт 80 жылдан артық уақыт бойы қызмет етеді, 38 мыңнан 
артық  мамандардың  басын  қосады.  Институт  тəуелсіз  коммер-
циялық  ұйым  болып  саналады,  ол  үкіметпен  тығыз  байланыс 
құрған.  Баса  айта  кететін  бір  жағдай,  ол  кадрлық  мамандарды 
нақты  бағытта  даярлау  жəне  қайта  даярлауды  тиімді  қоя  білу. 
Оларды қалай даярлау керек туралы əртүрлі пікір айтылуда [27], 
бірақ оның көкейкесті мəселе екеніне ешкім күмəн келтірмейді. 
Германияда  да 1000-нан  астам  фирмалардың  АРБ  қызметі 
мамандарының басын қосқан арнайы ассоциация бар. Қоғамның 
бюджеті  фирмалардың  айналымына  тəуелді  мүшелік  жарна 
төлеуден  қалыптасады.  Қоғам  аппаратында 30 адам,  оның 
ішінде 10 оқытушы жұмыс істейді. Қоғам қызметі келесі бағыт-
тарда дамуда: 
-  тəжірибемен алмасу; 
-  АРБ мəселелері бойынша ақпараттық банкін жүргізу; 
-  «Кадрларды  басқару»  журналын  шығару  жəне  басқа 
арнайы  материалдарды  жариялау.  Қоғам  мүшелері  ақпараттық 
жүйені  пайдаланып  өзекті  АРБ  мəселелерімен  танысады,  əр 
фирмадағы тарифтер мен біліктілік функцияларды салыстыруға 
мүмкіндік  алады,  АРБ  функцияларының  еңбексыйымдылығы, 
жас  мамандардың  жалақысы  туралы  хабардар  болып  тұрады. 
Қоғам жүйелі түрде көптеген еңбек жəне əлеуметтік мəселелері 
бойынша  семинар  өткізеді,  дəстүрлі  сауалнамалар  жүргізіп 
тұрады, оның ішінде АРБ тиімділігіне ерекше көңіл бөлінеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет